Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап
. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер
кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат, N 11, 55-құжат, N 12, 79, 83-құжаттар; N 16, 129-құжат, N 17, 139-құжат; N 18, 143-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 жылғы 4 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 3 маусымда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 26 мамырдағы
Заңы
):
1) 13-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) Осы Кодекстің 122-бабының 2-тармағына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін басқа санаттар жеріне ауыстыру;";
2) 122-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін басқа санаттар жеріне ауыстыруға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде көзделген жағдайларда ғана жол беріледі.".
2. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 16, 96-құжат; 2007 ж., N 1,4-құжат):
1) 7-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) осы Заңның 23-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті органның ұсынысы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін басқа санаттар жеріне ауыстыру;";
2) 8-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін басқа санаттар жеріне ауыстыру жөнінде ұсыныстар енгізу;";
3) 23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде, шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген учаскелерде ғана және оларды ықтимал орналастырудың басқа жолдары болмаған кезде айрықша мемлекеттік стратегиялық маңызы бар мемлекеттік бағдарламаларда көзделген туризм объектілерінің құрылысын салуға арналған жағдайларда ғана жол беріледі.".
2-бап
. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті