1997 жылғы 17 қаңтардағы Білімді тарату және ересектерге білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қарашадағы N 1044 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 1997 жылғы 17 қаңтардағы Білімді тарату және ересектерге білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. 1997 жылғы 17 қаңтардағы Білімді тарату және ересектерге білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қойылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2008 жылғы 11 қарашадағы
N 1044 қаулысымен  
мақұлданған     

1997 жылғы 17 қаңтардағы Білімді тарату және ересектерге білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА

      1997 жылғы 17 қаңтардағы Білімді тарату және ересектерге білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге (бұдан әрі — Келісім) қатысушы мемлекеттердің атынан олардың үкіметтері (бұдан әрі — Тараптар),
      Келісімде көзделген мақсаттарға қол жеткізуге өзінің адалдығын растай отырып,
      1997 жылғы 17 қаңтардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының бірыңғай (ортақ) білім беру кеңістігін құру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісіммен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің құрылғанын ескере отырып,
      Келісімнің 11-бабын басшылыққа ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің 9-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Келісімді іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді 1997 жылғы 17 қаңтардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының бірыңғай (ортақ) білім беру кеңістігін қалыптастыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес құрылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесі жүзеге асырады".

2-бап

      Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Білімді тарату және ересектерге білім беру жөніндегі мемлекетаралық комитет туралы ереже осы Хаттама күшіне енген күнінен бастап өзінің қолданылуын тоқтатады.

3-бап

      Білімді тарату және ересектерге білім беру жөніндегі мемлекетаралық комитеттің қызметін тоқтатуына негізделген мүліктік және өзге де мәселелерді Тараптар консультациялар мен келіссөздер арқылы шешеді.

4-бап

      Осы Хаттама оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарийге сақтауға тапсырған күнінен бастап күшіне енеді.
      Көрсетілген рәсімдерді кешіктіріп орындаған Тараптар үшін осы Хаттама тиісті құжаттарды депозитарийге сақтауға тапсырған күнінен бастап күшіне енеді.
      ____ жылғы ___ ____ _____ қаласында орыс тіліндегі бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы оның куәландырылған көшірмесін осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке жіберетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады.

       Әзірбайжан Республикасының        Молдова Республикасының
             Үкіметі үшін                    Үкіметі үшін  

      Армения Республикасының            Ресей Федерациясының
              Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін

      Беларусь Республикасының       Тәжікстан Республикасының
             Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін

      Грузия Үкіметі үшін                     Түрікменстан
                                              Үкіметі үшін

      Қазақстан Республикасының      Өзбекстан Республикасының
             Үкіметі үшін                      Үкіметі үшін

      Қырғыз Республикасының                      Украина
             Үкіметі үшін                       Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады