Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы N 143 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 маусымдағы N 595 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 453 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 453 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "2009 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге жәрдемдесетін республикалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы N 143  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақта:
      2009 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге жәрдемдесетін республикалық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
 
  Мыңбай                       - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Дархан Қамзабекұлы             және ақпарат вице-министрі

Омаров                       - Қазақстан Республикасы Ауыл
Тобылбек Есенжолұлы            шаруашылығы министрлігінің
                               жауапты хатшысы

Тәкенов                      - Алматы облысы әкімінің орынбасары
Болат Долдайұлы

Жақсылықов                   - Астана қаласы әкімінің орынбасары
Тимур Мекешұлы

Нұрланбаев                   - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
Ерлан Құмарбекұлы              орынбасары;

      көрсетілген құрамнан Бөрібаев Асқар Ысмайылұлы, Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы, Долженков Виктор Анатольевич, Смағұлов Болат Советұлы, Бергенев Әділғазы Сәдуақасұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады