"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 қыркүйектегі N 868 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

      жоба 

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап . Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 17, 140-құжат; 2008 жылғы 7 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне есірткінің заңсыз айналымы саласындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2008 жылғы 26 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкрот мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы ):
      1) 48-баптың үшінші бөлігінің бірінші сөйлемінде "ол осы Кодекстің 49-бабының бірінші бөлігінде, 250-бабының төртінші бөлігінде, 259-бабының төртінші бөлігінде, 260-бабының төртінші бөлігінде, 261-бабының төртінші бөлігінде аталған" деген сөздер алып тасталсын;
      2) 49-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Өлім жазасы — ату жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ғана ең ауыр жаза ретінде белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.";
      3) 69-баптың бесінші бөлігінің бірінші сөйлемінде "өлім жазасы" деген сөздерден кейін "немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 96-баптың екінші бөлігінің екінші абзацында "не мүлкін тәркілеу арқылы немесе онсыз өлім жазасына" деген сөздер алып тасталсын;
      5) 233-баптың ескертуінде:
      "Терроризм" деген сөз "1. Терроризм" деген сөздермен ауыстырылсын;
       мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
      "2. Осы Кодекстің 162, 163, 167, 171, 233, 233-1, 233-2, 233-3, 234, 238, 239-баптарында көзделген қылмыстар террористік қылмыстар деп танылады.";
      6) 340-баптың екінші абзацында "не өлім жазасына кесіледі," деген сөздер алып тасталсын;
      7) 367, 368, 369, 373, 374, 375, 380-баптардың үшінші бөліктерінің екінші абзацында "өлім жазасына кесіледі немесе" деген сөздер алып тасталсын;
      8) 383-баптың екінші абзацында "өлім жазасына кесіледі немесе" деген сөздер алып тасталсын.
      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335- құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139-құжат; N 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 21-22, 87-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 12, 72-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 10, 69-құжат; N 13, 99-құжат; 2008 жылғы 7 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне есірткінің заңсыз айналымы саласындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2008 жылғы 15 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәмелетке толмағандардың істері бойынша арнайы ауданаралық соттары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы ; 2008 жылғы 30 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 31 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 30 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы ):
     1) 58-баптың екінші бөлігінде "өлім жазасы" деген сөздерден кейін "немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 73-баптың екінші бөлігінде "өлім жазасы" деген сөздерден кейін "немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 241-баптың 3-1) тармақшасында "түріндегі жаза" деген сөздер "немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 291-баптың екінші бөлігінде "(Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 96-бабы (екінші бөлігі), 156-бабы (екінші бөлігі), 159-бабы (екінші бөлігі), 160-бабы, 162-бабы (төртінші бөлігі), 165, 167, 171, 340-баптары, 367-бабы (үшінші бөлігі), 368-бабы (үшінші бөлігі), 369-бабы (үшінші бөлігі), 373-бабы (үшінші бөлігі), 374-бабы (үшінші бөлігі), 375-бабы (үшінші бөлігі), 380-бабы (үшінші бөлігі), 383-бабы)" деген сөздер алып тасталып, "өлім жазасы" деген сөздерден кейін "немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру" деген сөздермен толықтырылсын.
       2-бап . Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады