Қашаған кен орнын игеруге байланысты даулы жағдайды реттеу жөніндегі келіссөздер процесін аяқтау жөніндегі кейбір мәселелер туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы N 988 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мердігерлік компаниялармен келіссөздер процесін түпкілікті аяқтау және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы, "Аджип Каспиан Си Б.В.", "КМГ Кашаган Б.В.", "КонокоФилипс Норт Каспиан Лтд.", "ЭксонМобил Қазақстан Инк.", "Инпекс Корпорейшн", "Шелл Қазақстан Девелопмент Б.В." және "Тоталь ЭиП Қазақстан" компаниялары арасында жасалған 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімнің (бұдан әрі - ӨБК) оның ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшаларды және ӨБК-ге Екінші қосымша шарттың жобасында көрсетілген ілеспе құжаттарды қоса алғанда, оған Екінші қосымша шартқа қол қою мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен және "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамымен бірлесіп:
      1) Аплифт ставкасын мердігерлік компанияларға 206 (екі жүз алты) миллион АҚШ доллары сомасынан аспайтын қосымша өтемақы үшін жеткілікті шамаға және кезеңге ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы;
      2) қосалқы мердігерлердің импортқа қосылған құн салығы бойынша міндеттемелерді орындау үшін бұрын берілген қаражат үшін қосалқы мердігерлердің мердігерлік компанияларға қайтарған сома мөлшеріне мердігерлік компанияларға өтемақы сомасын азайтуға мүмкіндік беретін тетік бойынша ӨБК-ге Екінші қосымша шарт бойынша келіссөздер жүргізсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады