"Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 383 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 1180 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 383 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 383 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 20-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 383 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 28, 321-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:
      "Бағдарламаның паспорты" деген 1-бөлімде:
      "Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері" деген кіші бөлімде:
      екінші абзацтағы "308,8", "108", "100,1" және "92,6" деген цифрлар тиісінше "299,349", "106,598", "100,123" және "92,628" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      төртінші және бесінші абзацтардағы "және салуға" деген сөздер ", салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "2008-2010 жылдары "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (бұдан әрі - ТҚЖБ) жылдық 1% ставка бойынша - 57 млрд. теңге, оның ішінде 2008 жылы - 23,56 млрд. теңге, 2009 жылы - 18,28 млрд. теңге, 2010 жылы - 15,16 млрд. теңге;";
      сегізінші абзацтағы "194" деген цифрлар "192,549" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      тоғызыншы және оныншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтар үшін мемлекеттік жалға берілетін үйлерді жобалауға, салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға - 42,834 млрд. теңге, оның ішінде 2008 жылы - 8,734 млрд. теңге, 2009 жылы - 21,6 млрд. теңге, 2010 жылы - 12,5 млрд. теңге;
      тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, жайластыруға және жеке құрылыс салушылардан сатып алуға - 89,905 млрд. теңге, оның ішінде 2008 жылы - 29,905 млрд. теңге, 2009 жылы - 30 млрд. теңге, 2010 жылы - 30 млрд. теңге;";
      он үшінші абзацтағы "6 млрд. 508" және "1 млрд. 123" деген сөздер тиісінше "6 млрд. 18" және "633" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "2008-2010 жылдары ТҚЖБ-ның жарғылық капиталын 10,3 млрд. теңгеге ұлғайту, оның ішінде 2008 жылы - 6,6 млрд. теңге, 2009 жылы - 1,9 млрд. теңге, 2010 жылы - 1,8 млрд. теңге;";
      он бесінші абзацтағы "30 млрд. теңгеге" деген сөздер "2008 жылы 15 млрд. теңгеге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Күтілетін нәтижелер" деген кіші бөлімде:
      үшінші абзацтағы ", оның ішінде 2008 жылы - 0,6 млн. шаршы метр, 2009 жылы - 0,6 млн. шаршы метр, 2010 жылы - 0,3 млн. шаршы метр" деген сөздер алып тасталсын;
      төртінші абзацтағы "479,8", "5900" деген цифрлар тиісінше "730,6", "8900" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Нұрлы көш" бағдарламасының шеңберінде 2009 жылы 1051 тұрғын үй салынатын және/немесе сатып алынатын болады;";
      алтыншы абзацта:
      "21" деген цифрлар "20,5" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      ", оның ішінде: 2008 жылы - 5 млн. шаршы метр, 2009 жылы - 7 млн. шаршы метр, 2010 жылы - 9 млн. шаршы метр" деген сөздер алып тасталсын;
      жетінші және сегізінші абзацтар алып тасталсын;
      тоғызыншы абзацта:
      "4,4" деген цифрлар "4,6" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      ": 2008 жылы - 2 млн. шаршы метр, 2009 жылы - 1,1 млн. шаршы метр, 2010 жылы - 1,3 млн. шаршы метр" деген сөздер алып тасталсын;
      "Ұсыныс тарапынан да, сұраныс тарапынан да толыққанды теңдестірілген тұрғын үй нарығын құру" деген 5.1-кіші бөлімде:
      бірінші абзацта:
      "салу арқылы" деген сөздер "оларға сату арқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "салынған" деген сөзден кейін "және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алынған" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
      "Тұрғын үй салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға сейсмикалығына түзету коэффициентін ескере отырып, тұрғын үйдің жалпы алаңының 1 шаршы метрі үшін құрылысының құны 56515 теңге деп есептеп, республикалық бюджеттен кредиттер бөлінетін болады.
      Тұрғын үйді азаматтарға сату құнынан асып кеткен оны салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға арналған шығындар жергілікті бюджеттің есебінен жүргізілуі мүмкін.";
      сегізінші абзацта:
      "салынған тұрғын үйдің (пәтерлердің) орташа алаңы" деген сөздер "салынған және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алынған тұрғын үй-жайдың жалпы алаңы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "80" деген цифрлар "120" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салған және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алған тұрғын үйді сатуы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесіне сәйкес жүргізіледі.";
      мынадай мазмұндағы он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтармен толықтырылсын:
      "Жер учаскелерінің бөліну, мердігерлік ұйымдарды таңдау, құрылыс барысы және (немесе) жеке құрылыс салушылардан тұрғын үйді сатып алу мен тұрғын үйді бөлу рәсімдерінің ашықтығын және оларды бақылауды қамтамасыз ету үшін ЖАО қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен облыстар (қалалар, аудандар) әкімдерінің басшылығымен комиссиялар құрады.
      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салған және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алған тұрғын үйлері ең алдымен "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтардың басым санаттарына сатылатын болады.
      Азаматтардың басым санаттары алмаған тұрғын үй Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына және заңнамада белгіленген тәртіппен аукциондар өткізу арқылы нарықтық құны бойынша өз қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін заңды тұлғаларға сатылатын болады. Бұл ретте Бағдарламада көзделген тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесі арқылы жеңілдікпен кредит беру бұл жағдайда қолданылмайды.
      2008 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша сатып алу-сату шарттарына қол қойылмаған, бірақ комиссияның шешімі негізінде тұрғын үйді сату туралы уәкілетті органның шешімі қабылданған не қарыз алу шарттарына қол қойылмаған тұрғын үйлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған және сатылмаған тұрғын үй осы Бағдарламаның талаптарына сәйкес сатылатын болады.
      Бұл ретте 2008 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша сатып алу-сату шарттарына қол қойылмаған, бірақ комиссияның шешімі негізінде тұрғын үйді сату туралы уәкілетті органның шешімі қабылданған не қарыз алу шарттарына қол қойылмаған тұрғын үйлерді сатып алу Мемлекеттік бағдарламаның 5.5-кіші бөліміне сәйкес тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесі арқылы бюджеттік кредит қаражаты есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.";
      "Жалға берілетін тұрғын үй секторын дамыту" деген 5.2.1-тарауда:
      төртінші абзацта:
      "жыл сайын салу" деген сөздерден кейін "және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алу" деген сөздермен толықтырылсын;
      "мемлекеттік жалға берілетін үйлерде кемінде 120 пәтер жобалау мен жыл сайын салу және жеке меншік жалға берілетін (коммерциялық) үйлер салу үшін жағдай жасау" деген сөздер "мемлекеттік жалға берілетін үйлер жобалау мен жыл сайын салу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші абзац алып тасталсын;
      оныншы абзац алып тасталсын;
      он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жалға берілетін тұрғын үйлер салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға сейсмикалығына түзету коэффициентін ескере отырып, жалпы алаңының 1 шаршы метрі үшін құрылысының құны 56515 теңге деп есептеп, республикалық бюджеттен қаражат бөлінетін болады.
      Мемлекеттік жалға берілетін үйдің сейсмикалығына түзету коэффициентін ескере отырып, 56515 теңгеден асып кеткен 1 шаршы метрін салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға жұмсалатын шығындар жергілікті бюджеттің есебінен жүргізілуі мүмкін.";
      "Кең ауқымда тұрғын үй салу үшін қосымша ынталандыру шараларын жасау" деген 5.2.2-тарауда:
      алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тұрғын үй құрылысы саласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті ынталандыру үшін ӘКК-ны пайдалану көзделіп отыр.
      Осы мақсатта республикалық бюджеттен ӘКК-ның жарғылық қорын ұлғайтуға 15 млрд. теңге бөлу көзделіп отыр.
      Осы қаражат есебінен ӘКК:
      1. Бағдарламаға қатысушылар үшін тұрғын үй салу және сатып алу, сондай-ақ олар қоныстанатын аудандарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу және қайта жаңарту арқылы "Нұрлы көш" бағдарламасына қатысушыларды Шымкент қаласының "Асар" шағын ауданына, Курчатов қаласына және Көкшетау қаласының Красный Яр селосына жинақы қоныстандыру жөніндегі пилоттық жобаларды іске асыруға қатысады. Осы мақсаттарға арналған шығыстар 6356,6 млн. теңгені құрайды.
      2. Әкімдіктер ездеріне берген жер учаскелерінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуды жүргізеді және оларды нарықтық құны бойынша аукциондарда сатады. Бұл ретте ЖАО-мен жасалған шартта белгіленген жер учаскелерінің бір бөлігін ӘКК жеке құрылыс үшін жер алуға әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтарға өтеусіз пайдалануға береді.
      Әкімдіктер жер учаскелерін ӘКК-ге жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны бойынша есептелетін баға бойынша жарғылық капиталының төлеміне (меншікке), инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуге арналған жер учаскелерін шегере отырып, біртұтас алап ретінде береді.
      Пайдалануға берілген инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды ӘКК ЖАО-ның коммуналдық меншігіне береді. Осы мақсаттарға арналған шығыстар 8643,4 млн. теңгені құрайды.";
      "Жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру" деген 5.3-кіші бөлімнің үшінші абзацындағы үшінші сөйлем алып тасталсын;
      "Тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту" деген 5.4-кіші бөлімнің 1-тармағындағы "және дамыту" деген сөздер ", дамыту және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері" деген 6-бөлімде:
      екінші абзацтағы "300,8", "108", "100,1" және "92,6" деген цифрлар тиісінше "299,349", "106,598", "100,123" және "92,628" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      төртінші және бесінші абзацтардағы "және салуға" деген сөздер ", салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "2008-2010 жылдары ТҚЖБ жылдық 1% ставка бойынша - 57 млрд. теңге, оның ішінде 2008 жылы - 23,56 млрд. теңге, 2009 жылы - 18,28 млрд. теңге, 2010 жылы - 15,16 млрд. теңге;";
      сегізінші абзацтағы "194" деген цифрлар "192,549" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      тоғызыншы және оныншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтар үшін мемлекеттік жалға берілетін үйлерді жобалауға, салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға - 42,834 млрд. теңге, оның ішінде 2008 жылы - 8,734 млрд. теңге, 2009 жылы - 21,6 млрд. теңге, 2010 жылы - 12,5 млрд. теңге;
      тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, жайластыруға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға - 89,905 млрд. теңге, оның ішінде 2008 жылы - 29,905 млрд. теңге, 2009 жылы - 30 млрд. теңге, 2010 жылы - 30 млрд. теңге;";
       он үшінші абзацтағы "6 млрд. 508" және "1 млрд. 123" деген сөздер тиісінше "6 млрд. 18" және "633" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "2008-2010 жылдары ТҚЖБ-ның жарғылық капиталын 10,3 млрд. теңгеге ұлғайту, оның ішінде 2008 жылы - 6,6 млрд. теңге, 2009 жылы - 1,9 млрд. теңге, 2010 жылы - 1,8 млрд. теңге;";
      он бесінші абзацтағы "30 млрд. теңгеге" деген сөздер "2008 жылы 15 млрд. теңгеге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже" деген 7-бөлімде:
      үшінші абзацтағы ", оның ішінде 2008 жылы - 0,6 млн. шаршы метр, 2009 жылы - 0,6 млн. шаршы метр, 2010 жылы - 0,3 млн. шаршы метр" деген сөздер алып тасталсын;
      төртінші абзацтағы "479,8", "5900" деген цифрлар "730,6", "8900" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Нұрлы көш" бағдарламасының шеңберінде 2009 жылы 1051 тұрғын үй салынатын және/немесе сатып алынатын болады;";
      алтыншы абзацта:
      "21" деген цифрлар "20,5" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      ", оның ішінде: 2008 жылы - 5 млн. шаршы метр, 2009 жылы - 7 млн. шаршы метр, 2010 жылы - 9 млн. шаршы метр" деген сөздер алып тасталсын;
      жетінші және сегізінші абзацтар алып тасталсын;
      тоғызыншы абзацта:
      "4,4" деген цифрлар "4,6" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      ": 2008 жылы - 2 млн. шаршы метр, 2009 жылы - 1,1 млн. шаршы метр, 2010 жылы - 1,3 млн. шаршы метр" деген сөздер алып тасталсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады