Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.12.2016 № 778 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а.2016 жылғы 28 қаңтардағы № 90 бұйрығын қараңыз.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексін (Салық кодексі) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өту және рұқсат құжаттарын беру ережесі бекітілсін.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 626 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы N 62 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қаңтардағы N 39 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 2, 17-құжат).
3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1345 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өту және рұқсат құжаттарын беру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже өзіне:
1) Қазақстан Республикасының аумағынан жолаушылар мен жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының шығуын;
2) жолаушылар мен жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіруін (шығуын), Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитін;
3) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы отандық және шетелдік ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өтуін қамтитын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өту тәртібін реттейді.
2. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Қазақстан Республикасының халықаралық автомобиль тасымалдары саласындағы халықаралық шарттарымен, осы Ереженің қағидаларымен анықталады және халықаралық автомобиль тасымалдарын мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда осы Ережеде белгіленгеннен өзге ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттардың ережелері қолданылады.
3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары және елдi мекендердің көшелері арқылы мынадай автокөлік құралдарының жүріп өту тәртiбiн белгiлейдi:
автобустар;
жүк автомобильдері (рұқсат етілген жалпы салмағы тіркемені қоса алғанда, 6 тоннадан астам немесе рұқсат етілген пайдалы жүктеме тіркемені қоса алғанда, 3,5 тоннадан астам);
мамандандырылған автомобильдер (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған);
арнайы автомобильдер (әр түрлі, басым көпшілігі көліктік емес жұмыстарды орындауға арналған);
өзі аударғыштар (жүкті түсіру үшін механикалық еңкейтілетін шанағы бар, жүкті өзі түсіретін автомобильдер, тіркеме немесе жартылай тіркемелер).
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Шетелдік азаматтардың (жүргізушілер және жүктерді алып жүретін немесе жолаушылар ретінде жол жүруші адамдар) Қазақстан Республикасына келуі және онда болуы, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан шығуы Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шарттарымен және Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келу және онда болу, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кету ережесімен регламенттеледі.
5. Шетелдік автокөлік құралы Қазақстан Республикасының аумағына келген кездегі Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру бағытын және осы автокөлік құралының Қазақстан Республикасының аумағынан шығу мерзімін көлік саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
2. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өтуге рұқсат құжаттарын беру тәртібі
6. Жолаушылар мен жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіруі (шығуы), Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиті рұқсат құжатының - жол жүруге рұқсаттың негізінде жүргізіледі.
7. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.01.2013 № 76 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
8. Үшінші мемлекеттің аумағында орналасқан жөнелту пунктінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жеткізу пунктіне дейін немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы жөнелту пунктінен үшінші мемлекеттің аумағындағы жеткізу пунктіне дейін жолаушыларды және (немесе) жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өтуіне шетелдік тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағынан (на) үшінші елдерге (ден) тасымалдауды орындауға рұқсат беруі - рұқсат құжатының негізінде рұқсат етіледі.
9. Көлік саласындағы уәкілетті орган шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен осы Ереженің 6 және 8-тармақтарында көрсетілген рұқсат құжаттарының бланкілерімен тепе-тең алмасуды жүргізуі мүмкін.
9-1. Көлік саласындағы уәкілетті органмен шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген рұқсат құжаттарының бланкілерімен тепе-тең алмасу жүргізілмесе, онда олардың берілуі сұрау салу негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. Ереже 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
10. Халықаралық қатынаста Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жол жүруге рұқсат сұраған жағдайда көлік саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген ставкалар бойынша, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алынатын алым сомасын төлегеннен кейін осы рұқсатты береді.
11. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк рейстен керi бағытта қайтып бара жатқан шетелдiк жүк автокөлiк құралына Қазақстан Республикасының аумағында жолай жүк тиелген кезде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгiленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуі үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн уәкiлеттi орган беретiн Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп өтуге қосымша рұқсаттың болуы қажет.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.01.2013 № 76 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
12. Рұқсат құжаттарының бланкілері қатаң есептегі бланкілер болып табылады.
Рұқсат құжаттарының бланкілерін дайындау, есепке алу және пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
13. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өтуге рұқсат құжаттарының қолданылу мерзімін көлік саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
14. Халықаралық автомобиль тасымалдары кезінде рұқсат жүйесін орындаудың тәртібі мен шарттарын автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
15. Рұқсат құжаттарын алу тасымалдаушыларды Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін көлік құралдары мен жүктерге кедендік құжаттарды кейіннен ресiмдеу мiндетiнен босатпайды.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдік автокөлік құралдарының жүріп өту тәртібі
16. Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің арасындағы жүктерді, жолаушыларды және багажды халықаралық автомобиль тасымалдары халықаралық автомобильдік өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылуға тиіс.
17. Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық шарттарына сәйкес халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшін қажет рұқсат және басқа да құжаттар (халықаралық көліктік жүкқұжат (CMR), инвойс, коносамент немесе тасымалданатын жүкке басқа да коммерциялық құжат) автокөлік құралдарының жүргізушілерінде болуы және уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының талап етуі бойынша ұсынылуы тиіс.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
18. Жолаушылар мен жүктерді шетелдік автокөлік құралдарымен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан екі пункттің арасында тасымалдауға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жолаушыларды транзиттік тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарына Қазақстан Республикасының аумағында жолаушыларды отырғызуды және (немесе) түсіруді жүргізуге тыйым салынады.
18-1. Мемлекеттерімен рұқсат беру құжаттарының бланкілерін тепе-тең айырбастау жүргізілмеген шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жүріп өтуі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүруі үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті органмен Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде немесе кеден органдарымен Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде (бұдан әрі – кеден органдары) берілетін транзиттік жүруге арналған рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. Ереже 18-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
18-2. Өз мемлекетінің тіркеу және айырым белгісінсіз Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүретін шетелдік автокөлік құралының жүріп өтуі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүруі үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті органмен немесе кеден органдарымен берілетін транзитпен жүріп өтуге арналған рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік рейстен кері бағытта бара жатқан шетелдік жүк автокөлік құралына Қазақстан Республикасының аумағында жолшыбай жүк тиеуге Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуге арналған қосымша рұқсат болған кезде ғана рұқсат етіледі.
Ескерту. Ереже 18-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
19. Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылар өз мемлекетінің тіркеу және айырым белгілері бар автокөлік құралдарын пайдалануы тиіс.
Бұл ретте тіркемелер мен жартылай тіркемелерде басқа мемлекеттің тіркеу және айырым белгілері болуы мүмкін.
4. Отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығу және оларға шетелдік рұқсаттарды беру тәртібі
20. Отандық автокөлік құралдары осы Ереженің 9-тармағына сәйкес рұқсат құжаттары бланкілерімен алмасу жүргізілген шет мемлекеттерге шыққан жағдайда, тасымалдаушы бұрын берілген өтінімдер негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алынатын алым сомасы төленгеннен кейін көлік саласындағы уәкілетті орган беретін тиісті шетелдік рұқсат құжаттарын ала алады.
21. Әрбір автокөлік құралына жеке рұқсат құжаты беріледі.
22. Пайдаланылған шетелдік рұқсат құжаттары оларды бұрын берген органға қайтарылуға тиіс.
23. Тасымалдаушының оған берілген шетелдік рұқсат құжаттарын басқа тасымалдаушыға беруіне жол берілмейді.
24. Егер шетелдік рұқсат құжаттарының бөлінген саны тасымалдаушылардың өтінім берген жалпы санынан аз болған жағдайда, тасымалдаушылардың арасында шетелдік рұқсат құжаттарының бланкілерін бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
25. Отандық тасымалдаушыларға өтінім берілгеннен тыс шетелдік рұқсат құжаттарын беру басқа отандық тасымалдаушылар өздері өтінім берген шетелдік рұқсат құжаттарының осы түрінен бас тартқан жағдайда жүргізілуі мүмкін.
26. Отандық тасымалдаушылардың жолаушылар мен багажды тұрақты халықаралық тасымалдауына рұқсат құжаттарын беру Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы отандық және шетелдік ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсаттар беру тәртібі
27. Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары арқылы жүруге арналған автокөлік құралдарының жол беретін параметрлерінен көлемі, салмағы және (немесе) осьтік жүктемелері бойынша артық, жүгі бар немесе жүксіз, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы отандық және шетелдік iрi көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өтуі рұқсат құжаттың – ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсаттың (бұдан әрі – арнайы рұқсат) негiзiнде жүзеге асырылады.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
28. Арнайы рұқсатты уәкiлеттi органмен ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралы Қазақстан Республикасының аумағымен немесе Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында орналасқан автокөлік құралдарын өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасының аумағына кірген кезде кеден органдарымен қозғалыс маршруты белгіленгеннен және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген мөлшерлемелер бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін беріледі.
Бұл ретте, Арнайы рұқсатты уәкілетті орган не кеден органдары толтырады және мөрмен куәландырады.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
28-1. Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша рұқсат етілген барынша салмағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген автокөлік құралының жол берілген жалпы салмағынан асатын өзі аударғыш автомобильмен жүктерді тасымалдауға жол берілмейді.
Ескерту. Ереже 28-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
29. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).