Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 тамыздағы N 752 Қаулысы

      Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың тиімді қызметін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2008 жылғы 15 тамыздағы
N 752 қаулысымен  
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы N 274 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы N 22 қаулысында (Қазақстан Республикасы Үкіметінің ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 1, 10-құжат):

      1) 2-тармақтағы "осы қаулының 5-тармағының 1) тармақшасында бекітілген пайдалы қазбалар түрлері мен қорлары көлемінің тізбесіне сәйкес" деген сөздер "мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 5-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 наурыздағы N 192 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 8, 91-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
      "Құру мақсаты" деген 1-бөлімдегі "Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен пайдалы қазбалар түрлері мен қорлары көлемнің тізбесіне сәйкес" деген сөздер "мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 320 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 мамырдағы N 376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 14, 168-құжат):

      1) 2-тармақтағы "осы қаулының 4-тармағының 1) тармақшасында бекітілген пайдалы қазбалар түрлері мен қорлары көлемінің тізбесіне сәйкес" деген сөздер "мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 4-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.

      4. "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамдары қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумдарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 мамырдағы N 392 қаулысында :

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
      "Құру мақсаты" деген 1-бөлімдегі "Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен пайдалы қазбалар түрлері мен қорлары көлемнің тізбесіне сәйкес" деген сөздер "мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
      "Құру мақсаты" деген 1-бөлімдегі "Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен пайдалы қазбалар түрлері мен қорлары көлемнің тізбесіне сәйкес" деген сөздер "мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) көрсетілген қаулымен бекітілген "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
      "Құру мақсаты" деген 1-бөлімдегі "Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен пайдалы қазбалар түрлері мен қорлары көлемнің тізбесіне сәйкес" деген сөздер "мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылы 17 қыркүйектегі N 407 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 қыркүйектегі N 818 қаулысында :

      1) 2-тармақтағы "осы қаулының 5-тармағының 1) тармақшасында бекітілген пайдалы қазбалардың түрлерінің және қорлары көлемінің тізбесіне сәйкес" деген сөздер "мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 5-тармақтағы 1) тармақшасы алынып тасталсын.

      6. "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамдары қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумдарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы N 970 қаулысында :

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
      "Құру мақсаты" деген 1-бөлімдегі "Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен пайдалы қазбалар түрлері мен қорлары көлемнің тізбесіне сәйкес" деген сөздер "мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
      "Құру мақсаты" деген 1-бөлімдегі "Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен пайдалы қазбалар түрлері мен қорлары көлемнің тізбесіне сәйкес" деген сөздер "мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) көрсетілген қаулымен бекітілген "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
      "Құру мақсаты" деген 1-бөлімдегі "Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен пайдалы қазбалар түрлері мен қорлары көлемнің тізбесіне сәйкес" деген сөздер "мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады