Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы N 726 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы N 621 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1034 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1034 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы N 726  қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережесінде:
      6-тармақтың екінші абзацында "; жеке тұрғын үй құрылысы үшін басқа жер учаскесінің болуы (болмауы)" деген сөздер алынып тасталсын;

      8-1-тармақта:
      "және жылжымайтын мүлікті тіркеуді жүзеге асыратын органнан Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-бабының 8-тармағында көзделген анықтамаларды" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-бабының 8-тармағында көзделген мәліметтерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "анықтамалар" деген сөз "мәліметтер" деген сөзбен ауыстырылсын;

      10-тармақта:
      бірінші абзац "есепке алады және" деген сөздерден кейін "комиссия қайтадан қарамай" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Бұл ретте жер учаскесін тегін негізде берген жағдайда азаматтар құқықтарын мемлекет жеке тұрғын үй құрылысы үшін берген жер учаскелерінің болуы немесе болмауы ескеріледі, олар туралы мәліметтерді республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті орган ұсынады.";
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жерді бөліп беру үшін алаңдарды дайындау туралы ақпарат және жер учаскесін алуға арналған кезек тізімдері ашық болып табылады, оларға қол жетімділікті республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімдері тоқсанына кемінде бір рет оларды арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау арқылы қамтамасыз етуге міндетті.".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады