"Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1039 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне үлескерлер қатысатын аяқталмаған тұрғын үй объектілерін салуға қатысу үшін Алматы қаласының бюджетіне нысаналы даму трансфферттері түрінде аудару үшін 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 10000000000 (он миллиард) теңге бөлінсін.
2. Алматы қаласының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.