Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1254 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 1104 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2225 Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.29 № 2225 (қолданысқат енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1254 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 47, 572-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) генетикалық түрлендірілген организмдерді зерттейтін ветеринариялық зертхана салу.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады