Қалқаман суару жүйесін республикалық меншіктен Павлодар облысының коммуналдық меншігіне беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 шілдедегі N 721 Қаулысы

      "Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Павлодар облысы әкімінің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Солтүстік су құрылыс" Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында су шаруашылығы объектілерін салу жөніндегі аймақтық дирекциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қалқаман суару жүйесін республикалық меншіктен Павлодар облысының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Павлодар облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген объектіні қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады