Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 853 және 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1166 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 853 және 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1166 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 853 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 94-құжат; 2003 ж., N 8, 79-құжат; N 49, 558-құжат; 2005 ж., N 32, 424-құжат; 2007 ж., N 3, 35-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
2-тармақтағы "экспортқа бағдарланған" деген сөздер "бәсекеге қабілетті" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1166 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 33, 322-құжат; 2005 ж., N 30, 383-құжат):
кіріспеде:
"экспортқа бағдарланған" деген сөздер "бәсекеге қабілетті" деген сөздермен ауыстырылсын;
"және импорт алмастырушы" деген сөздер алынып тасталсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
2-тармақтың төртінші абзацында "экспортқа бағдарланған" деген сөздер "бәсекеге қабілетті" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев