Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1449 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 тамыздағы N 761 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Елдің минералдық-шикізаттық кешені ресурстық базасын дамытудың 2003 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1449 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 50, 496-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Елдің минералдық-шикізаттық кешені ресурстық базасын дамытудың 2003 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасында:
      "Бағдарлама паспорты" деген 1-бөлімнің "Қаржыландыру көлемі мен көздері" деген жолда "2008 ж. - 6520,7 млн. теңге" деген сөздер "2008 ж. - 5827,9 млн. теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі" деген 5-бөлімде:
      "5.6.-1. Мұнай мен өздігінен асып төгілетін ұңғымаларды жою және консервациялау" деген бөлімшеде:
      үшінші абзацта "8", "146" деген сандар тиісінше "4", "73" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері" деген 6-бөлімде:
      2006 - 2009 жылдарға жоспарланатын геологиялық барлау жұмыстарының кестесінде:
      "3. Мұнай мен өздігінен асып төгілетін ұңғымаларды жою және консервациялау" деген бөлімде:
      10-бағандағы "1385,5" деген сандар "692,7" деген сандармен ауыстырылсын;

      1) тармақшада:
      6-бағандағы "146" деген сандар "73" деген сандармен ауыстырылсын;
      10-бағандағы "745,5" деген сандар "372,7" деген сандармен ауыстырылсын;

      2) тармақшада:
      6-бағандағы "8" деген сан "4" деген санмен ауыстырылсын;
      10-бағандағы "640,0" деген сан "320,0" деген санмен ауыстырылсын;
      10-бағанның "Есеп бойынша барлығы" деген жолындағы "6520,7" деген сандар "5827,9" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Елдің минералдық-шикізаттық кешенінің ресурстық базасын дамытудың 2003 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде:
      реттік нөмірі 118-жолдың 6-бағанындағы "2008 ж. - 640000,0" деген сандар "2008 ж. - 320000,0" деген сандармен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 119-жолдың 6-бағанындағы "2008 ж. - 745540,0" деген сандар "2008 ж. - 372770,0" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Жиыны" деген жолдағы "2008 ж. - 1385540,0" деген сандар "2008 ж. - 692770,0" деген сандармен ауыстырылсын;

      "2006 - 2009 жылдар" деген жолдағы "2008 ж. - 6520683,0" деген сандар "2008 ж. - 5827913,0" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады