Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.12.2016 № 778 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуін регламенттейтін кейбір мәселелер» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1345 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 49, 558-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өту және рұқсат құжаттарын беру ережесінде:
7-тармақ алынып тасталсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк рейстен керi бағытта қайтып бара жатқан шетелдiк жүк автокөлiк құралына Қазақстан Республикасының аумағында жолай жүк тиелген кезде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгiленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуі үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн уәкiлеттi орган беретiн Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп өтуге қосымша рұқсаттың болуы қажет.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов