Орман қоры жерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 ақпандағы N 120 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 130-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Ақмола облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Куйбышев орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - мекеме) орман қоры жерінен алаңы 0,028 гектар жер учаскелері өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер санатына ауыстырылсын.
      2. Ақмола облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерін электр беру желілерін салу үшін "Васильковский КБК" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қоғам) беруді қамтамасыз етсін.
      3. Қоғам Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін және алынған сүректі мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

                                              Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                             2009 жылғы 6 ақпандағы
                                                N 120 қаулысына
                                                     қосымша

    Орман қоры жерінің санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс,
   қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес
     жерлер санатына ауыстырылатын "Ақмола облысы Табиғи
   ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының
        Куйбышев орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі"
           мемлекеттік мекемесі жерінің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы Жалпы алаңы, гектар Оның ішінде:
орман көмкерген егістік жайылым шабындық құмдар өзге жерлер

"Ақмола облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Куйбышев орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесі

0,028

0,028

-

-

-

-

-

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады