Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007-2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007-2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы
1-бап.
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007-2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 25 қарашадағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 19-20, 120-құжат; 2008 ж., N 8-9, 29-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-баптың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2009 жыл
- 843 100 000 мың теңге.".
2-бап. Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті