Мемлекеттер арасында екі жақты байланыстарды тереңдету және Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің арасында экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту үшін құқықтық негіз жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияның және оған Хаттаманың жобалары мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Ахметұлы Мусиновке Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға және оған Хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 7 қазандағы
N 923 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі, Табысқа салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция жасасу жолымен экономикалық қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға ниет білдіруді басшылыққа ала отырып,
мыналар туралы уағдаласты:
1-бап
Конвенция қолданылатын тұлғалар
Осы Конвенция Уағдаласушы мемлекеттердің бірінің немесе екеуінің де резиденттері болып табылатын тұлғаларға қолданылады.
2-бап
Конвенция қолданылатын салықтар
1. Осы Конвенция Уағдаласушы мемлекеттің немесе оның саяси немесе әкімшілік бөлімшелерінің немесе жергілікті билік органдарының немесе жергілікті өзін-өзі басқарушылар атынан алынатын табысқа салынатын салықтарға оларды алу әдісіне қарамастан қолданылады.
2. Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті иеліктен шығарудан алынған табыстарға салынатын салықтарды, кәсіпорындар төлейтін еңбекақы мен сыйақының жалпы сомасынан алынатын салықтарды, сондай-ақ капитал құнының өсуіне салынатын салықтарды қоса алғанда, табыстың жалпы сомасынан немесе табыстың жеке бөліктерінен алынатын салықтардың барлық түрі табысқа салынатын салықтар деп есептеледі.
3. Осы Конвенция қолданылатын, алынып жүрген салықтар, атап айтқанда, мыналар болып табылады:
а) Қазақстан Республикасының жағдайында:
(і) корпорациялық табыс салығы;
(іі) жеке табыс салығы (бұдан әрі "Қазақстан салығы" деп аталады);
b) Біріккен Араб Әмірліктері жағдайында:
(і) табыс салығы; және
(іі) корпорациялық салық (бұдан әрі "БАӘ салығы" деп аталады).
4. Осы Конвенция кез келген салықтарға да, осы Конвенция күшіне енген күннен кейін 3-тармақта көрсетілген қолданыстағы салықтарға қосымша немесе олардың орнына Уағдаласушы мемлекеттердің кез келгені алатын бірдей немесе мәні бойынша ұқсас салықтарға да қолданылады. Уағдаласушы мемлекеттердің құзыретті органдары өздерінің салық салуға қатысты заңнамаларында болатын кез келген елеулі өзгерістер туралы бір-бірін хабардар етіп отырады.
3-бап
Жалпы анықтамалар
1. Егер түпнұсқа мәтіннен өзгеше туындамаса, осы Конвенцияның мақсаттары үшін:
а) "Уағдаласушы мемлекет" және "екінші Уағдаласушы мемлекет" терминдері түпнұсқа мәтініне қарай Қазақстан Республикасын немесе Біріккен Араб Әмірліктерін білдіреді;
b) "Қазақстан" термині Қазақстан Республикасын білдіреді. Географиялық мағынада қолданған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік аумағын және Қазақстан Республикасы өзінің ұлттық заңнамасына және өзі қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес өзінің егемендік құқықтары мен юрисдикциясын жүзеге асыратын аймақты қамтиды;
с) "Біріккен Араб Әмірліктері" термині Біріккен Араб Әмірліктерін білдіреді және географиялық мағынада қолданған кезде өзінің егемендігіне жататын аумақтың кеңістігін, сондай-ақ халықаралық құқыққа және Біріккен Араб Әмірліктерінің ұлттық заңнамасына сәйкес Біріккен Араб Әмірліктері өз қызметін жүзеге асыратын аумақтық суларды, әуе және су асты кеңістігін, табиғи ресурстарды өндіруге немесе пайдалануға байланысты жүзеге асырылатын кез келген қызметке қатысты өзінің юрисдикциясына сәйкес құрлық пен аралдарды қоса алғанда, егемендік құқықтарды білдіреді;
d) "тұлға" термині жеке тұлғаны, компанияны және тұлғалардың кез келген басқа да бірлестігін қамтиды;
е) "компания" термині салық салу мақсаттары үшін корпорациялық құрылым ретінде қарастырылатын кез келген корпорациялық құрылымды немесе кез келген экономикалық бірлікті білдіреді;
f) "Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорны" және "екінші Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорны" терминдері тиісінше Уағдаласушы мемлекеттің резиденті басқаратын кәсіпорынды және екінші Уағдаласушы мемлекеттің резиденті басқаратын кәсіпорынды білдіреді;
g) "ұлттық тұлға" термині мыналарды:
кез келген Уағдаласушы мемлекеттердің жағдайында Уағдаласушы мемлекеттің азаматтығы бар кез келген жеке тұлғаны және барлық заңды тұлғаларды, серіктестіктерді, қауымдастықтарды немесе қолданыстағы ұлттық заңнаманың негізінде өз мәртебесін алған кез келген басқа да экономикалық бірлікті білдіреді;
h) "халықаралық тасымал" термині теңіз немесе әуе кемесі екінші Уағдаласушы мемлекеттің пункттері арасында ғана пайдаланылатын жағдайлардан басқа, Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорны пайдаланатын теңіз немесе әуе кемесімен жасалатын кез келген тасымалды білдіреді;
(і) "құзыретті орган" термині мыналарды:
(і) Қазақстан жағдайында - Қаржы министрлігін немесе оның уәкілетті өкілін; және
(іі) БАӘ жағдайында - Қаржы және индустрия министрлігін немесе оның уәкілетті өкілін білдіреді.
2. Осы Конвенцияны Уағдаласушы мемлекеттердің кез келгені қолданған кезде, онда айқындалмаған кез келген термин осы Конвенция қолданылатын салықтарға қатысты осы Уағдаласушы мемлекеттің ұлттық заңнамасы бойынша осы кезде қандай мағынаға ие болса, сондай мағынаны иеленеді.
4-бап
Резидент
1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін "Уағдаласушы мемлекеттің резиденті" термині мыналарды:
(а) Қазақстан Республикасы жағдайында:
"Қазақстан Республикасының резиденті" термині Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасы бойынша оның тұратын жері, азаматтығы, резиденттігі, басқару орны, құрылған орны немесе осындай сипаттағы кез келген басқа да өлшем негізінде онда салық салынуға жататын кез келген тұлғаны білдіреді. Термин Қазақстан Республикасын және кез келген саяси бөлімшені немесе жергілікті билік органдарын да қамтиды.
Алайда, бұл термин тек осы мемлекеттегі көздерден алынатын табысқа немесе ондағы капиталға қатысты осы мемлекетте салық салынуға жататын кез келген тұлғаны қамтымайды.
b) Біріккен Араб Әмірліктері жағдайында:
(і) БАӘ ұлттық тұлғасын, БАӘ ұлттық заңнамасы бойынша резидент деп қарастырылатын кез келген жеке тұлғаны немесе кез келген компанияны және БАӘ-де әрекет ететін немесе құрылған кез келген басқа заңды тұлғаны;
(іі) Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметін немесе кез келген саяси бөлімшені немесе жергілікті өзін-өзі басқарушыларды;
(ііі) жария құқыққа сәйкес құрылған Орталық Банк, қорлар, корпорациялар, билік органдары, мекемелер, серіктестіктер, агенттіктер немесе Біріккен Араб Әмірліктерінде құрылған кез келген осыған ұқсас құрылымдар сияқты кез келген үкіметтік институттарды білдіреді.
2. Егер осы баптың 1-тармақтың ережелеріне сәйкес жеке тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердің екеуінің де резиденті болып табылса, оның мәртебесі мынадай тұрғыда айқындалады:
а) ол өзінің билік етуіндегі тұрақты баспанасы орналасқан Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып есептеледі; егер оның билік етуінде Уағдаласушы мемлекеттердің екеуінде де тұрақты баспанасы болса, ол мейлінше тығыз жеке және экономикалық қатынасы (өмірлік мүдделер орталығы) бар Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып есептеледі;
b) егер оның өмірлік мүдделер орталығы бар Уағдаласушы мемлекетті айқындау мүмкін болмаса немесе оның Уағдаласушы мемлекеттердің бірде біреуінде өзінің билік етуіндегі тұрақты баспанасы болмаса, ол өзі әдетте тұрып жатқан Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып есептеледі;
с) егер ол әдетте Уағдаласушы мемлекеттердің екеуінде де тұратын болса немесе олардың бірде біреуінде тұрмаса, ол өзі азаматы болып отырған Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып есептеледі;
d) егер оның мәртебесі осы баптың 2-тармағы а)-дан с)-ға дейінгі тармақшаларының ережелеріне сәйкес айқындалмайтын болса, онда Уағдаласушы мемлекеттердің құзыретті органдары аталған мәселені өзара келісім бойынша шешеді.
3. Егер 1-тармақтың ережелеріне сәйкес жеке адамнан өзге тұлға Уағдаласушы мемлекеттердің екеуінің де резиденті болса, онда ол тиімді басқару орны орналасқан Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып есептеледі.
5-бап
Тұрақты мекеме
1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін "тұрақты мекеме" термині кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметі толық немесе ішінара жүзеге асырылатын тұрақты қызмет орнын білдіреді.
2. Атап айтқанда, "тұрақты мекеме" термині мыналарды:
а) басқару орнын;
b) бөлімшені;
с) кеңсені;
d) фабриканы;
е) шеберхананы;
f) шахтаны, мұнай немесе газ ұңғымасын, карьерді немесе табиғи ресурстарды өндіретін немесе барлайтын басқа да кез келген кен орнын немесе осыған байланысты бақылау қызметтерін қамтиды.
3. "Тұрақты мекеме" термині сонымен қатар:
а) егер осындай алаң немесе объект 9 айдан астам уақыт бойы тұрса, құрылыс алаңын немесе құрылыс, монтаждау немесе жинау объектісін немесе, осы жұмыстардың орындалуын бақылауға байланысты қызметтерді;
b) және егер тек мұндай пайдалану 6 айдан астам уақыт бойы созылса немесе мұндай қызметтер 6 айдан астам уақыт бойы көрсетілсе, табиғи ресурстарды барлау үшін пайдаланылатын қондырғыны немесе құрылысты немесе осыған байланысты бақылау қызметтерін немесе бұрғылау қондырғысын немесе табиғи ресурстарды барлау үшін пайдаланылатын кемені қамтиды.
4. Осы баптың 1-тармағынан бастап 3-тармақшасын қоса алғандағы ережелерге қарамастан "тұрақты мекеме" термині мыналарды:
а) құрылыстарды тек кәсіпорынға тиесілі тауарларды немесе бұйымдарды сақтау, көрсету немесе жеткізіп тұру мақсаттары үшін пайдалануды;
b) кәсіпорынға тиесілі тауарлар немесе бұйымдар қорын тек сақтау, көрсету немесе жеткізіп тұру мақсаттары үшін ұстауды;
с) кәсіпорынға тиесілі тауарлар немесе бұйымдар қорын тек басқа кәсіпорынның өңдеу мақсаттар үшін ұстауды;
d) тұрақты қызмет орнын тек тауарлар немесе бұйымдар сатып алу мақсаттары үшін немесе кәсіпорынға арнап ақпарат жинау үшін ұстауды;
е) тұрақты қызмет орнын тек кәсіпорын үшін дайындық немесе көмекші сипаттағы кез келген басқа қызметті жүзеге асыру мақсаттары үшін ұстауды;
f) осындай амал нәтижесінде туындайтын тұрақты қызмет орнының жиынтық қызметі дайындық немесе көмекші сипатта болған жағдайда тұрақты қызмет орнын осы баптың 4-тармағы а) тармақшасынан бастап е) тармақшасына дейін көрсетілген қызмет түрлерінің кез келген амалын жүзеге асыру үшін ұстауды қамтушы ретінде қарастырмайды.
5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелеріне қарамастан, егер оған осы баптың 6-тармағы қолданылатын тәуелсіз мәртебесі бар агенттен өзге тұлға Уағдаласушы мемлекетте екінші Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорны атынан әрекет етсе, егер:
(а) мұндай тұлға осындай кәсіпорын үшін немесе оның атынан келіссөздер жүргізу мен келісім-шарттар жасасуға өкілеттігі болса және үнемі жүзеге асырса, немесе
b) мұндай тұлғаның осы баптың 4-тармағында айтылған қызмет түрлерімен шектелген, егер тұрақты қызмет орны арқылы жүзеге асырылғанның өзінде осы тұрақты қызмет орнын осы тармақтың ережелеріне сәйкес тұрақты мекемеге айналдырмайтын қызметін қоспағанда, мұндай тұлға осы (бірінші аталған) Уағдаласушы мемлекетте кәсіпорын үшін немесе оның атынан тауарларды немесе бұйымдарды үнемі сататын кәсіпорынға тиесілі тауарлардың немесе бұйымдардың қорын ұстаса, ол бірінші аталған Уағдаласушы мемлекетте тұрақты мекемесі бар деп саналады.
6. Кәсіпорын кәсіпкерлік қызметін осы Уағдаласушы мемлекетте делдал, комиссионер немесе тәуелсіз мәртебесі бар кез келген басқа агент арқылы жүзеге асырғаны үшін ғана, егер осындай тұлғалар өздерінің әдеттегі қызметі шеңберінде әрекет жасаған жағдайда, Уағдаласушы мемлекетте тұрақты мекемесі бар кәсіпорын ретінде қарастырылмайды.
7. Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылатын немесе осы екінші Уағдаласушы мемлекетте кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын (не тұрақты мекеме арқылы не басқадай жолмен) компанияның екінші Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылатын компанияны бақылауы немесе оның бақылауында болуы фактісінің өзі-ақ осы компаниялардың бірін екіншісінің тұрақты мекемесіне айналдырмайды.
6-бап
Жылжымайтын мүліктен алынатын табыс
1. Уағдаласушы мемлекеттің резиденті екінші Уағдаласушы мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүліктен алған табысына (ауыл немесе орман шаруашылығынан алынатын табысты қоса алғанда) осы екінші Уағдаласушы мемлекетте салық салынуы мүмкін.
Алайда, егер жылжымайтын мүліктен алынатын табыстың іс жүзіндегі иесі Мемлекеттің өзі немесе жергілікті билік органдары, саяси бөлімшелер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары немесе Уағдаласушы мемлекетке тиесілі жергілікті қаржы институттары болып табылса, осылайша алынатын салық 50%-ке азайтылуға тиіс.
2. "Жылжымайтын мүлік" термині қаралып отырған мүлік орналасқан Уағдаласушы мемлекеттің ұлттық заңнамасы бойынша қандай мағынаға ие болса, сондай мағынаға ие болады. Термин кез келген жағдайда жылжымайтын мүлікке қатысты қосалқы мүлікті, ауыл және орман шаруашылығында пайдаланылатын мал мен жабдықты, жер меншігіне қатысты жалпы құқық ережелері қолданылатын құқықтарды, жылжымайтын мүлік узуфруктын және минералдық ресурстарды, көздерді және басқа да табиғи ресурстарды игеру үшін өтемақы ретіндегі өзгермелі немесе тіркелген төлемдерге құқықтарды қамтиды. Теңіз және әуе кемелері жылжымайтын мүлік ретінде қарастырылмайды.
3. Осы баптың 1-тармағының ережелері жылжымайтын мүлікті тікелей пайдаланудан, жалға беруден немесе кез келген басқа нысанда пайдаланудан алынған табысқа қолданылады.
4. Осы баптың 1 және 3-тармақтарының ережелері кәсіпорынның жылжымайтын мүлкінен алынатын табысқа да қолданылады.
5. Егер табыстың іс жүзіндегі иесі мемлекеттің өзі немесе жергілікті билік органдары, саяси бөлімшелер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары немесе оның қаржы институттары болып табылса, 3-тармақтың ережелері қолданылмайды.
7-бап
Кәсіпкерлік қызметтен алынатын пайда
1. Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорны, егер екінші Уағдаласушы мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмаса немесе жүзеге асырмаған болса, кәсіпорынның пайдасына тек осы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер кәсіпорын кәсіпкерлік қызметті жоғарыда айтылғанындай жүзеге асырса, онда кәсіпорынның пайдасына, бірақ:
а) осындай тұрақты мекемеге;
b) осы екінші мемлекетте осындай тұрақты мекеме арқылы сатылатын тауарларға немесе бұйымдарға сәйкес келетін немесе ұқсас тауарларды немесе бұйымдарды сатуға;
с) немесе сипатына қарай осындай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметке сәйкес келетін немесе ұқсас осы екінші мемлекетте жүзеге асырылатын басқа кәсіпкерлік қызметке қатысты бөлігіне ғана екінші Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
2. Осы баптың 3-тармағының ережелерін ескере отырып, егер Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорны екінші Уағдаласушы мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса немесе жүзеге асырған болса, онда әрбір Уағдаласушы мемлекетте осы тұрақты мекемеге, егер ол осындай немесе ұқсас жағдайларда дәл осындай немесе ұқсас қызметпен айналысатын оқшауланған және жеке кәсіпорын болып, өзі тұрақты мекемесі болып табылатын кәсіпорыннан толық тәуелсіз әрекет жасағанда, оның алуы мүмкін пайда жатқызылады.
3. Тұрақты мекеменің пайдасын анықтау кезінде шығыстар тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы мемлекетте немесе басқа жерде жұмсалғанына қарамастан, басқару және жалпы әкімшілік шығыстарды қоса алғанда, тұрақты мекеменің мақсаттары үшін жұмсалған шығыстарды шегеруге жол беріледі.
Патенттерді немесе басқа да құқықтарды пайдаланғаны үшін қайтаруға роялтиді, қаламақыларды немесе басқа да ұқсас төлемдерді төлеу жолымен немесе ұсынылған нақты қызметтер үшін комиссиялық ақыны немесе менеджмент үшін төлеу жолымен немесе тұрақты мекемеге несиеге берген сома үшін проценттерді төлеу жолымен тұрақты мекеменің бас кеңсесіне немесе резиденттің басқа да кез келген кеңселеріне төленген сомаларды шегеруге жол берілмейді.
4. Уағдаласушы мемлекетте тұрақты мекемеге қатысты пайданы кәсіпорын пайдасының жалпы сомасын оның әр түрлі белімшелеріне үлесті бөлу негізінде айқындау кәдуілгі дағдыға айналуына қарай, осы баптың 2-тармағындағы ешнәрсе Уағдаласушы мемлекетке салық салынатын пайданы әдетте қабылданғанындай, осылай бөлу арқылы айқындауға бөгет бола алмайды, алайда таңдап алынған үлесті бөлу әдісі осы Бапта айтылған принциптерге сәйкес келетін нәтижелер беруге тиіс.
5. Тұрақты мекеменің кәсіпорын үшін тауарлар немесе бұйымдар сатып алуы салдарынан осы тұрақты мекемеге қандай да болмасын пайда есептелмеуге тиіс.
6. Алдыңғы тармақтардың мақсаттары үшін тұрақты мекемеге жататын пайда, егер мұндай тәртіпті өзгерту үшін жеткілікті және дәлелді себептері болмаса, жылма-жыл біркелкі тәсілмен анықталады.
7. Егер пайда осы Конвенцияның басқа баптарында жеке айтылған табыстардың түрлерін қамтыса, онда бұл баптардың ережелеріне осы баптың ережелері қолданылмайды.
8-бап
Әуе және теңіз көлігі
1. Уағдаласушы мемлекеттің резиденті теңіз немесе әуе кемелерін халықаралық тасымалдауда пайдаланудан алған пайдаға тек осы Уағдаласушы мемлекетте ғана салық салынады.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелері Уағдаласушы мемлекеттің резиденті пулға, бірлескен кәсіпорынға немесе халықаралық көлік агенттігіне қатысудан алынатын пайдаға да қолданылады.
3. Осы баптағы "пайда" термині мыналарды:
а) басқа кәсіпорындардың атынан жолаушылар билеттерін сатуды;
b) әуежайдан қалаға дейін тасымалдауға байланысты автобустық қызмет көрсету бойынша операцияларды;
с) жарнамалауды және коммерциялық насихатты;
d) депоны немесе әуежайды байланыстыратын жүк көлігімен тауарларды тасымалдауды қамтиды.
9-бап
Қауымдасқан кәсіпорындар
1. Егер:
а) Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорны екінші Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорнын басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тікелей немесе жанама түрде қатысса;
b) немесе екі бір тұлға Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорнын және екінші Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорнын басқаруға, бақылауға немесе капиталына тікелей немесе жанама түрде қатысса;
және кез келген жағдайда екі кәсіпорынның арасында олардың өзара коммерциялық немесе қаржы қатынастарында тәуелсіз екі кәсіпорынның арасында орын алуы мүмкін жағдайлардан өзгеше жағдайлар жасалса немесе орнықса, онда кәсіпорындардың біріне есептелуі мүмкін, бірақ осы жағдайлардың орын алуына байланысты оған есептелмеген кез келген пайда осы кәсіпорынның пайдасына қосылуы және оған тиісінше салық салынуы мүмкін.
2. Егер Уағдаласушы мемлекет екінші Уағдаласушы мемлекет кәсіпорнының осы екінші Уағдаласушы мемлекетте салық салынатын пайдасын осы Уағдаласушы мемлекет кәсіпорнының пайдасына қосса әрі тиісінше салық салса және алғашқы аталған мемлекеттің кәсіпорнына есептелетіндей пайда болып табылса, егер екі кәсіпорынның арасындағы өзара қатынастар тәуелсіз кәсіпорындардың арасында болатын қатынастардай болса, онда осы екінші Уағдаласушы мемлекет осы пайдадан алынатын салық сомасына тиісті түзету жасайды. Осындай түзетуді айқындау кезінде осы Конвенцияның басқа да ережелері ескерілуі тиіс және Уағдаласушы мемлекеттердің құзыретті органдары қажет болған ретте бір-біріне кеңес беріп отыруға тиіс.
10-бап
Дивидендтер
1. Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылатын компанияның екінші Уағдаласушы мемлекеттің резидентіне төлейтін дивидендтеріне осы екінші Уағдаласушы мемлекетте салық салынуы мүмкін.
2. Алайда осындай дивидендтерге сонымен қатар дивидендтер төлейтін компания резиденті болып табылатын Уағдаласушы мемлекетте де осы мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес салық салынуы мүмкін, бірақ, егер дивидендтердің іс жүзіндегі иесі дивидендтерді төлейтін компанияның капиталының ең болмағанда 10 процентіне иелік ететін компания (әріптестікке қарағанда өзгеше) болып табылса, онда осындай жолмен алынатын салық дивидендтердің жалпы сомасының 5 процентінен аспауға тиіс.
Бүл тармақтың ережелері дивидендтер төленетін пайдаға қатысты компанияға салық салуды қозғамайды.
3. 1 және 2-тармақтардағы ережелерге қарамастан Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылатын компания төлеген дивидендтерге, егер дивидендтердің іс жүзіндегі иесі:
а) Қазақстан жағдайында:
(і) Қазақстан Республикасы Үкіметі, саяси бөлімшесі немесе биліктің жергілікті органдары;
(іі) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
(ііі) "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ; және
(іv) кейде Уағдаласушы мемлекеттер арасында келісілуі мүмкін болған кез келген осындай басқа да үкіметтік қаржы институттары.
(b) БАӘ жағдайында:
(і) БАӘ Үкіметі, саяси бөлімшесі немесе биліктің жергілікті органдары, жергілікті үкіметтің қаржы институттары;
(іі) БАӘ Орталық Банкі;
(ііі) Абу Даби инвестициялық органы;
(іv) Абу Даби инвестициялық консульдығы;
(v) Абу Даби экономикалық даму қоры;
(vі) Mobadala;
(vіі) Dubai Holding;
(vііі) Dubai World;
(іх) Абу Даби Халықаралық мұнай компаниясы;
(х) Кей-кейде Уағдаласушы мемлекеттер арасында болып түратын кез келген басқа үкіметтік қаржы институттары.
4. "Дивидендтер" термині осы бапта пайдаланылған кезде акциялардан, тау өнеркәсібі кәсіпорындарының акцияларынан, құрылтайшылардың акцияларынан алынатын табысты немесе борыш талаптары болып табылмайтын басқа да құқықтардан, бірақ пайдаға қатысудан алынатын табысқа құқық беретін, сондай-ақ пайданы бөлуші компания резиденті болып табылатын Уағдаласушы мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес акциялардан алынатын табыс секілді дәл сондай салықтық реттеуге жататын, басқа да корпоративтік құқықтардың табысын білдіреді.
5. Егер Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылатын дивиденттің іс жүзіндегі иесі дивиденттерді төлейтін компания резиденті болып отырған екінші Уағдаласушы мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса немесе осы екінші мемлекетте сонда орналасқан тұрақты базадан және холдингпен бірге жеке тәуелсіз қызметтер көрсетсе және өзіне қатысты дивидендтер төленетін холдинг шын мәнінде осындай тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, онда осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері қолданылмайды. Мұндай жағдайда мән-жайларға қарай 7-баптың немесе 14-баптың ережелері қолданылады.
6. Егер Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылатын компания екінші Уағдаласушы мемлекеттен пайда немесе табыс алып тұрған болса, осы екінші мемлекет мұндай дивидендтер осы екінші мемлекеттің резидентіне төленетін немесе өзіне қатысты дивидендтер төленетін холдинг шын мәнінде осы екінші Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болатын жағдайды қоспағанда, осы компания төлейтін дивидендтерге кез келген салықты сала алмайды және компанияның бөлінбеген пайдасынан егер тіпті төленетін дивидендтер немесе бөлінбеген пайда осы екінші Уағдаласушы мемлекетте пайда болатын табыстан толығымен немесе ішінара құрылса да бөлінбеген пайдаға салық салынбайды.
7. Осы Конвенцияда ештеңе Уағдаласушы мемлекетке компанияның осы мемлекеттегі тұрақты мекемесіне қатысты пайдасына, осы мемлекеттің ұлттық тұлғасы болып табылатын компанияның пайдасына есептелетін салыққа қосымша салық салуға осылайша есептелген кез келген қосымша салық, алдыңғы жылдарда осындай салыққа ұшырамаған осындай пайданың сомасының 5 пайызынан аспайтын шартпен, салық салуына кедергі ретінде түсіндірілуі мүмкін емес. Осы тармақтың мақсаттары үшін пайда, оның есебінен, осы тармақта еске салынған, тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы мемлекетте алынатын қосымша салықтан өзге, барлық салықтарды алып тастағаннан кейін анықталады.
11-бап
Проценттер
1. Уағдаласушы мемлекетте пайда болатын және екінші Уағдаласушы мемлекеттің резидентіне төленетін проценттерге осы екінші Уағдаласушы мемлекетте салық салынуы мүмкін.
2. Алайда мұндай проценттерге, сондай-ақ олар пайда болатын Уағдаласушы мемлекетте және осы мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес салық салынуы мүмкін, бірақ, егер алушы проценттердің нақты иесі болып табылса, онда осылайша алынған салық проценттердің жалпы сомасының 10 процентінен аспауға тиіс. Уағдаласушы мемлекеттердің құзырлы органдары өзара келісім бойынша осы шектеудің қолданылу тәсілін белгілейді.
3. "Проценттер" термині осы бапта пайдаланылған кезде кепілмен қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген және борышқорлардың пайдасына қатысуға қүқық беретін немесе бермейтін борыштық талаптардың кез келген түрінен алынған табысты және атап айтқанда, үкіметтік/мемлекеттік бағалы қағаздардан алынатын табысты және осы бағалы қағаздар, облигациялар немесе борыштық міндеттемелер бойынша сыйлықтар мен ұтыстарды қоса алғанда, облигациялардан немесе борыштық міндеттемелерден алынатын табысты білдіреді. Уақытылы төленбеген төлемдерге салынатын айыппұлдар осы баптың мақсаттары үшін проценттер ретінде қарастырылмайды.
4. Егер проценттердің нақты иесі Уағдаласушы мемлекеттің резиденті бола отырып, проценттер пайда болатын екінші Уағдаласушы мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса немесе осы екінші мемлекетте сонда орналасқан тұрақты базамен тәуелсіз жеке қызметтер көрсетсе және оған қатысты проценттер төленетін борыштық талап шын мәнінде осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болса 1 және 2-тармақтардың ережелері қолданылмайды. Мұндай жағдайда мән-жайларға қарай 7-баптың немесе 14-баптың ережелері қолданылады.
5. Егер бұл мемлекеттің Үкіметі, оның саяси бөлімшелері, жергілікті билік органдары немесе осы мемлекеттің резиденті төлеуші болып табылса, проценттер Уағдаласушы мемлекетте пайда болады деп саналады. Егер, алайда, проценттер төлеуші тұлға Уағдаласушы мемлекеттің резиденті ме, жоқ па осыған қарамастан, Уағдаласушы мемлекетте оларға байланысты олар бойынша проценттер төленетін берешек пайда болған тұрақты мекемесі немесе тұрақты базасы болса және осындай проценттерді осындай тұрақты мекеме немесе тұрақты база төлейтін болса, онда мұндай проценттер осындай тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан мемлекетте пайда болады деп саналады.
6. Егер проценттер төлеуші мен оның нақты иесі арасында немесе сол екеуі мен қандай да болсын басқа бір тұлғаның арасындағы арнайы қатынастардың себебінен оның негізінде төленетін борыштық талапқа қатысты проценттердің сомасы пайыздар төлеуші мен олардың нақты иесі арасында осындай қатынастар болмаған кезде келісіле алатындай сомадан асып кетсе, осы баптың ережелері тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда төлемнің басы артық бөлігі осы Конвенцияның басқа ережелерін ескере отырып, әрбір Уағдаласушы мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес салық салынуға жатады.
7. Егер өзіне қатысты пайыздар төленетін борыш талаптарының жасалуына немесе берілуіне байланысты кез келген тұлғаның негізгі мақсаты немесе негізгі мақсаттарының бірі осы борыш талаптарын жасау немесе беру арқылы осы баптан пайда табу болса, осы баптың ережелері қолданылмайды.
8. Осы баптың 2-тармағындағы талаптарға қарамастан, Уағдаласушы мемлекетте пайда болатын проценттер, егер олар алынған және:
а) Қазақстан жағдайында:
(і) Қазақстан Республикасының Үкіметіне, саяси бөлімшеге немесе жергілікті билік органдарына;
(іі) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне;
(ііі) "Қазына" Орнықты даму қоры" АҚ; және
(іv) кей-кейде Уағдаласушы Мемлекеттер арасында келісілуі мүмкін болған кез келген осындай басқа да үкіметтік қаржы институттарына;
(b) БАӘ жағдайында:
(і) БАӘ Үкіметіне, саяси бөлімшеге немесе жергілікті биліктің органдарына, жергілікті үкіметтің қаржы институттарына;
(іі) БАӘ Орталық Банкіне;
(ііі) Абу Даби инвестициялық органына;
(іv) Абу Даби инвестициялық консульдығына;
(v) Абу Даби экономикалық даму қорына;
(vі) Мобадалаға;
(vіі) Холдин Дубайға;
(vііі) Дубай әлеміне;
(іх) Абу Даби Халықаралық мұнай компаниясына;
(х) кей-кейде Уағдаласушы мемлекеттер арасында болып тұратын кез келген басқа үкіметтік қаржы институттарына тиесілі болса осы мемлекетте салық төлеуден босатылады.
12-бап
Роялти
1. Уағдаласушы мемлекетте пайда болатын және екінші Уағдаласушы мемлекеттің резидентіне төленетін роялтиге осы екінші мемлекетте салық салынуы мүмкін.
2. Алайда, мұндай роялтиге, сондай-ақ ол пайда болатын Уағдаласушы мемлекетте және осы мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес салық салынуы мүмкін, бірақ алушы роялтидің нақты иесі болып табылса және екінші Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылса, онда осылайша алынатын салық роялтидің жалпы сомасының 10 процентінен аспауға тиіс.
3. "Роялти" термині осы бапта пайдаланылған кезде:
(а) әдебиет немесе өнер шығармаларына (кинематографиялық фильмдерге және радио немесе теледидар хабарларында пайдаланылатын фильмдерге немесе таспаларға) кез келген авторлық құқықты пайдаланғаны үшін немесе пайдалану құқығын бергені үшін;
(б) ғылыми жұмыстарға, патентке, сауда маркасына, дизайнға немесе модельге, жоспарға, құпия формулаға немесе процеске, кез келген авторлық құқықты пайдаланғаны үшін немесе пайдалану құқығын немесе өнеркәсіптік, коммерциялық немесе ғылыми құрал-жабдықтарды пайдалану құқығы бергені үшін, немесе өнеркәсіптік, коммерциялық немесе ғылыми тәжірибеге қатысты ақпараттар үшін сыйақы ретінде алынатын төлемдердің кез келген түрін білдіреді.
4. Егер, роялтидің нақты иесі Уағдаласушы мемлекеттің резиденті бола отырып, роялти пайда болатын екінші Уағдаласушы мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса немесе осы екінші мемлекетте онда орналасқан тұрақты базадан тәуелсіз жеке қызметтер көрсетсе және оған қатысты роялти төленетін құқық немесе мүлік шын мәнінде осындай тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелері қолданылмайды. Мұндай жағдайда мән-жайларға 7-баптың немесе 14-баптың ережелері қолданылады.
5. Егер осы мемлекеттің өзі, саяси бөлімшесі, әкімшілік бөлімшесі, жергілікті билік органы немесе осы Уағдаласушы мемлекеттің резиденті төлеуші болып табылса, роялти Уағдаласушы мемлекетте пайда болады деп саналады. Егер, алайда, роялти төлеуші тұлға Уағдаласушы мемлекеттің резиденті ме, жоқ па осыған қарамастан, Уағдаласушы мемлекетте роялти төлеу міндеттемесінің пайда болуына байланысты тұрақты мекемесі немесе тұрақты базасы болса және осындай роялти осы тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, онда мұндай роялти тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан мемлекетте пайда болды деп саналады.
6. Егер роялти төлеуші мен оның нақты иесі арасында немесе сол екеуі мен қандай да болсын басқа бір тұлғаның арасындағы ерекше қатынастардың салдарынан олар үшін төленетін пайдалануға, құқыққа немесе ақпаратқа қатысты роялтидің сомасы осындай қатынастар болмай тұрғанда роялти төлеуші мен оның нақты иесі арасында келісіле алатындай сомадан асып кетсе, онда осы баптың ережелері тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда төлемнің басы артық бөлігі осы Конвенцияның басқа да ережелерін тиісті түрде ескере отырып, әрбір Уағдаласушы мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес салық салынуға жатады.
13-бап
Мүлік құнының өсімінен алынатын табыстар
1. Уағдаласушы мемлекеттің резиденті 6-бапта айтылған және екінші Уағдаласушы мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлікті иеліктен шығарудан алынатын табыстарға осы екінші мемлекетте салық салынуы мүмкін.
2.Уағдаласушы мемлекеттің резиденті:
а) тура немесе жанама түрде екінші Уағдаласушы мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүліктен олардың құнын немесе құнының үлкен бөлігін алатын акцияларын, немесе
б) акциялары негізінен екінші Уағдаласушы мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүліктен немесе жоғарыда (а) тармақшасында атап өтілген акциялардан тұратын әріптестіктегі үлестерге осы екінші Уағдаласушы мемлекетте салық салынуы мүмкін.
3. Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорны екінші Уағдаласушы мемлекетте иелік етіп отырған тұрақты мекеменің кәсіпкерлік мүлкінің бір бөлігін құрайтын жылжымалы мүлікті иеліктен шығарудан немесе осындай тұрақты мекемені (жеке немесе бүкіл кәсіпорынмен бірге) немесе осындай тұрақты базаны иеліктен шығарудан алынған осындай табыстарды қоса алғанда, тәуелсіз жеке қызметтер көрсету мақсаттары үшін Уағдаласушы мемлекеттің екінші Уағдаласушы мемлекеттегі резидентінің иелігіндегі тұрақты базаға қатысты жылжымалы мүліктен алынған табыстарға осы екінші Мемлекетте салық салынуы мүмкін. Бірақ осылайша алынатын салық 50 %-ға азайтылуы тиіс.
4. Халықаралық тасымалда пайдаланатын теңіз немесе әуе көлігін немесе мұндай теңіз, немесе әуе көлігін пайдалануға байланысты жылжымалы мүлікті иеліктен шығарудан алған табыстарға тек осы Уағдаласушы мемлекетте салық салынады.
5. 1 және 4-тармақтарда айтылғаннан басқа, кез келген мүлікті иеліктен шығарудан алынған табыстарға мүлікті иеліктен шығарушы тұлға резиденті болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
14-бап
Тәуелсіз жеке қызметтер
1. Кәсіби қызметтер көрсетуге немесе тәуелсіз сипаттағы басқа да қызметке қатысты Уағдаласушы мемлекеттің резидентінің алған табысына, егер екінші Уағдаласушы мемлекетте мұндай қызметтер көрсетілмей немесе көрсетілмеген болса ғана салық салынады; және:
а) табыс жеке тұлғаның екінші Уағдаласушы мемлекеттегі тұрақты негізде бар немесе болған тұрақты базасына жататын болса;
б) немесе егер екінші Уағдаласушы мемлекетте тиісті салық жылынан басталатын немесе аяқталатын кез келген он екі айлық кезеңде жалпы жиыны 183 күннен асып түсетін кезеңнің немесе кезеңдердің ішінде осындай жеке тұлға бар немесе болған болса.
Мұндай жағдайда көрсетілген қызметке жататын табысқа салық, осы екінші мемлекетте, 7-бапта қамтылған, кәсіпкерлік табыс сомасын анықтау және кәсіпкерлік табысты тұрақты мекемеге жатқызу қағидаларына ұқсас қағидаларға сәйкес салынады.
2. "Кәсіби қызметтер көрсету" термині, атап айтқанда, тәуелсіз ғылыми, әдеби, артистік, білім беру немесе оқытушылық қызметтерді, сондай-ақ дәрігерлердің, тіс дәрігерлерінің, заңгерлердің, инженерлердің, сәулетшілердің және бухгалтерлердің тәуелсіз қызметтерін қамтиды.
15-бап
Тәуелді жеке қызметтер
1. Осы Конвенцияның 16, 17, 18, 19, 20 және 21-баптардың ережелерін ескере отырып, Уағдаласушы мемлекет резиденті жалдамалы жұмысына байланысты алған еңбекақыға, жалақыға және басқа да осындай сыйақыға, егер тек жалдамалы жұмыс екінші Уағдаласушы мемлекетте орындалмаса, осы Уағдаласушы мемлекетте ғана салық салынады. Егер жалдамалы жұмыс осылайша орындалса, осыған байланысты алынған осындай сыйақыға осы екінші Уағдаласушы мемлекетте салық салынуы мүмкін.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелеріне қарамастан, екінші Уағдаласушы мемлекетте орындалатын жалдамалы жұмысқа қатысты Уағдаласушы мемлекеттің резиденті алған сыйақыға тек алғашқы аталған Уағдаласушы мемлекетте ғана салық салынады, егер:
а) алушы тиісті салық жылының кез келген он екі айлық кезеңде жалпы жиыны 183 күннен аспайтын кезең немесе кезеңдер ішінде екінші Уағдаласушы мемлекетте тұрса;
b) сыйақыны екінші Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылмайтын жалдаушы төлесе немесе жалдаушының атынан төлесе;
с) жалдаушының екінші Уағдаласушы мемлекеттегі тұрақты мекемесі немесе тұрақты базасы сыйақы төлемейді.
3. Осы баптың мұнай алдыңғы ережелеріне қарамастан, халықаралық тасымалдарда пайдаланатын теңіз немесе әуе кемелерінің бортында орындалатын жалдамалы жұмысқа қатысты алынған сыйақыға теңіз немесе әуе кемелерін пайдаланатын кәсіпорын резиденті болып табылатын Уағдаласушы мемлекетте салық салынады.
4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы мемлекеттің осы мемлекеттің ұлттық тұлғасы болып табылатын және әуе көлігін екінші Уағдаласушы мемлекетте пайдаланумен байланысты қызметтерді жүзеге асыратын әуе компаниясының жердегі қызметшілерінің сыйақысына тек алғашқы аталған Уағдаласушы мемлекетте ғана салық салынады.
16-бап
Оқытушылар және ғылыми қызметкерлер
Екінші Уағдаласушы мемлекетке университеттің, колледждің, мектептің немесе басқа білім беру мекемесінің шақыруы бойынша нақ келгеніне дейін Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылған және осындай оқу орнында оқыту немесе зерттеу жұмысын, немесе оны да екіншісін де жүргізу мақсатында 3 жылдан аспайтын кезең ішінде осы екінші мемлекетте тұрған жеке тұлға осы екінші мемлекетте осындай оқыту немесе зерттеу жұмысы үшін кез келген сыйақыға қатысты 3 жылға салық салынуынан босатылады.
17-бап
Студенттер және стажерлар
1. Уағдаласушы мемлекетке барардың нақ алдында екінші Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылған және бірінші аталған Уағдаласушы мемлекетте тек білім алу немесе стажерлық өту мақсатында ғана тұрып жатқан студент немесе стажер өзінің білім алу немесе стажерлық ету мақсаты үшін бірінші аталған Уағдаласушы мемлекеттен тыс жерде жасайтын тұлғалар төлейтін сомаларға бірінші аталған Уағдаласушы мемлекетте салынатын салықтан босатылады.
2. Уағдаласушы мемлекетке барардың нақ алдында екінші Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылған және бірінші аталған Мемлекетте тек оқу, зерттеу мақсатында немесе ғылыми, білім беру, діни немесе қайырымдылық ұйымдардан грант, жәрдем алушы ретінде практика өту немесе Уағдаласушы мемлекеттің Үкіметі жүргізіп жатқан техникалық көмек бағдарламасына сәйкес уақытша тұрса, оның осындай келуіне байланысты, бірінші аталған мемлекетке келген күнінен бастап, грант кезеңінен аспайтын кезең ішінде осы мемлекеттің салық салуынан босатылады.
18-бап
Директорлардың қаламақылары
Екінші Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылатын компанияның директорлар кеңесінің мүшесі ретінде Уағдаласушы мемлекеттің резиденті алған директорлардың қаламақыларына және басқа да сондай төлемдерге осы екінші Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
19-бап
Зейнетақылар мен басқа да осындай төлемдер
Осы Конвенцияның 20-бабы 2-тармағының ережелеріне сәйкес Уағдаласушы мемлекеттің резидентіне бұрын жүзеге асырылған жұмысы үшін төленетін аннуитеттерге және басқа да осындай төлемдерге тек осы мемлекетте ғана салық салынады.
20-бап
Мемлекеттік қызмет
1. а) жеке тұлғаға Уағдаласушы мемлекет бөлімшелері немесе әкімшілік бөлімшелеріне немесе билік органы немесе жергілікті билік органы осы мемлекетте немесе оның бөлімшелеріне немесе билік органдарына жүзеге асыратын қызметі үшін төленетін сыйақыға, жалақыға және зейнетақыдан өзге басқа ұқсас сыйақыға тек осы мемлекетте ғана салық салынады;
b) осы тармақтың (а) тармақшасындағы шарттарға қарамастан, егер қызмет осы мемлекетте жүзеге асырылса және жеке тұлға осы мемлекеттің резиденті болып табылса:
(і) осы Уағдаласушы мемлекеттің азаматы болып табылса;
(іі) немесе қызметті жүзеге асыру мақсатында ғана осы мемлекеттің резиденті болмайтын болса, мұндай еңбекақыға, жалақыға немесе басқа ұқсас сыйақыға тек осы екінші Уағдаласушы мемлекетте ғана салық салынады.
2. а) жеке тұлғаға Уағдаласушы мемлекет немесе оның саяси бөлімшесі немесе әкімшілік бөлімшесі немесе жергілікті билік органы осы мемлекет немесе оның бөлімшелері немесе билік органдары үшін жүзеге асыратын қызметі үшін төлейтін кез келген зейнетақыға тек осы мемлекетте ғана салық салынады;
b) осы тармақтың (а) тармақшасына қарамай, егер жеке тұлға осы мемлекеттің резиденті және азаматы болып табылса, мұндай зейнетақыға тек екінші Уағдаласушы мемлекетте ғана салық салынады.
3. Осы Конвенцияның 15, 18 және 19-баптарының ережелері Уағдаласушы мемлекет немесе оның саяси бөлімшелері немесе жергілікті билік органдары жүзеге асыратын коммерциялық қызметке байланысты қызметке қатысты төленетін еңбекақыға, жалақыға және басқа да ұқсас сыйақылар мен зейнетақыларға қолданылады.
21-бап
Артистер мен спортшылар
1. 14 және 15-баптардың ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы мемлекеттің резиденті театр, кино, радио немесе теледидар артисі секілді өнер қызметкері немесе сазгер ретінде немесе спортшы ретінде екінші Уағдаласушы мемлекетте жүзеге асыратын өзінің жеке қызметінен алған табысына осы екінші мемлекетте салық салынуы мүмкін.
2. Егер өнер қызметкерінің немесе спортшының осы өзінің сипатында жүзеге асыратын жеке қызметінен алынатын табысы өнер қызметкерінің немесе спортшының өзіне емес, басқа тұлғаға есептелсе, бұл табысқа, 7, 14 және 15-баптардың ережелеріне қарамастан, өнер қызметкерінің немесе спортшының қызметі жүзеге асырылатын Уағдаласушы мемлекетте салық салынуы мүмкін.
3. Осы баптың 1 және 2-тармағының шарттарына қарамастан,
Уағдаласушы мемлекеттер арасында жасалған мәдени келісімдер шеңберінде жүзеге асырылатын осындай қызметтен алынатын табысқа, егер осындай қызметке Уағдаласушы мемлекеттің Үкіметі демеушілік етпесе немесе Уағдаласушы мемлекеттің жария қоры қаржыландырмаса және бұл қызмет табыс алу мақсатында жүзеге асырылмаса, өзара салықтан босатылады. Мұндай жағдайда артист немесе спортшы резиденті болып табылатын Уағдаласушы мемлекетте ғана табысқа салық салынады.
22-бап
Басқа да табыстар
1. Уағдаласушы мемлекеттің резиденті табыстарының түрлеріне осы Конвенцияның алдыңғы баптарында сөз болмаған олардың пайда болу көздеріне қарамастан, тек осы Уағдаласушы мемлекетте ғана салық салынады.
2. Уағдаласушы мемлекеттің резиденті алған табыстарға, егер мұндай резидент Уағдаласушы мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса немесе осы екінші мемлекетте сонда орналасқан тұрақты база арқылы тәуелсіз жеке қызметтер ұсынса және оларға байланысты табыс төленген құқық немесе мүлік шын мәнінде осындай тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, Осы баптың 1-тармағының ережелері қолданылмайды. Мұндай жағдайда, мән-жайларға байланысты 7-баптың немесе 14-баптың ережелері қолданылады.
23-бап
Арнаулы ереже
5, 7, 13 және 22-баптардың ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы мемлекет, оның саяси бөлімшесі, жергілікті өзін-өзі басқару органы немесе жергілікті билік органы немесе оның қаржы институты алған осы екінші мемлекетте орналасқан жылжитын және жылжымайтын мүлікті иеліктен айырудан түсетін есімді қоса алғанда, екінші Уағдаласушы мемлекетте туындайтын кез келген табыс пен пайдаға Резиденттік мемлекетте ғана салық салынады. Жоғарыда айтылған қаржы институттарының тізімі үнемі Уағдаласушы мемлекеттердің құзыретті органдарымен келісіледі.
24-бап
Қосарланған салық салуды жою әдістері
1. Қазақстан жағдайында қосарланған салық салу былайша жойылады:
а) Егер Қазақстанның резиденті осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес БАӘ салық салынуы мүмкін табыс алса, Қазақстан осы резиденттің табысына салынатын салықтан БАӘ төленген табысына салынатын салыққа тең соманы шегеруге мүмкіндік береді.
Жоғарыда келтірілген ережелерге сәйкес шегерілетін салық мөлшері оған қолданылатын ставка бойынша Қазақстанда сондай табысқа есептелген салықтан аспауға тиіс.
b) Егер Қазақстанның резиденті осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес БАӘ ғана салық салынуы мүмкін табыс алса, Қазақстан осы табысты салық салынатын базаға, бірақ Қазақстанда салық салуға ұшырайтын осындай басқа табысқа салық ставкасын белгілеу мақсатында ғана, енгізуі мүмкін.
2. Біріккен Араб Әмірліктері жағдайында қосарланған салық салу былайша жойылады:
(і) Егер Біріккен Араб Әмірліктерінің резиденті осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес Қазақстанда салық салынуы мүмкін табыс алса, Біріккен Араб Әмірліктері осы тұлғаның табысына салынатын салықтан Қазақстанда төленген табысқа салынатын салыққа барабар соманы шегеруге мүмкіндік береді.
(іі) Мұндай шегерімдер, кез келген жағдайда алайда, осы екінші Уағдаласушы мемлекетте салық салынуы мүмкін табысқа жатқызылған шегерім жасалғанға дейін есептелген табысқа салынатын салықтың бөлігінен аспауға тиіс.
(ііі) Егер осы Конвенцияның кез келген ережесіне сәйкес Уағдаласушы мемлекеттің резиденті алған, тиесілі табыс осы Уағдаласушы мемлекетте салықтан босатылса, мұндай Уағдаласушы мемлекет алайда осындай резиденттің қалған табысына немесе капиталына салынатын салық сомасын есептеу кезінде салықтан босатылған табысты немесе капиталды есепке қабылдауы мүмкін.
(іv) осы Баптың 1-тармағының мақсаттары үшін осы Конвенцияға сәйкес екінші Уағдаласушы мемлекетте салық салынуы мүмкін Уағдаласушы мемлекеттің резидентіне тиесілі пайда, табыс және капитал осы екінші Уағдаласушы мемлекеттегі көздерден туындаған деп есептеледі.
25-бап
Кемсітпеу
1. Уағдаласушы мемлекеттің ұлттық тұлғалары, атап айтқанда, резиденттікке қатысты ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкін салық салудан
немесе осыларға байланысты міндеттемелерден өзгеше немесе біршама
ауыртпалықты кез келген салық салуға немесе осыларға байланысты кез келген міндеттемеге, екінші мемлекеттің ұлттық тұлғалары тап сондай жағдайда екінші Уағдаласушы мемлекетте ұшырамауға тиіс. Осы ереже 1-баптың ережелеріне қарамастан, сондай-ақ Уағдаласушы мемлекеттердің бірінің немесе екеуінің де резиденттері болып табылмайтын тұлғаларға да қолданылады.
2. Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорны екінші Уағдаласушы мемлекетте ие болып отырған тұрақты мекемеге салық салу осындай қызметті жүзеге асыратын осы екінші Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорындарына салық салуға қарағанда осы екінші Уағдаласушы мемлекетте біршама қолайсыздау болмауға тиіс.
3. Осы конвенцияның 9-бабы 1-тармағының, 11-бабы 7-тармағының
немесе 12-бабы 7-тармағының ережелері қолданылатын жағдайларды
қоспағанда, Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорны екінші Уағдаласушы мемлекеттің резидентіне төлейтін проценттер, роялти және басқа да төлемдер осындай кәсіпорынның салық салынатын пайдасын айқындау мақсаты үшін олар бірінші аталған мемлекеттің резидентіне қалай төленсе, нақ осындай шарттарда шегеріліп тастауға жатады. Уағдаласушы мемлекет кәсіпорнының екінші Уағдаласушы мемлекеттің резидентіне осыған ұқсас кез келген берешегі осындай кәсіпорынның салық салынатын капиталын айқындау мақсаты үшін бірінші аталған мемлекет резидентінің берешегі сияқты нақ сондай шарттарда шегеруге жатады.
4. Осы бапта қамтылғанның ешқайсысы да Уағдаласушы мемлекетті екінші Уағдаласушы мемлекеттің резиденттеріне өздерінің резиденттеріне ұсынатын олардың азаматтық мәртебесі немесе отбасылық жағдайы негізінде салық салу мақсаттары үшін қандай да бір жеке салық жеңілдіктерін, жеңілдіктер немесе шегерімдер беруге міндеттейтін ретінде талқыланбауы тиіс.
5. Осы бапта ештеңе де, екінші Уағдаласушы мемлекеттің резиденттеріне кедендік, экономикалық одақтарды, еркін сауда аймағын қалыптастыру негізінде немесе әрбір Уағдаласушы мемлекеттің практикасына сәйкес бірінші көрсетілген мемлекет бір бөлігі болып табылуы мүмкін толығымен ішінара салық салуға байланысты қандай да бір уағдаластықтардың негізінде кез келген басқа мемлекеттерге немесе олардың резиденттеріне берілуі мүмкін артықшылық мен ерекшеліктер беретін Уағдаласушы мемлекетке заңды міндеттеме жүктеу ретінде қаралмауы тиіс.
6. Капиталы екінші Уағдаласушы мемлекеттің бір немесе бірнеше резиденттеріне толық немесе ішінара тиесілі немесе олар тікелей немесе жанама түрде бақылауға алып отырған Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорындары бірінші аталған мемлекеттің басқа осындай кәсіпорындары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкін салық салуға және соған байланысты міндеттемелерге қарағанда өзгеше немесе неғұрлым ауыртпалықты болып табылатын кез келген салық салуға немесе соған байланысты кез келген міндеттемелерге бірінші аталған мемлекетте ұшырамауға тиіс.
7. Осы бапта "салық салу" термині осы Конвенцияның мәні болып табылатын кез келген түрдегі және сипаттамадағы салықтарды білдіреді.
26-бап
Өзара келісу рәсімі
1. Егер Уағдаласушы мемлекеттің резиденті Уағдаласушы мемлекеттердің бірінің немесе екеуінің де іс-әрекеттері осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес келмейтін салық салуға әкеп соғып отыр немесе әкеп соғатын болады деп санаса, ол осы мемлекеттердің ұлттық заңнамасында көзделген қорғану құралдарына қарамастан, өзінің ісін өзі резиденті болып табылатын Уағдаласушы мемлекеттің құзыретті органының қарауына бере алады. Өтініш осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес келмейтін салық салуға әкеп соқтыратын іс-әрекеттер туралы алғашқы хабар берілген сәттен бастап үш жыл ішінде берілуі тиіс.
2. Уағдаласушы мемлекеттің құзыретті органы, егер ол өтінішті негізді деп санаса және егер өзі қанағаттанарлық шешімге келе алмаса, осы Конвенцияға сәйкес келмейтін салық салуды болдырмау мақсатында істі екінші Уағдаласушы мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісім бойынша шешуге ұмтылады. Кез келген қол жеткізілген келісім Уағдаласушы мемлекеттің ұлттық заңнамасында көзделген кез келген уақыт шектеулеріне қарамастан орындалатын болады.
3. Уағдаласушы мемлекеттердің құзыретті органдары осы Конвенцияны пайымдау немесе қолдану кезінде туындайтын кез келген қиындықтарды немесе күмән-күдіктерді өзара келісе отырып шешуге ұмтылатын болады. Олар, сондай-ақ осы Конвенцияда көзделмеген жағдайларда қосарланған салық салуды жою мақсатымен бір-біріне кеңес бере алады.
4. Уағдаласушы мемлекеттердің құзыретті органдары осы Конвенцияны қолдану және алдыңғы тармақтарды түсінуде келісуге қол жеткізу мақсатында бір-бірімен тікелей байланыс жасай алады.
27-бап
Ақпарат алмасу
1. Уағдаласушы мемлекеттердің құзыретті органдары салық салу осы Конвенцияға қайшы келмейтіндей шамада Уағдаласушы мемлекеттердің
немесе олардың орталық немесе жергілікті билік органдарының атынан
алынатын кез келген түрдегі салықтарға қатысты осы Конвенцияның немесе ұлттық заңнаманың ережелеріне келетін ақпаратпен алмасып тұрады. Ақпарат алмасу осы Конвенцияның 1 және 2-баптармен шектелмейді.
2. 1-тармаққа сәйкес Уағдаласушы мемлекет алған кез келген ақпарат осы Уағдаласушы мемлекеттің ұлттық заңңаманың шеңберінде алынған ақпарат секілді құпия болып есептеледі және 1-тармақта немесе осы тармақтың жоғарыда көрсетілген ережелерінде көрсетілген бағалаумен немесе жинаумен, мәжбүрлі өндіріп алумен немесе сот қудалауымен немесе салықтарға қатысты шағымдарды қараумен айналысып жатқан тұлғаларға немесе органдарға ғана (соттар мен әкімшілік органдарды қоса алғанда) хабарланады. Мұндай тұлғалар немесе органдар ақпаратты осы мақсаттар үшін ғана пайдаланады. Олар бұл ақпаратты ашық сот мәжілісі барысында немесе сот шешімдерін қабылдау кезінде аша алады.
3. Ешқандай жағдайда 1 және 2-тармақтардың ережелері Уағдаласушы мемлекетке:
а) осы немесе, екінші Уағдаласушы мемлекеттің ұлттық заңнамасы мен әкімшілік практикасына қайшы келетін әкімшілік шараларын қолдану;
b) осы немесе екінші Уағдаласушы мемлекеттің ұлттық заңнамасы немесе әдеттегі әкімшілік практикасы бойынша алуға болмайтын ақпарат беру;
с) қандай да бір сауда, кәсіпкерлік, өнеркәсіптік, коммерциялық немесе кәсіптік құпияны немесе сауда процесін ашуы мүмкін ақпарат немесе ашылуы мемлекеттік саясатқа (қоғамдық тәртіпке) қайшы келуі мүмкін ақпарат беру міндеттемесін жүктейтіндей болып түсіндірілмейді.
4. Егер ақпаратты Уағдаласушы мемлекет осы бапқа сәйкес талап ететін болса, екінші Уағдаласушы мемлекет осы ақпаратты тіпті екінші Уағдаласушы мемлекет өзінің жеке салық мақсаттары үшін осындай ақпаратқа мұқтаж болмаса да пайдаланады. Алдыңғы сөйлемде қамтылған міндеттеме 3-тармақтың шектеулеріне бағынады, бірақ ешқандай жағдайда осындай шектеу Уағдаласушы мемлекетке осындай ақпаратқа ешқандай ұлттық мүдделігінің болмағандығынан ғана, ақпаратты беруден бас тартуға рұқсат беру ретінде қарастырылмайтын болады.
5. Ешқандай жағдайда, 3-тармақтың ережелері Уағдаласушы мемлекетке банкте, басқа қаржы институтында, кандидатта немесе ұйымда немесе сенім білдірілген тұлға жағдайында әрекет ететін тұлғада бар ақпарат тұлғаның жеке мүддесіне жатқызылғандықтан, ақпаратты беруден бас тартуға рұқсат беру үшін қарастырылмайды.
28-бап
Дипломатиялық өкілдіктердің және консулдық мекемелердің қызметкерлері
Осы Конвенцияда ешнәрсе де дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелер қызметкерлерінің оларға осындай артықшылықтар халықаралық құқықтың жалпы нормаларымен немесе арнайы келісімдердің ережелеріне сәйкес берілген салықтық артықшылықтарын қозғамайды.
29-бап
Түзетулер
Уағдаласушы мемлекеттердің өзара келісімі бойынша осы Конвенцияға түзетулер мен толықтырулар хаттамалармен ресімделуі мүмкін, олар осы Конвенцияның ажыратылмас бөлігін құрайтын табылады.
30-бап
Күшіне енуі
1. Осы Конвенция ратификациялауға жатады және Уағдаласушы мемлекеттің екеуі де әрбір Уағдаласушы мемлекеттің ұлттық заңнамасында көзделген оның күшіне енуі үшін рәсімдерді орындағандығын көрсететін соңғы хабарлама күнінен кейін 30-ы күні күшіне енеді.
2. Осы Конвенция:
а) Конвенция күшіне енген жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап немесе 1 қаңтарынан кейін төленетін немесе есепке алынатын сомаға қатысты төлем көзінен ұсталатын салықтарға;
b) Конвенция күшіне енген жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың қаңтарында немесе бірінші қаңтарынан кейін басталатын салық салынатын кезеңге қатысты басқа салықтарға қолданылады.
31-бап
Қолданылуын тоқтату
Осы Конвенция белгісіз мерзімге жасалады және Уағдаласушы мемлекеттердің бірі екінші Уағдаласушы мемлекетке оның қолданылуын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарлама жіберген күннен бастап 6 ай өткенге дейін күшінде қалады. Осындай хабарламаны жіберу осы Конвенцияның қолданылуының бірінші бес жылдық мерзімі өткеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда осы Конвенция:
а) қолданылуын тоқтату туралы хабарлама берілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарында немесе 1 қаңтарынан кейін төленетін немесе есепке алынатын сома бойынша көзде ұсталатын салықтарға қатысты;
b) қолданылуын тоқтату туралы хабарлама берілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарында немесе 1 қаңтардан кейін басталатын салық салынатын кезең үшін басқа салықтарға қатысты өз күшін тоқтатады.
Осыны куәландыру ретінде, өзінің Үкіметі тиісінше өкілеттік берген төмендегі қол қоюшылар осы Конвенцияға қол қойды.
200__жылғы __________ айында _____ күні __________ қаласында қазақ, араб, ағылшын және орыс тілдерінде екі түпнұсқалы данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Талдауда алшақтық болған жағдайда ағылшынша мәтін айқындаушы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктерінің
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 7 қазандағы
N 923 қаулысымен
мақұлданган
Жоба
Хаттама
1. 5-бапқа қатысты:
Осы Конвенцияның ережелеріне қарамастан, көмірсутектерді барлауды қоса алғанда, өндіру мен барлау аумағында инвестициялар жүргізілетін жеке Әмірліктердің егеменді құқықтары болып табылады деген түсінік бар.
2. 10-баптың 7-тармағына қатысты:
Осы тармақтың ережесі жеке меншіктегі компанияларға жатқызылады.
3. Конвенцияның ережесіне қарамастан, қайырымдылық ұйымдардың және қызметшілердің зейнетақы артықшылықтарын құрайтын екінші
Уағдаласушы мемлекеттің резиденті алатын табыстарды қоса алғанда,
Уағдаласушы мемлекетте туындайтын табыстар осы Уағдаласушы мемлекетте салық салудан босатылатын болады.
Осыны куәландыру ретінде, өзінің Үкіметі тиісінше өкілеттік берген төмендегі қол қоюшылар осы Конвенцияға қол қойды.
200__жылғы _______ айында _______ күні ______________ қаласында қазақ, араб, ағылшын және орыс тілдерінде екі түпнұсқалы данада жасалды, барлық мәтіндердің күші бірдей. Талдауда алшақтық болған жағдайда ағылшынша мәтін айқындаушы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктерінің
Үкіметі үшін Үкіметі үшін