Облыстық бюджеттердің 2009 жылғы республикалық бюджеттен тұқым шаруашылығын қолдауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 ақпандағы N 99 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының " Тұқым шаруашылығы туралы " 2003 жылғы 8 ақпандағы және " 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы " 2008 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Облыстық бюджеттердің 2009 жылғы республикалық бюджеттен тұқым шаруашылығын қолдауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі ;
      2) көбейту жылдары бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының түрлеріне және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға 2009 жылға арналған бюджеттік субсидиялар нормативтері ;
      3) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сатылған элиталық тұқымының 1 тоннасына 2009 жылға арналған бюджеттік субсидиялар нормативтері бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің      
      2009 жылғы 2 ақпандағы 
N 99 қаулысымен    
бекітілген       

Облыстық бюджеттердің 2009 жылғы республикалық бюджеттен тұқым шаруашылығын қолдауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттердің 2009 жылғы республикалық бюджеттен тұқым шаруашылығын қолдауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңында 082 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұқым шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде көзделген қаражат есебінен және шегінде бірегей тұқым өндірушілердің (бұдан әрі - оригинаторлар) және элиталық тұқым шаруашылықтарының (бұдан әрі - элиттұқымшарлар) өсімдік шаруашылығын дамытудың басым бағыттарын ескере отырып, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығын дамытуға арналған қаражатты (бұдан әрі - бюджеттік субсидиялар) пайдалану тәртібін айқындайды.
      2. Министрлік облыстық бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды бюджеттік бағдарламаның төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына (бұдан әрі - төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспары) және облыс әкімі мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі арасындағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес жүргізеді.
      3. Бюджеттік субсидиялар:
      1) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын өндіруге жіберілген шығындарды ішінара өтеуге;
      2) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жіберілген шығындарды толық өтеуге;
      3) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымының және жеміс дақылдары мен жүзімнің көшеттерінің (бұдан әрі - элиталық тұқым мен көшеттер) құнын ішінара арзандатуға арналады.
      4. Осы Ереженің 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар белгіленген тәртіппен аттестатталған оригинаторларға Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берілген және (немесе) перспективалық деп танылған ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының бірегей тұқымының нақты өндірілген көлемі үшін төленеді.
      5. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын өндіру шығындарын ішінара өтеуді бюджеттік субсидиялау Министрлік элиталық тұқымдар мен көшеттер алу үшін оларды өндірудің ғылыми негізделген нормаларына сәйкес көбейту жылдары бойынша тұқымның әрбір түріне әрбір оригинатор үшін белгілеген квоталар шеңберінде жүзеге асырылады.
      6. Осы Ереженің 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар заңнамада белгіленген тәртіппен аттестатталған оригинаторларға жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салу және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету жөніндегі нақты орындалған іс-шаралар үшін төленеді.
      7. Әрбір оригинатор үшін жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салу және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету алаңын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі - облыстың жергілікті атқарушы органы) өтінімдерін ескере отырып, Министрлік көп жылдық екпелер алаңына келетін телітушілерге қажеттіліктің ғылыми негізделген нормаларына сәйкес белгілейді.
      8. Осы Ереженің 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар заңнамада белгіленген тәртіппен аттестатталған элиттұқымшарларға Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берілген сорттардың элиталық тұқымы мен көшеттерінің арзандатылған құны бойынша отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге Министрлік тұқымның және көшеттердің әрбір түрі бойынша әрбір облыс үшін белгілеген квоталар шегінде нақты сатылған көлемі үшін төленеді.
      9. Әрбір элиттұқымшар үшін элиталық тұқым мен көшеттердің әрбір түрі бойынша квотаны облыстың жергілікті атқарушы органының бұйрығымен құрылатын тұрақты жұмыс істейтін комиссия белгілейді және ол облыстың жергілікті атқарушы органының бұйрығымен бекітіледі.
      Комиссия құрамына облыстың жергілікті атқарушы органының, Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері енгізіледі.
      Облыстың жергілікті атқарушы органы комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      Квоталарды бөлу дақылдың басымдылығын ескере отырып, олардың ғылыми негізделген қажеттілік нормаларына сәйкес егістік алаңына жүргізіледі. Көрсетілген квотаға облыстан тыс жерлерге сатылатын тұқымдар енгізіледі.
      10. Белгіленген квоталар көлемдерін орындау барысын және бюджеттік қаражатын игерудің уақтылығын бақылау үшін облыстың жергілікті атқарушы органы Министрлікке ағымдағы жылдың 30 шілдесінен кешіктірмей нақты жетістіктердің тікелей және түпкілікті нәтижелерін көрсетіп бірінші жарты жылдықтың қорытындылары бойынша бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы ақпарат береді.
      Аттестатталған тұқым өндірушілер бірегей тұқым өндіру және элиталық тұқым мен көшеттер сату квоталарының белгіленген көлемдерін орындамаған жағдайда облыс ішінде квоталарды қайта бөлуді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілетін Аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдарды өндірудің және элиталық тұқымдарды сатудың жыл сайынғы квоталарын белгілеу ережесіне сәйкес Министрлік жүзеге асырады.
      Аттестатталған тұқым өндірушілердің бірегей тұқым өндіру және элиталық тұқым мен көшеттер сату квоталарының белгіленген көлемдерін орындамауы бюджеттік субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлуге әкеп соққан жағдайда Министрлік Қазақстан Республикасының Үкіметіне заңнамада белгіленген тәртіппен 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде бюджеттік субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.
      11. Элиттұқымшарлар элиталық тұқым мен көшеттерді отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге Министрліктің бұйрығымен белгіленген шекті бағадан аспайтын баға бойынша сатады.

2. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын өндіруге жіберілген шығындарды ішінара өтеуге және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жіберілген шығындарды толығымен өтеуге арналған бюджеттік субсидияларды пайдалану тәртібі

      12. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын өндіруге жіберілген шығындарды ішінара өтеуге бюджеттік субсидиялар алу үшін:
      1) оригинаторлар тиісті жылдың 10 қарашасынан кешіктірмейтін мерзімде облыстың жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды:
      ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының оригинатор нақты өндірген көлемдері жөніндегі тізілімді;
      ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын кіріске алу актілерін;
      ауыл шаруашылығы өсімдіктері бірегей тұқымдарының егістігін сынақтан өткізу актілерін;
      егістіктерді сынақтан өткізу туралы екі данадағы есепті;
      тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы зертхананың (бұдан әрі - тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана) тексерілген тұқымның саны мен сапасының мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы анықтамасын ұсынады;
      2) облыстың жергілікті атқарушы органы ұсынылған құжаттардың шынайылығын тексереді, оригинатор нақты өндірген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының көлемдері жөніндегі тізілімді бекітеді, облыс бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының нақты өндірілген көлемдері жөнінде жиынтық тізілім жасайды және тиісті жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмейтін мерзімде белгіленген бюджеттік субсидиялар нормативтерінің негізінде оригинаторларға төленуі тиіс қаражаттың көлемін айқындайды.
      13. Оригинатор нақты өндірген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының көлемдері жөніндегі тізілімнің, облыс бойынша нақты өндірілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының көлемдері жөніндегі жиынтық тізілімнің, республика бойынша нақты өндірілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының көлемдері жөніндегі жиынтық тізілімнің, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын кіріске алу актісінің, тексерілген тұқымдардың саны мен сапасы туралы тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана анықтамасының нысандарын Министрлік белгілейді.
      14. Облыстың жергілікті атқарушы органы оригинаторлар ұсынған растаушы құжаттар негізінде осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірілген бірегей тұқым үшін бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость жасайды.
      15. Төлемдер бойынша көрсетілген бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес тиесілі сомаларды оригинаторлардың ағымдағы шоттарына аудару үшін облыстың жергілікті атқарушы органы аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада ақы төлеу шоттарының тізілімін және ақы төлеу шоттарын береді.
      16. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жіберілген шығындарды толық өтеу үшін:
      1) оригинаторлар жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салу және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету жөнінде келтірілген шығындар нәтижелері бойынша облыстың жергілікті атқарушы органына жасалған шарттардың және жұмсалған шығындар бойынша төлеу фактісін растайтын барлық құжаттардың, сондай-ақ кіріске алу актілерінің көшірмелерін тапсырады;
      2) облыстың жергілікті атқарушы органы он жұмыс күні ішінде жасалған шарттардың және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салу және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету жөніндегі шығындарды растайтын құжаттардың шынайылығын тексереді және осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость жасайды.
      Төлемдер бойынша көрсетілген бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес тиесілі сомаларды оригинаторлардың ағымдағы шоттарына аудару үшін облыстың жергілікті атқарушы органы аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада ақы төлеу шоттарының тізілімін және ақы төлеу шоттарын береді.

3. Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған элиталық тұқым мен көшеттердің құнын ішінара арзандатуға арналған бюджеттік субсидияларды пайдалану тәртібі

      17. Арзандатылған құн бойынша сатылған элиталық тұқым мен көшеттерге бюджеттік субсидиялар алу үшін:
      1) Қазақстан Республикасы қорғалатын өсімдіктер сорттарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдары белгіленген квота шегінде сатылған жағдайда, элиттұқымшарлар ауыл шаруашылығы саласындағы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі - ауданның жергілікті атқарушы органы) лицензиялық шартты береді, бұл бойынша патент иесі (лицензиар) элиталық тұқым шаруашылығына (лицензиатқа) "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес селекциялық жетістікті уақытша пайдалану құқығын береді;
      2) элиттұқымшарлар ай сайын 1-күнге қарай ауданның жергілікті атқарушы органына сатып алушылар бөлінісінде сатылған элиталық тұқымның және көшеттердің саны мен сапасы туралы ақпарат береді;
      3) элиттұқымшарлар элиталық тұқымдар мен көшеттерді сату фактісін растау үшін мынадай мерзімде: жаздық дақылдар мен көшеттер бойынша - тиісті жылдың 20 маусымына дейін, ал күздік дақылдар бойынша - тиісті жылдың 10 қарашасына дейін ауданның жергілікті атқарушы органына:
      элиттұқымшар нақты сатқан элиталық тұқымдар мен көшеттердің көлемі жөніндегі жиынтық тізілімді;
      элиталық тұқымдарды өндіруге арналған бастапқы материалдың шығу тегін растайтын құжаттарды (көбейту питомниктері, суперэлита және элита егістерін сынақтан өткізу актілері мен сынақтан өткізу туралы есепті, ал көбейту питомниктерінің тұқымы мен суперэлитаны сатып алған жағдайда - тұқымға арналған аттестаттың көшірмесін);
      тексерілген тұқымның (көшеттерді қоспағанда) саны мен сапасының мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың анықтамасын;
      сатылған элиталық тұқымның және көшеттердің бастапқы төлем құжаттарының, сондай-ақ тұқымды және көшеттерді тиеп жөнелтуге арналған жүкқұжаттың және шот-фактуралардың көшірмелерін;
      элиттұқымшар мен сатып алушының арасындағы сатылған және сатып алынған элиталық тұқымның және көшеттердің саны туралы элиталық тұқымды және көшеттерді сатып алу-сату шартын ұсынады.
      Элиталық тұқымды және көшеттерді сатып алу-сату шарты төрт данада жасалады: біріншісі - элиттұқымшар үшін, екіншісі - сатып алушы үшін, үшіншісі - ауданның жергілікті атқарушы органы үшін, төртіншісі - облыстың жергілікті атқарушы органы үшін;
      4) ауданның жергілікті атқарушы органы ұсынылған бастапқы төлем құжаттарының көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады және өзінің мөрімен куәландырады. Куәландырылған бастапқы төлем құжаттарының көшірмелері, элиталық тұқымның және көшеттердің нақты сатылған көлемдері жөніндегі жиынтық тізілімнің бір данасы және сатып алу-сату шартының бір данасы ауданның жергілікті атқарушы органында сақтауға тапсырылады;
      5) ауданның жергілікті атқарушы органы мынадай мерзімде: жаздық дақылдар және көшеттер бойынша - тиісті жылдың 1 шілдесіне дейін, ал күздік дақылдар бойынша - тиісті жылдың 20 қарашасына дейін облыстың жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды:
      элиттұқымшар нақты сатқан элиталық тұқым және көшеттер көлемдері жөніндегі жиынтық тізілімді;
      элиттұқымшар мен сатып алушы арасындағы сатылған және сатып алынған элиталық тұқымның және көшеттердің саны туралы элиталық тұқымды сатып алу-сату шартын;
      элиталық тұқымды және көшеттерді мақсатты пайдалану туралы актіні;
      тексерілген тұқымның (көшеттерді қоспағанда) саны мен сапасының мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың анықтамасын тапсырады.
      Элиталық тұқымдар мен көшеттердің мақсатты пайдаланылуын растау жөніндегі комиссияның төрағасы осы Ереженің 17-тармағының 2) тармақшасына сәйкес берілген ақпаратқа сәйкес ауданның тиісті жергілікті атқарушы органына немесе көрсетілген тұқымдар мен көшеттерді сатқан элиталық тұқым шаруашылығына элиталық тұқымдар мен көшеттердің мақсатты пайдаланылуы туралы актіні беруді қамтамасыз етеді;
      6) облыстың жергілікті атқарушы органы:
      он бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді, облыс бойынша элиталық тұқымның және көшеттердің нақты сатылған көлемі жөніндегі жиынтық актіні жасайды және бекітеді;
      облыс бойынша элиталық тұқым мен көшеттердің нақты сатылған көлемі жөнінде бекітілген жиынтық актілер бойынша, онда көрсетілген элиталық тұқым мен көшеттердің көлемі мен бекітілген бюджеттік субсидиялар нормативтері негізінде тиесілі бюджет қаражатының көлемін анықтайды;
      әрбір элиттұқымшарға белгіленген квоталар шегінде осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған элиталық тұқымның және көшеттердің ішінара арзандатылған құны үшін бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомость жасайды;
      7) ұсынылып отырған элиталық тұқымдарды және көшеттерді сатып алу-сату шартының, элиталық тұқымдарды және көшеттерді мақсатты пайдалану актісінің, элиттұқымшар нақты сатқан элиталық тұқымның және көшеттердің көлемі жөніндегі жиынтық тізілімнің, облыс бойынша сатылған элиталық тұқымдардың және көшеттердің көлемі жөніндегі жиынтық актінің нысандарын Министрлік бекітеді.
      18. Облыстың жергілікті атқарушы органы төлемдер бойынша көрсетілген бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес бюджеттік субсидиялар төлеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада ақы төлеу шоттарының тізілімін және ақы төлеу шоттарын береді.
      19. Ай сайын 5-күнге қарай, бірақ тиісті жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей облыстың жергілікті атқарушы органы Министрлікке тұқым шаруашылығын дамытуға бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомостардың және жиынтық ведомостардың көшірмелерін, бюджеттік субсидиялардың төленген көлемі туралы есепті ұсынады.
      Облыстың жергілікті атқарушы органы тікелей және түпкілікті нәтижелердің нақты жетістіктері туралы қорытынды есепті келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей Министрлікке береді.

4. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау

      20. Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің тұқым шаруашылығы бойынша мемлекеттік инспекторлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
      21. Облыстың және ауданның жергілікті атқарушы органдары бюджеттік субсидиялар төлеу үшін тапсырылған құжаттардың шынайылығы үшін жауапты болады.
      22. Министрлік нәтижелер туралы жасалған келісімдер негізінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттердің уақтылы аударылмағаны және нысаналы трансферттерді пайдалану кезінде көрсеткіш нәтижелеріне жетпегені үшін жауапты болады.
      23. Облыстың әкімдері нысаналы трансферттерді нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес келмейтіндей пайдаланғаны, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті табыс етпегені үшін жауапты болады.

                                          Облыстық бюджеттердің
                                         2009 жылғы республикалық
                                        бюджеттен тұқым шаруашылығын
                                         қолдауға арналған ағымдағы
                                          нысаналы трансферттерді
                                           пайдалану ережесіне
                                                  1-қосымша

                                            Бекітемін
                              _______________________________ облысы
                              Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
                              ______________________________________
                                      (Т.А.Ә., қолы, мөрі)

                              200  жылғы " "

       200__ жылғы "___" ______ - "___" __________ кезеңінде
     өндірілген бірегей тұқымдар үшін бюджеттік субсидиялар
                   төлеуге арналған ведомость

Ауданның атауы

Бірегей тұқым өндірушінің атауы

Дақыл

Өсімпаздық

Бірегей тұқым өндірудің жылдық квотасы

Бюджеттік субсидиялауға құжаттар тапсырылған бірегей тұқымның нақты көлемі, тонна

Өндірілген бірегей тұқымдардың 1 тонна сына арналған бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге

Жыл басынан тиесілі бюджеттік субсидиялар сомасы, теңге

Жыл басынан төленгені, теңге

Тиесілі бюджеттік субсидия сомасының қалдығы, теңге

200_ж. "__" ____  квота шегінде төлеуге жататыны, теңге

тонна

сомасы, (теңге)

жыл басынан

200_ ж. "__" ____ - "__" ____ кезеңінде

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13



























Жиыны:













_________________ облысының
Ауыл шаруашылығы басқармасы
құрылымдық бөлімшесінің басшысы                       (Т.А.Ә., қолы)

                                          Облыстық бюджеттердің
                                         2009 жылғы республикалық
                                        бюджеттен тұқым шаруашылығын
                                         қолдауға арналған ағымдағы
                                          нысаналы трансферттерді
                                           пайдалану ережесіне
                                                  2-қосымша

                                            Бекітемін
                              _______________________________ облысы
                              Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
                              ______________________________________
                                      (Т.А.Ә., қолы, мөрі)

                              200  жылғы " "

    200__ жылғы "___" _______ - "___" __________ кезеңінде
    жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері
    аналықтарын салуға және салынған жеміс-жидек дақылдары
  мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған
  өндірісіне қызмет көрсетуге бюджеттік субсидиялар төлеуге
                     арналған ведомость     

Ауданның атауы

Бірегей тұқым өндірушінің атауы

Дақыл

Іс-шара атауы (салу және/ немесе қызмет көрсету)

Салудың және/немесе қызмет көрсетудің жылдық квотасы

Салынатын және/немесе қызмет көрсетудің нақты көлемі, га

Салудың және/немесе қызмет көрсетудің 1 гектарына арналған бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге

Жыл басынан тиесілі бюджеттік субсидия сомасы, теңге

Жыл басынан төленгені, теңге

Тиесілі бюджеттік субсидия сомасының қалдығы, теңге

200_ ж. "__" ____ квота шегінде төлеуге жататыны, теңге

га

сомасы, (теңге)

жыл басынан

200_ ж. "__" ____ -  "__" ____ кезеңінде

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13



























Жиыны:













_________________ облысының
Ауыл шаруашылығы басқармасы
құрылымдық бөлімшесінің басшысы                       (Т.А.Ә., қолы)

                                          Облыстық бюджеттердің
                                         2009 жылғы республикалық
                                        бюджеттен тұқым шаруашылығын
                                         қолдауға арналған ағымдағы
                                          нысаналы трансферттерді
                                           пайдалану ережесіне
                                                  3-қосымша

                                            Бекітемін
                              _______________________________ облысы
                              Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
                              ______________________________________
                                      (Т.А.Ә., қолы, мөрі)

                              200__ жылғы "__"______________________

       200__ жылғы "__" _________ - "__" ___________ кезеңінде
    отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған
    элиталық тұқымның және көшеттердің ішінара арзандатылған
     құнына бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған жиынтық
                           ведомость

Ауданның атауы

Элиттұқымшар атауы

Дақыл

Сатылған күні

Элиталық тұқымды сатудың жылдық квотасы

Бюджеттік субсидиялауға құжаттар тапсырылған элиталық тұқымның және көшеттердің нақты сатылған көлемі, тонна

Сатылған элиталық тұқымдардың 1 тоннасына арналған бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге

Жыл басынан тиесілі бюджеттік субсидиялар сомасы, теңге

Жыл басынан төленгені, теңге

Тиесілі бюджеттік субсидиялар сомасының қалдығы, теңге

200_ ж. "__" ____ квота шегінде төлеуге жататыны, теңге

тонна

сомасы, (теңге)

жыл басынан

200_ ж. "__" ____ -  "__" ____ кезеңінде

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13



























Жиыны:













_________________ облысының
Ауыл шаруашылығы басқармасы
құрылымдық бөлімшесінің басшысы                       (Т.А.Ә., қолы)

                                              Қазақстан Республикасы
                                                    Үкіметінің
                                              2009 жылғы 2 ақпандағы
                                                  N 99 қаулысымен
                                                     бекітілген

     Көбейту жылдары бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің
   бірегей тұқымдарының түрлеріне және жеміс-жидек дақылдары
    мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға
    2009 жылға арналған бюджеттік субсидиялар нормативтері

Р/с
N

Өнімнің түрі, іс-шаралар

Бірегей тұқымның 1 тоннасын (данасын) өндіруге, аналықтар салуға жіберілген шығындарды өтеу пайызы, (дейін)

Бір тоннаға (данаға, гектарға) арналған бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге

1

2

3

4

Көбейту питомниктері мен аналық нысандар

1

Жүгері мен күріштен басқа, дәнді және дәнді бұршақты дақылдар

40

55187

2

Жүгері

40

332808

3

Күріш

40

76269

4

Қытайбұршақ

40

161907

5

Күнбағыс

40

412262

6

Басқа майлы дақылдар

40

161907

7

Картоп

40

124241

8

Көп жылдық шөптер:
бұршақты
дәнді


40
40


571733
219436

9

Бір жылдық шөптер

40

56967

10

Қант қызылшасы

40

2085600

11

Мақта

40

212128

12

Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салу

100

1323723,4

13

Салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету

100

1126047,2

Суперэлита

1

Жүгері мен күріштен басқа, дәнді және дәнді бұршақты дақылдар

40

12072

2

Жүгері

40

72802

3

Күріш

40

18300

4

Күнбағыс

40

90182

5

Қытайбұршақ

40

35417

6

Басқа майлы дақылдар

40

35417

7

Картоп

40

27178

8

Көп жылдық шөптер:
бұршақты
дәнді


40
40


125067
48002

9

Біржылдық шөптер

40

12462

10

Қант қызылшасы

40

1000000

11

Көкөніс

40

878400

                                              Қазақстан Республикасы
                                                    Үкіметінің
                                              2009 жылғы 2 ақпандағы
                                                   N 99 қаулысымен
                                                     бекітілген

  Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сатылған элиталық тұқымының
   1 тоннасына 2009 жылға арналған бюджеттік субсидиялар
                       нормативтері

Р/с
N

Өнімнің түрі

Элиталық тұқымның 1 тоннасының құнын арзандату пайызы, (дейін)

Сатылған элиталық тұқымның 1 тоннасына бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге (дейін)

1

2

3

4

1

Жұмсақ бидай

40

19330

2

Қатты бидай

40

20160

3

Қара бидай

40

19330

4

Арпа

40

15080

5

Сыра дайындауға арналған арпа

40

15900

6

Сұлы

40

15080

7

Тары

40

18400

8

Қарақұмық

40

21120

9

Жүгері:



кеш пісетін, орташа-кеш және орташа пісетін бірінші ұрпағының будандары;

40

103600

ерте пісетін бірінші ұрпағының будандары

40

67200

10

Күріш

40

25488

11

Асбұршақ

40

20600

12

Ноқат

40

21280

13

Қытайбұршақ

40

21200

14

Басқа дәнді бұршақты дақылдар

40

15000

15

Күнбағыс:
элиталық тұқымдар;
бірінші ұрпағының будандары

 
40
40

 
168000
140000

16

Рапс

40

78080

17

Басқа майлы дақылдар

40

42744

18

Картоп

40

40000

19

Көкөніс

40

420000

20

Көп жылдық шөптер:
бұршақты
дәнді

 
40
40

 
170000
65584

21

Біржылдық шөптер

40

30000

22

Қант қызылшасы

40

1500000

23

Мақта, бірінші өсімпаздықты қоса алғанда

40

45000

24

Жеміс дақылдарының көшеттері

40

140

25

Жүзім көшеттері

40

90

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады