Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 1262 Қаулысы

      "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына , "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қосымша сараптамалық талдау, оның ішінде мемлекетаралық бағдарламаларды дайындау және іске асыру, әлемдік қаржы дағдарысының зардаптарын жою жөнінде шаралар әзірлеу, Интеграциялық Комитет мүшелерінің ай сайынғы отырыстарын өткізу және тиісті сараптамалық топтардың жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды өткізуі үшін 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі берілетін күнге белгілеген бағам бойынша 10000000 (он миллион) ресей рубліне баламалы сомада ақшалай қаражат бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады