Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы N 110 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 тамыздағы N 747 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы N 110 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 6, 49-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу ережесінде:
      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
      "22-1. Бас бостандығының айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдарға өтемақы төлеу сотталғандардың жазасын өткеру жері бойынша мемлекеттік мекеменің жеке немесе заңды тұлғаның мемлекеттік мекемеге алғашқы талап ету бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін, толық немесе бөліп-бөліп, алдын ала келісілген үстемеақысымен не онсыз, тікелей жеке немесе заңды тұлға қайтаруға не тиісті республикалық немесе жергілікті бюджеттерге берілуге тиіс болу-болмауына қарамастан, оларды номиналды түрінде қайтару шарттарымен беретін ақша бойынша операцияларды есепке алу үшін қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына қаражатты аудару жолымен жүргізіледі (бұдан әрі - жеке және заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ).
      Мемлекеттік мекеменің жеке және заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ-сына қаражат түскен кезде қылмыстық-атқару жүйесінің мемлекеттік мекемесі өтемақы сомасын сотталғандардың жеке шоттарына аударады, бұл ретте өтемақы сомасынан ұстаулар жүргізілмейді.
      Сотталғандардың жеке шоттарына есепке алынған өтемақы сомалары бойынша өтемақы төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым мен қылмыстық-атқару жүйесінің мемлекеттік мекемесі арасында салыстырып тексеру актілері жасалады.".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады