Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 176 Қаулысы

      Шағын және орта жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Орталық және жергілікті атқарушы органдар 2009 жылғы 17 ақпан 2009 жылғы 1 шілде аралығында салық төлеушінің өтініші оларды жүргізу үшін негіз болатын салық тексерістерін, ыңғайласпа салық тексерістері мен хронометраждық зерттеулерді, қылмыстық әрекеттердің жолын кесу мақсатында заңнамаға сәйкес жүргізілетін тексерістерді, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы, жер қойнауын пайдалану туралы, ветеринария саласындағы заңнама нормаларын бұзуға бағытталған іс-әрекеттерді болдырмау үшін жүргізілетін тексерістерді, Астана, Алматы қалаларының және облыстық маңызы бар қалалардың маңынан берілген жер мәселелері, қызметкерлерге айлық табыстарын уақтылы және толық төлеу, қызметкерлердің санын немесе штатын қысқарту заңдылығы мәніне, еңбек көші-қоны мәселелері бойынша тексерістерді қоспағанда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді тоқтатсын.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Индустрия және сауда, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Әділет, Қаржы министрліктеріне мүдделі мемлекеттік органдар және бизнес-қауымдастықтармен (келісім бойынша) бірлесіп 2009 жылғы 15 сәуірге дейін Шағын және орта бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою және бизнес-ахуалды жақсарту жөніндегі комиссияның қарауына мемлекеттік органдарда жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді оңтайландыру үшін қатерлерді басқару жөніндегі жүйені енгізу бойынша ұсыныстар енгізсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады