Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 1241 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері құрылсын.
      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылсын.
      3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері қайта аталсын.
      4. Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің республикалық бюджетінде және жергілікті атқарушы органдардың бюджеттерінде көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      5. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 25, 311-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 19-1 және 19-2-жолдармен толықтырылсын:
      "19-1. Астана қаласының Ішкі істер департаменті "Алматы" ауданының Ішкі істер басқармасы.
      19-2. Астана қаласының Ішкі істер департаменті "Сарыарқа" ауданының Ішкі істер басқармасы.";
      реттік нөмірі 39-жолда "ішкі істер бөлімі" деген сөздер "Ішкі істер басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 51-1, 51-2, 51-3, 51-4, 51-5, 51-6 және 51-7-жолдармен толықтырылсын:
      "51-1. Алматы қаласының Ішкі істер департаменті Алатау ауданының Ішкі істер басқармасы.
      51-2. Алматы қаласының Ішкі істер департаменті Алмалы ауданының Ішкі істер басқармасы.
      51-3. Алматы қаласының Ішкі істер департаменті Әуезов ауданының Ішкі істер басқармасы.
      51-4. Алматы қаласының Ішкі істер департаменті Бостандық ауданының Ішкі істер басқармасы.
      51-5. Алматы қаласының Ішкі істер департаменті Жетісу ауданының Ішкі істер басқармасы.
      51-6. Алматы қаласының Ішкі істер департаменті Медеу ауданының Ішкі істер басқармасы.
      51-7. Алматы қаласының Ішкі істер департаменті Түрксіб ауданының Ішкі істер басқармасы.";
      реттік нөмірі 71-жолда "ішкі істер бөлімі" деген сөздер "Ішкі істер басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 97-1-жолмен толықтырылсын:
      "97-1. Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті Тараз қаласының Ішкі істер басқармасы.";
      реттік нөмірі 108-жолда "ішкі істер бөлімі" деген сөздер "Ішкі істер басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 121-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "121. Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті Қарағанды қаласының Ішкі істер басқармасы.";
      реттік нөмірі 122-жол алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 139-жолда "ішкі істер бөлімі" деген сөздер "Ішкі істер басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 149-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "149. Қостанай облысының Ішкі істер департаменті Қостанай қаласының Ішкі істер басқармасы.";
      реттік нөмірі 150-жол алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 152-жолда "ішкі істер бөлімі" деген сөздер "Ішкі істер басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 174-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "174. Павлодар облысының Ішкі істер департаменті Павлодар қаласының Ішкі істер басқармасы.";
      реттік нөмірі 175-жол алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 203-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "203. Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Шымкент қаласының Ішкі істер басқармасы.";
      реттік нөмірлері 204 және 205-жолдар алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 235-жолда "Дружба" деген сөз "Достық" деген сөзбен ауыстырылсын.
      6. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1241 қаулысына      
1-қосымша         

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылатын аумақтық органдарын — мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. Астана қаласының Ішкі істер департаменті "Алматы" ауданының Ішкі істер басқармасы.
      2. Астана қаласының Ішкі істер департаменті "Сарыарқа" ауданының Ішкі істер басқармасы.
      3. Алматы қаласының Ішкі істер департаменті Алатау ауданының Ішкі істер басқармасы.
      4. Алматы қаласының Ішкі істер департаменті Алмалы ауданының Ішкі істер басқармасы.
      5. Алматы қаласының Ішкі істер департаменті Әуезов ауданының Ішкі істер басқармасы.
      6. Алматы қаласының Ішкі істер департаменті Бостандық ауданының Ішкі істер басқармасы.
      7. Алматы қаласының Ішкі істер департаменті Жетісу ауданының Ішкі істер басқармасы.
      8. Алматы қаласының Ішкі істер департаменті Медеу ауданының Ішкі істер басқармасы.
      9. Алматы қаласының Ішкі істер департаменті Түрксіб ауданының Ішкі істер басқармасы.
      10. Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті Тараз қаласының Ішкі істер басқармасы.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1241 қаулысына      
2-қосымша         

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қайта ұйымдастырылатын аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданының Ішкі істер басқармасын және Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті Қарағанды қаласының Октябрь ауданының Ішкі істер басқармасын қосу арқылы Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті Қарағанды қаласының Ішкі істер басқармасы.
      2. Қостанай облысының Ішкі істер департаменті Қостанай қаласының Солтүстік ішкі істер бөлімін және Қостанай облысының Ішкі істер департаменті Қостанай қаласының Оңтүстік ішкі істер бөлімін қосу арқылы Қостанай облысының Ішкі істер департаменті Қостанай қаласының Ішкі істер басқармасы.
      3. Павлодар облысының Ішкі істер департаменті Павлодар қаласының Солтүстік ішкі істер бөлімін және Павлодар облысының Ішкі істер департаменті Павлодар қаласының Оңтүстік ішкі істер бөлімін қосу арқылы Павлодар облысының Ішкі істер департаменті Павлодар қаласының Ішкі істер басқармасы.
      4. Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Шымкент қаласы Абай ауданының Ішкі істер басқармасын, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының Ішкі істер басқармасын және Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Шымкент қаласы Еңбекші ауданының Ішкі істер басқармасын қосу арқылы Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Шымкент қаласының Ішкі істер басқармасы.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1241 қаулысына      
3-қосымша         

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары - қайта аталатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті Ақтөбе қаласының ішкі істер бөлімінің атауы Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті Ақтөбе қаласының Ішкі істер басқармасы.
      2. Атырау облысының Ішкі істер департаменті Атырау қаласының ішкі істер бөлімінің атауы Атырау облысының Ішкі істер департаменті Атырау қаласының Ішкі істер басқармасы.
      3. Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Орал қаласының ішкі істер бөлімінің атауы Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Орал қаласының Ішкі істер басқармасы.
      4. Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті Қызылорда қаласының ішкі істер бөлімінің атауы Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті Қызылорда қаласының Ішкі істер басқармасы.
      5. Қостанай облысының Ішкі істер департаменті Рудный қаласының ішкі істер бөлімінің атауы Қостанай облысының Ішкі істер департаменті Рудный қаласының Ішкі істер басқармасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады