"2002 жылғы 7 маусымда Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Өңірлік терроризмге қарсы құрылым туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 6 маусымдағы N 542 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "2002 жылғы 7 маусымда Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Өңірлік терроризмге қарсы құрылым туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

  Жоба

    Қазақстан Республикасының Заңы

2002 жылғы 7 маусымда Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Өңірлік терроризмге қарсы құрылым туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

      2002 жылғы 7 маусымда Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Өңірлік терроризмге қарсы құрылым туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2007 жылғы 16 тамызда Бішкек қаласында қол қойылған хаттама ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

  "2002 жылғы 7 маусымда Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Өңірлік терроризмге қарсы құрылым туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА

      Төмендегілер туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер осы Хаттаманы жасасты:

  1-бап

      Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Өңірлік терроризмге қарсы құрылым туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Келісім 11-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Директорды Кеңестің ұсынымы бойынша ШЫҰ мүше мемлекеттер басшыларының Кеңесі тағайындайды. Директор орынбасарларын аталған лауазымдар бекітіліп берілген Тараптардың ұсынысы бойынша Кеңес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.";
      Келісімнің 21-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
      "ӨТҚҚ-тың ресми және жұмыс тілдері болып орыс және қытай тілдері табылады.".

  2-бап

      Осы Хаттама Келісімнің 26-бабында қарастырылған тәртіппен күшіне енеді.
      Осы Хаттама оған қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады.
      2007 жылғы 16 тамызда Бішкек қаласында орыс және қытай тілдерінде бір түпнұсқалық данада жасалған, екі мәтіннің де күші бірдей.

       Қазақстан Республикасы үшін

      Қытай Халық Республикасы үшін

      Қырғыз Республикасы үшін

      Ресей Федерациясы үшін

      Тәжікстан Республикасы үшін

      Өзбекстан Республикасы үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады