Алаш қозғалысының 90 жылдығын өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы N 624 Қаулысы

      Алаш қозғалысы қайраткерлерінің есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Алаш қозғалысының 90 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдері:

      1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

      2) 2008 жылғы 1 желтоқсанға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне Жоспардың орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 2008 жылғы 20 желтоқсанға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                            2008 жылғы 26 маусымдағы
                                                N 624 қаулысымен
                                                   бекітілген

     Алаш қозғалысының 90 жылдығын дайындау және өткізу
              жөніндегі іс-шаралар жоспары

р/с
N
Іс-шаралар
атауы
Орында-
луына
жауап-
тылар
Орындау
мерзімі
Қаржы-
ландыру
көзі
Болжамды
шығыстар
(млн. теңге)
1 2 3 4 5 6

1.

"Алаш" қозғалысына
арналған тақырыптық
деректі фильм
дайындау

МАМ

2008
жыл,
қараша

Респу-
бликалық
бюджет

025 "Мемле-
кеттік
ақпараттық
саясатты
жүргізу"
бюджеттік
бағдарламасы
бойынша 1,6
млн. теңге

2.

"Алаш" қозғалысының
қайраткерлеріне
арналған облыстық
театрдың қойылымын
жүзеге асыру

Шығыс
Қазақ-
стан
облысы-
ның
әкімі

2008
жыл, IV
тоқсан

Жергілік-
ті бюджет

1,2

3.

"Алаш мұрасы"
атты көркем әдебиеттер сериясын
шығару

МАМ

Жыл бойы

Респу-
бликалық
бюджет

017 "Әдеби-
еттің
әлеуметтік
маңызды
түрлерін
басып
шығару"
бюджеттік
бағдарламасы
бойынша
15,0 млн.
теңге
сомасында

4.

"Алаш" қозғалысының
қайраткерлеріне
арналған тақырыптық
почта маркаларын
(блогтарын) шығаруды
ұйымдастыру

АБА

2008
жыл,
қараша

Талап
етілмейді


5.

Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық
университетінің
базасында "Алаш" қозғалысының 90
жылдығына арналған
ғылыми-теориялық
конференция өткізу

МАМ,
БҒМ

2008
жыл,
қараша

Респу-
бликалық
бюджет

018 "Ішкі
саяси
тұрақтылық
және қоғам-
дық келісім
саласында
мемлекеттік
саясатты
жүргізу"
бюджеттік
бағдарламасы
бойынша
көзделген
мемлекеттік
әлеуметтік
тапсырыс
қаражаты
шеңберінде,
1,9 млн.
теңге
сомасында

6.

"Алаш" қозғалысына
арналған өңірлік
ғылыми-теориялық
конференциялар
өткізу

Шығыс
Қазақс-
тан,
Батыс
Қазақс-
тан
облыста-
рының
әкімдері

2008
жыл,
қазан -
қараша

Жергілік-
ті бюджет

Шығыс
Қазақстан
облысы -
2,5,
 
  Батыс
Қазақстан
облысы - 0,7

7.

Елді мекендерге, көшелерге және оқу
орындарына "Алаш"
қозғалысы
қайраткерлерінің
есімдерін беру
мәселесін ономастикалық
комиссиялардың
отырыстарында басым түрде қарау

МАМ,
облыс-
тардың,
Астана
және Алматы
қалала-
рының
әкімдері

2008
жыл,
маусым -
қараша

Талап
етілмейді


8.

Тарихы "Алаш"
қозғалысы өкілдерінің
өмірі және қызметімен
байланысты қалалар мен елді мекендерде
мемориалдық
тақтайшалар орнату

Батыс
Қазақс-
тан,
Қараған-
ды
облыс-
тарының
әкімдері

2008
жыл, IV
тоқсан

Жергілік-
ті бюджет

Батыс
Қазақстан
облысы - 1,2,
Қарағанды
облысы - 3,0

9.

"Алқа" шығармашылық
ұйымының қызметіне
арналған дөңгелек үстел өткізу

Қазақс-
тан
Жазушы-
лар
одағы

2008
жыл,
қазан

Талап
етілмейді


10.

Атаулы күнге
орайластырылған
поэзия, проза,
әуен және бейнелеу өнері номинациялары
бойынша республикалық
шығармашылық
конкурсына ұйымдастыру және өткізу

Шығыс
Қазақс-
тан
облысы-
ның
әкімі

2008
жыл,
қараша

Жергілік-
ті бюджет

3,8

11.

Республикалық және облыстық мұражайларда
"Алаш" қозғалысына
және қайраткерлеріне
арналған тақырыптық
көрмелер ұйымдастыру
және өткізу,
экспозицияларды
ресімдеу

МАМ,
облыс-
тардың,
Астана
және
Алматы
қалала-
рының
әкімдері

Жыл бойы

Талап
етілмейді


12.

Оқу орындарында
"Алаш" қозғалысына
және қайраткерлеріне
арналған тақырыптық
сынып сағаттары
мен кештерін,
шығармалар конкурстарын өткізу

БҒМ

2008
жыл,
қыркүй-
ек -
қазан

Талап
етілмейді


13.

"Алаш" энциклопедиясын
дайындау жөнінде арнайы жұмыс тобын
құру және оның жұмыс жоспарын бекіту

МАМ,
БҒМ

2008
жыл,
қараша

Талап
етілмейді


14.

"Алаш" қозғалысының
қайраткерлеріне
арналған іс-шараларды
бұқаралық ақпарат
құралдарында жария ету

МАМ

2008
жыл,
мамыр -
желтоқ-
сан

Респу-
бликалық
бюджет

025 "Мемле-
кеттік
ақпараттық
саясатты
жүргізу"
бюджеттік
бағдарламасы
бойынша 3,0
млн. теңге
сомасында

Жиыны:



Респу-
бликалық
бюджет

21,5 млн.
теңге



Жергілік-
ті бюджет

12,4 млн.
теңге

       Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      МАМ - Мәдениет және ақпарат министрлігі
      БҒМ - Білім және ғылым министрлігі
      АБА - Ақпараттандыру және байланыс агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады