"2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы
Заңына
, "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225
қаулысына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне 2008 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Алматы қаласы бюджетінің дамуына нысаналы трансферттер түрінде "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін ПС 110/10 кВ N 16 "Новая" және ВЛ 110 кВ (220 кВ көлемінде) N 118 екінші тізбектің аспасы құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 125000000 (бір жүз жиырма бес миллион) теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов