Мәскеуде 1998 жылғы 24 қарашада жасалған Көлік одағын құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Көлiк одағын құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы
КЕЛIСIМ
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкiметі, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi және Ресей Федерациясының Үкiметi,
1998 жылғы 22 қаңтардағы Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының арасындағы Көлiк одағын құру туралы
келiсiмдi
басшылыққа ала отырып,
халықаралық автомобиль қатынасы саласында келiсiлген ic-қимылдардың қажеттiлігiн негiзге ала отырып,
Кеден одағына қатысушы мемлекеттер арасында және олардың аумақтары арқылы транзитпен автокөлік құралдарының кедергісіз өтуі үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге ұмтыла отырып,
1997 жылғы 9 қазандағы (Бiшкек қаласы) Жолаушылар мен теңдеме жүктің халықаралық автомобиль тасымалы туралы
конвенцияның
ережелерін назарға ала отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
Осы Келiсiмге сәйкес осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердің арасында және олардың аумағы арқылы транзитпен осы мемлекеттерде тіркелген автокөлік құралдарымен жолаушылардың, теңдеме жүктің және жүктің тұрақты және тұрақсыз тасымалы жүзеге асырылады.
Тараптардың құзыреттi органдарын анықтау, осы Келісімде қолданылатын арнайы терминология осы Келісімге қоса берілген, оның ажырамас бөлігі болып табылатын Хаттамада келтірілген.
1. Тараптар мемлекеттерінің аумақтары арасында немесе олардың аумақтары арқылы транзитпен жолаушыларды автобустармен тұрақты тасымалдау 1997 жылғы 9 қазандағы (Бішкек қаласы) Жолаушылар мен теңдеме жүктің халықаралық автомобиль тасымалы туралы
конвенцияда
белгіленген тәртіппен Тараптардың құзыретті органдары беретін рұқсаттар негізінде жүзеге асырылады.
2. Рұқсаттар беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді Тараптардың құзыретті органдары олардың мемлекеттерінің аумақтары арқылы өтетін сол жол учаскесіне, екінші тараптың өтінімін алған күннен бастап үш ай мерзімде қабылдайды.
Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары арасында олардың аумақтары арқылы транзитпен автобустармен жолаушыларды тұрақсыз немесе тасымалдау рұқсатсыз жүзеге асырылады және нысаны Тараптардың құзыреттi органдарымен келiсiлетiн әрбiр сапарға берiлетiн формулярмен ресiмделедi.
Жолаушыларды автобустармен тұрақты тасымалдау кезiнде нысаны Тараптардың құзыреттi органдарымен келiсiлетiн белгiленген үлгiдегi билет және теңдеме жүк түбiртегi берiледi.
Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары арасында немесе олардың аумақтары арқылы Көлiк одағының iшiнде транзитпен автокөлiк құралдарымен жүктердi тасымалдау рұқсатсыз негiзде жүзеге асырылады.
1. Тараптардың бiрiнiң автокөлiк құралдарымен екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағы арқылы қауiптi жүктердi тасымалдау екiншi Тараптың құзыреттi органы берген арнайы рұқсат бойынша жүзеге асырылады. Тараптар жыл сайын арнайы рұқсатты талап ететiн қауiптi жүктердiң тiзбесiмен алмасуды жүзеге асырады.
2. Тараптардың бiрiнiң жүкпен немесе жүксiз жүретiн автокөлiк құралының салмағы немесе көлемi, сондай-ақ білiкке түсетiн салмақтық жүктемесi екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында белгiленген нормадан асқан жағдайда тасымалдаушы екiншi Тараптың құзыреттi органының арнайы рұқсатын алуы тиiс.
3. Егер осы баптың 1 және 2-тармақтарында айтылған арнайы рұқсат тасымалдаудың белгiлi бiр бағытын көздесе, онда тасымалдау тек осы бағыт бойынша жүзеге асырылуы тиiс.
Осы Келiсiмде көзделген жүктердi тасымалдау нысаны жалпы қабылданған халықаралық үлгiге сәйкес келетiн жүк құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады.
Тараптардың құзыреттi органдарының келiсiмi бойынша осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң арасында автокөлiк құралдарымен тасымалдауды тауар-көлiк құжаттамасының қарапайым бланкiлерiн пайдаланып жүзеге асыру рұқсат етіледi.
1. Тараптардың халықаралық автомобиль тасымалдары саласындағы үшiншi елдермен өзара қарым-қатынасы жасалған екi жақты келiсiмдердiң негiзiнде реттеледi.
2. Тараптардың бiрiнiң тасымалдаушысына екiншi Тарап мемлекетiнің аумағында орналасқан екi пункт арасында жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асыру рұқсат етiлмейдi.
1. Осы Келiсiмнің негiзiнде тасымалдарды орындау кезiнде екiншi Тарап мемлекетiнің аумағына әкелiнетiн:
а) автокөлiк құралының әрбiр моделi үшiн көзделген қозғалтқыштың қоректендiру жүйесiмен технологиялық және конструкциялық байланысқан және жасаушы зауыт орнатқан сыйымдылықтардағы жанармай;
б) тасымалдау кезiнде пайдалану үшiн қажеттi мөлшердегi жағармай материалдары;
в) халықаралық тасымалды орындайтын автокөлiк құралдарын жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер, агрегаттар және құрал-саймандар кедендiк алымдар мен баждардан өзара босатылады.
2. Пайдаланылмаған қосалқы бөлшектер, агрегаттар қайта алып кетуге жатады, ал ауыстырылған қосалқы бөлшектер, агрегаттар елден шығарылуы немесе жойылуы немесе екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында белгiленген тәртiппен тапсырылуы тиiс.
Тараптардың бiрiнiң мемлекетiнiң тасымалдаушылары екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағы бойынша осы Келiсiмнiң негiзiнде жүзеге асыратын жолаушылар мен жүк тасымалы, сондай-ақ осы тасымалдарды орындайтын автокөлiк құралдары жолдарды пайдалануға немесе ұстауға, автокөлiк құралдарын иеленуге немесе пайдалануға байланысты салықтар мен алымдардан, ақысыз балама жол бар болған кезде ақылы жолдарды пайдалану үшiн алымдарды қоспағанда, босатылады.
1. Осы Келiсiмде көзделген тасымалдарды осы Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес халықаралық тасымалдарды жүзеге асыруға жiберiлген тасымалдаушылар ғана орындай алады.
2. Халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарында өз елiнiң тiркеу және айыру белгiлерi болуы тиiс.
3. Жүк автомобильдерiнде немесе автомобиль тартқыштарында осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң тiркеу немесе айыру белгiсi бар болған кезде тiркемелер мен жартылай тiркемелерде басқа елдердiң тiркеу немесе айыру белгiлерi болуы мүмкiн.
Әрбiр тасымалдаушы осы Келiсiмнiң негiзiнде жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асыратын автокөлiк құралын оның автокөлiк құралымен үшiншi тұлғаға келтiрiлген залалы үшiн азаматтық жауапкершiлiкке қатысты алдын ала сақтандыруға мiндеттi.
1. Тасымалдаушы осы Келiсiмнiң ережелерiн бұзған жағдайда, мемлекетiнiң аумағында автокөлiк құралы тiркелген Тараптың құзыреттi органы мемлекетi аумағында бұзушылық орын алған екiншi Тараптың құзыреттi органының өтiнiшi бойынша осы тасымалдаушыға қажеттi шараларды қолдануы тиiс.
2. Тараптардың құзыреттi органдары айқындалған бұзушылық және қабылданған шаралар туралы бiр-бiрiн хабардар етедi.
Шекаралық, кедендiк және санитарлық бақылауға қатысты Тараптар олар қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың ережелерiн басшылыққа алады, ал осы шарттармен реттелмеген мәселелердi шешу кезiнде аумағында бақылау жүзеге асырылатын мемлекеттiң заңдары қолданылатын болады.
Ауыр сырқаттарды тасымалдау, жолаушыларды автобустармен тұрақты тасымалдау, жануарларды және тез бүлiнетiн жүктердi тасымалдау кезiнде көрсетілген бақылау түрлерi кезексiз жүргiзiлетiн болады.
Халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру кезiнде Тараптар өз мемлекеттерiнiң аумақтарында Тараптардың кез келгенiнiң автомобиль көлiгi кәсiпорындары (фирмалары) үшiн олардың ұйымдық-құқықтық нысандарына және көлiктiк және көлiк-экспедициялық қызметтердi сату саласындағы меншiк нысандарына қарамастан тең жағдайды қамтамасыз етедi, сондай-ақ бiрлескен кәсiпорындар құруға жәрдемдесетiн болады.
1. Автобустардың немесе жүк автомобильдерiнiң жүргiзушiлерiнде, олар басқарып отырған автокөлiк құралдарының санаттарына сәйкес ұлттық немесе халықаралық жүргiзушi куәлiгi және автокөлiк құралдарына арналған ұлттық тiркеу құжаттары болуы тиiс.
2. Ұлттық немесе халықаралық жүргiзушi куәлiктерi 1968 жылғы Жол қозғалысы туралы халықаралық конвенцияда белгіленген үлгiге сәйкес болуы тиiс.
3. Осы Келiсiмнің ережелерiне сәйкес талап етілетiн рұқсаттар мен басқа құжаттар көлiк құралында болуы және Тараптардың құзыреттi органдарының талабы бойынша көрсетiлуi тиiс.
4. Тараптардың әрқайсысы өз мемлекетiнiң осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң құзыреттi органдары берген көлiк құралдарына арналған тiркеу құжаттарын және нөмiрлiк белгілерiн, сондай-ақ автокөлiк құралын басқару құқығына арналған жүргiзушi куәлiктерiн таниды.
Осы Келiсiмнiң шеңберiнде жүзеге асырылатын төлемдер Тараптардың арасында төлем жасау күнiне қолданылып жүрген төлемдер туралы келiсiмдерге сәйкес жүргiзiлетiн болады.
Тараптардың бiрiнiң мемлекетi аумағында тiркелген автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерi автокөлiк құралы аумағында жүрген мемлекеттiң заңдарын сақтауға мiндеттi.
Тараптар екi жақты негiзде мына салалардағы:
автомобиль көлiгiндегi ғылыми-техникалық саясатты;
автомобиль көлiгiнiң жұмысын регламенттейтiн заң және басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын, стандарттар мен нормаларды әзiрлеу;
жылжымалы құрамға техникалық көмек көрсету, автомобильдерге жанар-жағар май материалдарын құю үшiн жағдай жасау;
авариялар кезiнде көмек көрсету жұмыстарын үйлестіретiн болады.
Тараптар қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер енгiзу туралы, сондай-ақ автомобиль көлiгi саласында жаңа нормативтiк құжаттарды бекiту туралы егер осы кезде басқа Тараптардың мүдделерi қозғалатын болса бiр бiрiн хабардар етедi.
1. Осы Келiсiмнiң ережелерiн орындау және туындайтын даулы мәселелердi шешу үшiн Тараптар Аралас комиссия құрады.
2. Егер келiспеушiлiктер Аралас комиссияның отырысында реттелмейтiн болса, онда Тараптардың бiрiнің мемлекеттерi құзыреттi органдарының талабы бойынша олар Интеграциялық Комитеттiң қарауына берiледi.
3. Аралас комиссияға, кейiннен оларды Тараптардың қарауына енгiзе отырып, осы Келiсiмге түзетулер жасау құқығы берiледi.
Осы Келiсiммен, сондай-ақ Тараптар қатысушы болып табылатын халықаралық шарттармен реттелмеген мәселелер Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес шешiлетiн болады.
Осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу барлық Тараптардың келiсiмi бойынша жүргiзiледi және осы Келiсiмнiң 26-бабына сәйкес күшiне енетiн тиiстi Хаттамамен ресiмделедi.
1. Осы Келiсiм Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы қатысушы болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды.
2. Осы Келiсiмге қол қою сәтiне Тараптар арасында жасалған халықаралық автомобиль қатынасы туралы екi жақты келiсiмдердiң ережелерi осы Келiсiмнiң ережелерiне қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.
1. Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалды, Тараптардың ұлттық заңдарына қайшы келмейтiн бөлiгiнде қол қойылған күнiнен бастап уақытша қолданылады және оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы хабарлама депозитарий болып танылатын Интеграциялық Комитетке тапсырылған күннен бастап күшiне енедi.
2. Тараптардың әрқайсысы депозитарийдi шығуынан алты ай бұрын жазбаша хабарландыру арқылы осы Келiсiмнен шығуға құқылы.
Мәскеу қаласында 1998 жылғы 24 қарашада орыс тiлiнде бiр данада жасалды. Түпнұсқа дана оның расталған көшiрмесiн осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң әрқайсысына жiберетiн Интеграциялық Комитетте сақталады.
Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасының Республикасының Республикасының Федерациясының
Үкiметi үшiн Yкiметi үшiн Yкiметi үшiн Yкiметi үшiн
Көлiк одағын құру туралы
келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң
арасындағы Халықаралық
автомобиль қатынасы туралы
келiсiмге қосымша
Көлiк одағын құру туралы келiсiмге қатысушы
мемлекеттердiң арасындағы Халықаралық автомобиль
қатынасы туралы келiсiмдегi жекелеген ұғымдар мен
терминдердi қолдану туралы
ХАТТАМА
Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi және Ресей Федерациясының Үкiметi төмендегiлер туралы уағдаласты:
1. Келiсiмде Тараптардың құзыреттi органдары ұғымында:
Беларусь Республикасы тарапынан - Беларусь Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi (7-баптың 1-тармағы бойынша - Беларусь Республикасының Өнеркәсiпте және атом энергетикасында жұмыстарды қауiпсiз жүргiзудi қадағалау жөнiндегi комитет);
Қазақстан Республикасы тарапынан - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi (14-бап бойынша - Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiмен, 14, 17-баптар бойынша - Қазақстан Республикасының Ішкi iстер министрлiгiмен бiрлесiп);
Қырғыз Республикасы тарапынан - Қырғыз Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi (7-баптың 1-тармағы бойынша - Қырғыз Республикасының Ішкi iстер министрлiгi);
Ресей Федерациясы тарапынан - Ресей Федерациясының Көлiк министрлiгi (7-баптың 2-тармағы бойынша - Ресейдiң Федеральдық жол қызметi құзыретті орган болып табылады).
2. Келiсiмде мынадай терминдер қолданылады:
"тасымалдаушы" - Тараптардың бiрiнiң мемлекетi аумағында тiркелген және қолданылып жүрген ұлттық заңдарға сәйкес жолаушылар мен жүктердiң халықаралық тасымалын орындауға жіберілген заңды немесе жеке тұлға;
"автокөлік құралы":
жүктердi тасымалдау кезінде - жүк автомобилі, тіркемесі бар жүк автомобилi, автомобиль тартқышы немесе жартылай тiркемесi бар тартқыш;
жолаушыларды тасымалдау кезінде - автобус, яғни жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргiзушінің орнын қосқанда кемінде 9 отыратын орны бар автокөлiк құралы, сондай-ақ жеке теңдеме жүктi тасымалдауға арналған тiркемесi болуы мүмкiн;
"жолаушыларды тұрақты тасымалдау" - "Тараптардың құзыреттi органдарымен алдын ала келiсiлген кесте, тариф, қозғалыстың бастапқы және соңғы пункттерi және аялдау пункттерi көрсетілген жүру бағыты бойынша автобустармен жүзеге асырылатын жолаушылар тасымалы;
"жолаушыларды тұрақсыз тасымалдау" - "Жолаушыларды тұрақты тасымалдау" ұғымына жатпайтын қалған барлық жолаушы тасымалы;
"үшiншi мемлекет" - осы Келiсiмнiң қатысушысы болып табылмайтын кез келген басқа мемлекет.
3. Келiсiмнiң 15-бабында "санитарлық бақылау" терминi санитарлық, мал дәрiгерлiк, сондай-ақ фитосанитарлық бақылауды бiлдiредi.
Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын осы Хаттама Мәскеу қаласында 1998 жылғы 24 қарашада орыс тiлiнде бiр данада жасалды. Түпнұсқа дана оның расталған көшiрмесiн осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң әрқайсысына жiберетiн Интеграциялық Комитетте сақталады.
Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасының Республикасының Республикасының Федерациясының
Үкiметi үшiн Yкiметi үшiн Yкiметi үшiн Yкiметi үшiн