Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Жылжымалы мүліктің қаржы лизингі шартын мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 мамырдағы № 597
қаулысы
(Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 16, 211-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 мамырдағы № 597 және 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1375 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1181
қаулысының
1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 44, 481-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 қыркүйектегі № 816
қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 34, 382-құжат).
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов