Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.25 № 272 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларды, кейбір кедендік режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбелерін, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдерге орналастырылған тауарлармен жасалатын операцияларды жүргізуге арналған тыйым салулар мен шектеулерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 681 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 29, 284-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген тауарлар экспорты кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесі:
1) мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 18, 19, 20-жолдармен толықтырылсын:
"18 құрамында 1,5 мас. %-дан аспайтын майы бар ұнтақ, түйіршікті немесе басқа да қатты түрдегі сүт және кілегей 0402 10*****;
19 құрамында 1,5 мас. %-дан асатын майы бар ұнтақ, түйіршікті немесе басқа да қатты түрдегі сүт және кілегей 0402 21*****;
20 сүт және кілегей өзгелері 0402 29*****";
2) мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"***** 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде сыртқы сауда қызметін реттеу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдап жатқан шаралар туралы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетінің хатшылығын хабардар етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде ұнтақ, түйіршікті немесе басқа да қатты түрдегі сүттің және кілегейдің (ҚР СЭҚ ТН коды 0402 10, 0402 21, 0402 29) экспортын бақылауды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов