"Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі N 1605 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 қазандағы N 937 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі N 1605 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі N 1605 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын одан әрі дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі N 1605 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 28, 344-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      кіріспедегі "1996 жылғы 26 қаңтардағы" деген сөздер "2007 жылғы 6 шілдедегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы "2015" деген сандар "2030" деген сандармен ауыстырылсын;
      аталған Жарлықпен бекітілген "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 12), 13), 14), 15), 16), 17) тармақшалармен толықтырылсын:
      "12) жібек маталар және олардың негізінде бұйымдар шығару;
      13) маталық емес тоқыма материалдарын және олардың негізінде бұйымдар шығару;
      14) кілемдер, кілем бүйымдарын және түскілемдер шығару;
      15) мақта целлюлозасын және оның туынды өнімдерін шығару;
      16) мақта шикізатынан жоғары сапалы қағаз шығару;
      17) былғарыдан жасалған бұйымдар шығару.";
      4 және 16-тармақтардағы "1996 жылғы 26 қаңтардағы" деген сөздер "2007 жылғы 6 шілдедегі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                          Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады