Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1469 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 51, 689-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы қаулымен бекітілген Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесінде:
16-тармақта "қолданылатын жылы," және ", біреуі үшін төлем ставкасы" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов