1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы N 987 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы, "Аджип Каспиан Си Б.В.", "ҚМГ Қашаған Б.В.", "КонокоФиллипс Норт Каспиан Лтд.", "ЭксонМобил Қазақстан Инк.", "ИНПЕКС Норт Каспиан Си, Лтд", "Шелл Қазақстан Девелопмент Б.В." мен "Тоталь ЭиП Қазақстан" компаниялары арасында жасалған 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімге (бұдан әрі - ӨБК) Екінші қосымша шарттың жобасы оның ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшаларды және ӨБК-ге Екінші қосымша шарттың жобасында көрсетілген ілеспе құжаттарды қоса алғанда мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

       Қол қойылатын нұсқа  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ
МИНЕРАЛДЫҚ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ
ТҰЛҒАСЫНДА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ,
"ҚАЗМҰНАЙГАЗ" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ"
АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ,
"АДЖИП КАСПИАН СИ Б.В.",
"ҚМГ ҚАШАҒАН Б.В.",
"КОНОКОФИЛЛИПС НОРТ КАСПИАН ЛТД.",
"ЭКСОНМОБИЛ ҚАЗАҚСТАН ИНК.",
"ИНПЕКС НОРТ КАСПИАН СИ, ЛТД.",
"ШЕЛЛ ҚАЗАҚСТАН ДЕВЕЛОПМЕНТ Б.В."
және
"ТОТАЛЬ ЭиП ҚАЗАҚСТАН"
АРАСЫНДАҒЫ
1997 ЖЫЛҒЫ 18 ҚАРАШАДАҒЫ СОЛТҮСТІК КАСПИЙ
БОЙЫНША ӨНІМДІ БӨЛУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ
ЕКІНШІ ҚОСЫМША ШАРТ 2008 жылғы "___" қазан

       РҚАО-ның ескертуі: Шарттың "Жабық" белгісімен Деректер базасына  енгізілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады