Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 қазандағы N 912 Қаулысы

      2006 жылғы 12 қаңтардағы Еуразия даму банкін құру туралы келісіммен бекітілген Еуразия даму банкінің Жарғысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еуразия даму банкіне (бұдан әрі - банк) қатысушының өкілетті өкілі Болат Бидахметұлы Жәмішевке мынадай:
      1) банктің жарғылық капиталына олардың жарнасының шамасына қосымша акцияларды эмиссиялау жолымен банктің жарғылық капиталын арттыра отырып, банктің құрамына Тәжікстан Республикасын, Беларусь Республикасын, Қырғыз Республикасын және Армения Республикасын қабылдау және қабылдау шарттарын анықтау туралы;
      2) банктің көрсетілген жаңа қатысушыларының арасында банктің жарғылық капиталына олардың жарнасының шамасына қосымша акцияларды эмиссиялау және бөлу жолымен банктің құрамына Тәжікстан Республикасын, Беларусь Республикасын, Қырғыз Республикасын және Армения Республикасын қабылдауға байланысты банктің жарғылық капиталын арттыру туралы;
      3) банктің Душанбе (Тәжікстан Республикасы), Минск (Беларусь Республикасы), Бішкек (Қырғыз Республикасы) және Ереван қалаларында (Армения Республикасы) өкілдіктерін ашу туралы;
      4) Тәжікстан Республикасының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының және Армения Республикасының Банкті құру туралы келісімге қосылу нәтижелері бойынша банктің жарғылық капиталының мөлшері және олардың қосымша жазылу бойынша сатып алатын акцияларына ақы төлеу бөлігінде банктің Жарғысына өзгерістер енгізу туралы мәселелер жөнінде банк Кеңесінің шешім қабылдауы бойынша дауыс беруге өкілеттік берілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады