Оңтүстік Қазақстан облысы облыстық бюджетінің 2009 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға пайдалану ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 ақпандағы N 130 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының " Мақта саласын дамыту туралы " 2007 жылғы 21 шілдедегі және " 2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2008 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Оңтүстік Қазақстан облысы облыстық бюджетінің 2009 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға пайдалану ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2009 жылғы 10 ақпандағы
N 130 қаулысымен   
бекітілген      

Оңтүстік Қазақстан облысы облыстық бюджетінің 2009 жылғы
республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы
трансферттерді қазақстандық мақта талшығының сапасына
сараптама жасауға пайдалану ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Оңтүстік Қазақстан облысы облыстық бюджетінің 2009 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді және 089 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджет қаражатының есебінен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді Оңтүстік Қазақстан облысы облыстық бюджетінің пайдалану тәртібін айқындайды.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде 089 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасының төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспары негізінде, сондай-ақ облыс әкімі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі арасындағы Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы қол қойылған келісімнің шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген субсидиялау көлеміне сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының ағымдағы нысаналы трансферттерін аударады.
      3. Қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға арналған қаражат (бұдан әрі - бюджеттік субсидиялар) мақта иелеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 1215 қаулысымен бекітілген Министрліктің стратегиялық жоспарының 3-қосымшасында айқындалған көлемде мақта талшығының сапасына сараптама жасауға арналған шығындардың құнын толық өтеуге арналады.
      4. Қажет болған жағдайда мақта талшығының бумасына қайта сараптама жасау мақта талшығы иесінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

2. Қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама
жасауға арналған шығындарды толық өтеуге арналған
бюджеттік субсидияларды пайдалану тәртібі

      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын сарапшы ұйым мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметтерді көрсетуші (бұдан әрі - қызметтер көрсетуші) болып табылады.
      6. Мақта иелері мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметтерді сатып алушылар (бұдан әрі - қызметтерді сатып алушы) болып табылады.
      7. Мақта талшығының сапасына сараптама жасауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы N 1173 қаулысымен бекітілген Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру ережесіне сәйкес қызметтер көрсетуші жүзеге асырады.
      8. Мақта өңдеу ұйымдары қызметтер көрсетушіге осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтерді сатып алушылардың тізілімін ұсынады.
      9. Мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнінде қызметтер көрсету фактісі бойынша қызметтер көрсетуші мақта өңдеу ұйымдары ұсынған қызметтерді сатып алушылар тізілімдерінің негізінде осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнінде көрсетілген қызметтердің жиынтық актісін жасайды.
      10. Қызметтер көрсетуші бюджеттік субсидиялар алу үшін ай сайын, есептіден кейінгі айдың 10-күніне Ауыл шаруашылығы басқармасына мынадай құжаттарды ұсынады:
      мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнінде көрсетілген қызметтердің жиынтық актісі;
      мақта талшығының сапасы паспорттарының көшірмелері.
      11. Ауыл шаруашылығы басқармасы он жұмыс күні ішінде бюджеттік субсидиялар алу үшін қызметтер көрсетуші ұсынған құжаттарды тексереді. Ауыл шаруашылығы басқармасы қызметтер көрсетуші ұсынған растаушы құжаттардың негізінде осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомосты қалыптастырады.
      12. Ауыл шаруашылығы басқармасы үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада ақы төлеу шоттарының тізілімін және ақы төлеу шотын ұсынады.
      13. Ауыл шаруашылығы басқармасы бюджеттік субсидиялар төлеу үшін берілетін құжаттардың дұрыстығы үшін жауапты болады.
      14. Ауыл шаруашылығы басқармасы ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей және тиісті қаржы жылының 25 желтоқсанынан кешіктірмей сараптаманың жүзеге асырылуы жөнінде Министрлікке төленген субсидиялардың көлемі мен мақта талшығы сынамасының саны туралы есеп береді.
      15. Облыс әкімдері Министрлікке тікелей және түпкілікті нәтижелердің нақты жетістіктері туралы аралық есепті жарты жылдық қорытындылары бойынша 30 шілдеден кешіктірмей, ал қорытынды есепті келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.
      16. Министрлік нәтижелер туралы жасалған келісімдер негізінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы нысаналы трансферттерді төмен тұрған бюджеттерге аудармағаны үшін және ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану кезінде нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізбегені үшін жауапты болады.
      17. Облыс әкімдері нысаналы трансферттердің Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелері туралы жасалған келісімге сәйкес пайдаланылмағаны, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті ұсынбағаны үшін жауапты болады.

                                 Оңтүстік Қазақстан облысы облыстық
                                 бюджетінің 2009 жылғы республикалық
                                бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы                                    трансферттерді қазақстандық мақта
                                    талшығының сапасына сараптама
                                     жасауға пайдалану ережесіне
                                              1-қосымша

            __________________________________________________
                     (мақта өңдеу ұйымының атауы)

                   ________________________ кезеңдегі
     мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметтерді
                          сатып алушылардың тізілімі

Р/с N

Қызметтерді сатып алушының атауы

Бумалар (сынамалар) саны, дана

Бумалар (сынамалар) нөмірлері

1

2

3

4






Жиыны:



Басшы               _______________
                     (Т.А.Ә., қолы)

Бас бухгалтер       _______________
                     (Т.А.Ә., қолы)

М.О.
Күні _________

                                 Оңтүстік Қазақстан облысы облыстық
                                 бюджетінің 2009 жылғы республикалық
                                бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы
                                  трансферттерді қазақстандық мақта
                                    талшығының сапасына сараптама
                                     жасауға пайдалану ережесіне
                                             2-қосымша

      Мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнінде
           көрсетілген қызметтердің жиынтық актісі

Р/с
N

Мақта өңдеу ұйымының атауы, заңды мекен-жайы

Қызметтерді сатып алушының атауы

Бумалар (сынамалар) саны, дана

Бумалар (сынамалар) нөмірлері

Қызметтердің бір бірлігінің бағасы, теңге

Сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6

7









Жиыны:






Қызметтер көрсетуші
_________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)

Күні ___________

                                 Оңтүстік Қазақстан облысы облыстық
                                 бюджетінің 2009 жылғы республикалық
                                бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы
                                  трансферттерді қазақстандық мақта
                                    талшығының сапасына сараптама
                                     жасауға пайдалану ережесіне
                                             3-қосымша

                                                         "Бекітемін"
                              Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
                                           _________________________
                                              (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
                                           200_ ж."__" _____________

                    200__ ж. _______________ кезеңдегі
       мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнінде қызметтер
                 көрсетушіге субсидиялар төлеуге арналған
                     N _______________ ведомость

Р/с N

Қызметтер көрсетушінің атауы

Нақты көрсетілген қызметтер, дана

Жыл басынан бастап тиесілі субсидиялар сомасы, теңге

Жыл басынан бастап төленгені, теңге

Тиесілі субсидиялар сомасының қалдығы, теңге

Төлеуге жатады, теңге

жыл басынан бастап, дана

________
кезеңде, дана


















Жиыны:







Төленетін сома ______________________________________
                            (жазумен)

Ауыл шаруашылығы басқармасы
құрылымдық бөлімшесінің басшысы ____________________________
                                   (Т.А.Ә., қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады