Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қ
АУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне фитосанитариялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне фитосанитариялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 2-3, 34-құжат; N 23, 931-құжат; 2002 ж., N 4, 30-құжат; 2003 ж., N 15, 121-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат):
1) 1-баптың 9-1) тармақшасында "анықтауға," деген сөз алып тасталсын;
2) 6-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелер, республикалық, аймақтық және шекаралық карантиндік зертханалар, жерсіндіру-карантиндік көшеттіктер, республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы;";
3) 7-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"7-1-бап. Мемлекеттік мекемелер мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі құзыреті
1. Өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелер:
1) республикалық, аймақтық және шекаралық карантиндік зертханалар зертханалық сараптамаға келіп түсетін үлгілердегі карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлердің түрлік құрамын айқындайды;
2) жерсіндіру-карантиндік көшеттіктер тексеруге келіп түсетін импорттық, себу материалдары мен отырғызылатын материалдардағы жасырын залалдануды анықтайды;
3) республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы карантинді объектілердің ошақтарын анықтайды және олардың таралу шекараларын айқындайды.
2. Өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорындар:
1) карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жоюды жүргізеді;
2) карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыруды, соның ішінде фумигациялауды жүргізеді.
Бұл ретте осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында және 2-тармағының 1) тармақшасында тізіп көрсетілген қызмет түрлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік монополия туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік монополияның аясына жатады.";
4) 13-1-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде "шарт жасасу негізінде өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген сөздер "республикалық фитосанитариялық, диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 13-14, 140-құжат; 2004 ж., N 17, 98-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат):
1) 6-баптың 1-тармағында:
3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3-1) қызметтің мынадай түрлерін лицензиялау ережелерін әзірлеу:
пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) жөніндегі;
пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу жөніндегі;
пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі;";
5) тармақшада "Қазақстан Республикасының" деген сөздердің алдынан "пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу және" деген сездермен толықтырылсын;
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"24) "мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;";
24), 25) тармақшаларда "24)", "25)", деген сандар тиісінше "25)", "26)" деген сандармен ауыстырылсын;
2) 9-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) жөніндегі пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу жөніндегі;
пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау кіреді.";
3) мынадай мазмұндағы 14-6-баппен толықтырылсын:
"14-6-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу
Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы уәкілетті органдарымен келісім бойынша уәкілетті орган белгіленген тәртіппен тіркеу және өндірістік сынақтар қорытындылары бойынша жүргізіледі.
Мемлекеттік тіркеуден өткен пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдануға рұқсат етіледі және уәкілетті орган пестицидтер (улы химикаттар) тізіміне енгізеді.
Тіркеу, өндірістік сынақтар және ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін тәжірибелік үлгілерді қоспағанда, мемлекеттік тіркеуден өтпеген пестицидтерді (улы химикаттарды), сондай-ақ тіркелмеген пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру үшін бастапқы компоненттерді өндіруге (формуляциялауға), енгізуге, сақтауға, тасымалдауға, сатуға және қолдануға тыйым салынады. Тіркеу, өндірістік сынақтар және ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін пестицидтердің (улы химикаттардың) көлемін уәкілетті орган айқындайды.".
3. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 2, 10-құжат; N 20, 152-құжат):
1) 14-бап мынадай редакцияда баяндалсын:
"14-бап. Улы заттар айналымы саласындағы қызметті лицензиялау
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
1) уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою;
2) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляция);
3) пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу;
4) пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану;
5) тіркеу, өндірістік сынақтар мен ғылыми зерттеулерге арналған тәжірибелік үлгілерді қоспағанда, пестицидтерді (улы химикаттарды) және оларды өндіруге арналған бастапқы құрамдас заттарды әкелу.".
2-бап. Осы Заң алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қ
аза
қ
стан Республикасыны
ң
Президенті