"Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 15 шілдедегі N 58 өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі N 709 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 15 шілдедегі N 58 өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 15 шілдедегі N 58 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

      "Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 15 шілдедегі N 58  өкіміне  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 23, 282-құжат; 2002 ж., N 42, 415-құжат; 2003 ж., N 35, 347-құжат; 2004 ж., N 21, 266-құжат; 2005 ж., N 22, 267-құжат; 2007 ж., N 9, 100-құжат; N 24, 268-құжат; 2008 ж., N 4, 43-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Құл-Мұхаммед                  - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы                 және ақпарат министрі, төрағаның
                                орынбасары

Мыңбай                        - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Дархан Қамзабекұлы              және ақпарат вице-министрі, хатшы

Қарин                         - Қазақстан Республикасы Президентінің
Ерлан Тынымбайұлы               Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің
                                меңгерушісі

Школьник                      - Қазақстан Республикасының Индустрия
Владимир Сергеевич              және сауда министрі;

      мына:

"Қасымов                      - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы      бірінші вице-министрі",

"Қуанғанов                    - Қазақстан Республикасы Білім және
Фархад Шаймұратұлы              ғылым вице-министрі",

"Шаймерден                    - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Ербол Шаймерденұлы              ақпарат министрлігі Тарихи-мәдени
                                мұра департаментінің директоры"

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"Қасымов                      - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы      вице-министрі",

"Қуанғанов                    - Қазақстан Республикасы Білім және
Фархад Шаймұратұлы              ғылым министрлігінің жауапты
                                хатшысы",

"Шаймерден                    - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Ербол Шаймерденұлы              ақпарат министрлігі Мәдениет және
                                тілдерді дамыту департаментінің
                                директоры";

      көрсетілген Комиссия құрамынан Е.Ж. Бабақұмаров, А.Д. Досжан, Е.Қ. Ертісбаев, Ғ.І. Оразбақов шығарылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады