Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Мәскеу қаласындағы ғимаратты Қазақстан Республикасының меншігіне ресімдеу туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 1193 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Астанада 2008 жылғы 22 мамырда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Мәскеу қаласындағы ғимаратты Қазақстан Республикасының меншігіне ресімдеу туралы келісім бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Мәскеу қаласындағы ғимаратты Қазақстан Республикасының меншігіне ресімдеу туралы келісім

(2009 жылғы 16 қаңтарда күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Бюллетені,
2009 ж., № 2, 8-құжат)

      Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,
      1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясын, 1992 жылғы 9 қазандағы Құқықтарды өзара тану және меншік қатынастарын реттеу туралы келісімді ескере отырып,
      1998 жылғы 12 қазандағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерін орналастыру және оларға қызмет көрсету шарттары туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы келісімнің ережелеріне сәйкес
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Ресей Тарабы Қазақстан Республикасының меншігіне бұдан әрі ғимарат деп аталатын Мәскеу қаласында орналасқан, Чистопрудный бульвары, 3-үй, 2-құрылыс, жалпы алаңы 5113 шаршы метр ғимаратты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясының 41-бабының 3-тармағына қатаң сәйкестікте пайдалануы үшін ресімдейді.

2-бап

      Ғимарат қарыздардан, ауыртпалықтардан және үшінші тұлғалардың құқықтарынан азат күйінде ресімделеді.

3-бап

      Ғимарат Ресей Тарабының оны сатып алу артықшылық құқығы ескеріле отырып, сатылуы мүмкін. Осы келісімінің қолданысы сатылған жылжымайтын мүлікке қатысты автоматты түрде тоқтатылады.

4-бап

      Ресей Тарабы Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес ғимаратқа Қазақстан Республикасының меншік құқығын заңдық ресімдеуді қамтамасыз етеді.

5-бап

       Телефондарды, телетайптық байланысты, радиоқондырғыларды пайдаланумен және осы ғимаратты жөндеу мен күтіп ұстаумен байланысты коммуналдық қызметтерді төлеу Ресей Федерациясында қолданыстағы нормативтер мен тарифтер бойынша жүргізіледі.

6-бап

      Осы келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдану бойынша Тараптар арасында даулар туындаған жағдайда, Тараптар оларды келіссөздер және консультациялар жолымен шешетін болды.

7-бап

      Тараптардың келісімі бойынша осы Келісімге өзгерістер енгізілуі мүмкін, олар бөлек хаттамалармен ресімделеді.

8-бап

      Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді.
      2008 жылғы 22 мамырда Астана қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды және екі мәтіннің де күші бірдей.
      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушілік туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінді пайдаланатын болады.

       Қазақстан Республикасының          Ресей Федерациясының
          Үкіметі үшін                      Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады