Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы N 17 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы N 159-1 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Тұтыну нарығындағы бағаны тұрақтандырудың жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы N 17  қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтар тізбесі мен көлемінде:
      "Болжамды сақтау көлемі (тонна)" бағанында "(тонна)" деген сөз алынып тасталсын;
      "DDР ИНКОТЕРМС 2000 шартындағы бағасы (теңге/тонна)" бағанындағы "тонна" деген сөз "өлш. бірл." деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 1-жолдың "Өлш. бірл" бағанындағы "тн" деген аббревиатура "мың л." деген сөзбен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 2-жолдың "Өндіруші ел" бағанындағы "импорт" деген сөз алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады