Орман қоры жерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1324 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 130-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Созақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - мекеме) алаңы 21,3 га жер учаскелері орман қоры жерлерінің санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлер санатына ауыстырылсын.
      2. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерін кіші станция мен электр беру желілерін салу үшін "Уранэнерго" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) беруді қамтамасыз етсін.
      3. Серіктестік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін және алынған сүректі мекеменің теңгеріміне бере отырып, алқапты тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылғаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

      Қазақстан Республикасы
      Үкіметінің      
      2008 жылғы 31 желтоқсандағы
      N 1324 қаулысына   
      қосымша        

    Оңтүстік Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасының "Созақ орман және жануарлар
  дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік
  мекемесінің орман қоры жерлерінің санатынан өнеркәсіп, көлік,
  байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы
емес жерлерінің санатына ауыстырылатын жерлерінің экспликациясы

Жер
пайдаланушының
атауы
Жалпы алаңы, га Оның ішінде:
орман
көмкерген
егістік жайылым шабындық құмдар басқа жерлер

"Созақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесі

21,3

21,3

-


-

-

-


-

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады