Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы "Таңдаулы өңірлерде экономикалық дамуға жәрдемдесудің модельдік құрылымдарын құру", "Қыздар мен әйелдерді кәсіптік оқыту, сондай-ақ Қазақстанның білім беру жүйесіндегі реформалар үдерісін жүзеге асыруға жәрдемдесу", "Зерттеулер және мамандар қоры", "Нормалар сәйкестігін бағалау рәсімдері элементтерін енгізген кезде стандарттар жүйесін еуропалық стандарттарға бейімдеу" жобаларын іске асыру туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 ақпандағы N 195 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы "Таңдаулы өңірлерде экономикалық дамуға жәрдемдесудің модельдік құрылымдарын құру", "Қыздар мен әйелдерді кәсіптік оқыту, сондай-ақ Қазақстанның білім беру жүйесіндегі реформалар үдерісін жүзеге асыруға жәрдемдесу", "Зерттеулер және мамандар қоры", "Нормалар сәйкестігін бағалау рәсімдері элементтерін енгізген кезде стандарттар жүйесін еуропалық стандарттарға бейімдеу" жобаларын іске асыру туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы "Таңдаулы өңірлерде экономикалық дамуға жәрдемдесудің модельдік құрылымдарын құру", "Қыздар мен әйелдерді кәсіптік оқыту, сондай-ақ Қазақстанның білім беру жүйесіндегі реформалар үдерісін жүзеге асыруға жәрдемдесу", "Зерттеулер және мамандар қоры", "Нормалар сәйкестігін бағалау рәсімдері элементтерін енгізген кезде стандарттар жүйесін еуропалық стандарттарға бейімдеу" жобаларын іске асыру туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімге қол қойсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігіне өзінің құрмет сезімін куәландырады және 2007 жылғы 17 сәуірдегі мынадай мазмұндағы нотаны алғандығын растау құрметіне ие:

      "Министр мырза,

      2005 жылғы 26 мамырда Астана қаласындағы дамыту мақсатындағы екіжақты ынтымақтастық туралы жұмыс сұхбатына, 2005 жылғы 24 қазандағы N 810/05 және 2006 жылғы 17 тамыздағы N 476/06 Германия Федеративтік Республикасының Алматыдағы Елшілігі жіберген вербальды ноталарға сүйене отырып, сондай-ақ біздің Үкіметтеріміздің арасындағы 1997 жылғы 26 қарашадағы Техникалық ынтымақтастық туралы келісімді орындау үшін Сізге Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі атынан мынадай уағдаластықты ұсынуды құрмет тұтамын:
      1. Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Үкіметі мынадай жобаларды іске асыруға бірлесіп жәрдемдеседі:
      а) "Таңдаулы өңірлерде экономикалық дамуға жәрдемдесудің модельдік құрылымдарын құру";
      b) "Қыздар мен әйелдерді кәсіптік оқыту, сондай-ақ Қазақстанның білім беру жүйесіндегі реформалар үдерісін жүзеге асыруға жәрдемдесу";
      с) "Зерттеулер және мамандар қоры";
      d) "Нормалар сәйкестігін бағалау рәсімдері элементтерін енгізген кезде стандарттар жүйесін еуропалық стандарттарға бейімдеу", өйткені жобаларды қарау қорытындысында оларды іске асыруға қаражат бөлудің орындылығы белгіленді.

      ГЕРМАНИЯ ФЕДЕРАТИВТІК РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
       ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕЛШІЛІГІ

                      Астана

      2. Жобалардың мақсаты Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу болып табылады.
      3. 1-тармақта айтылған жобаларды іске асыру мақсатында Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі өз қаражаты есебінен қызметкерлер және заттай құралдар ұсынады, ал қажет болған кезде жалпы сомасы 4.050.000 (жазумен: төрт миллион елу мың) евроға қаржылай үлес қосады. Бұл сома мынадан тұрады:
      а) 1-тармақтың а тармақшасында көрсетілген жобаны іске асыру үшін 1.100.000 (жазумен: бір миллион бір жүз мың) евроға дейінгі мөлшердегі 2006 жылдың жаңа міндеттемесінен,
      b) 1-тармақтың b тармақшасында көрсетілген жобаны іске асыру үшін 1.750.000 (жазумен: бір миллион жеті жүз елу мың) евроға дейінгі мөлшердегі 2005 жылдың міндеттемесінен, сондай-ақ 750 000 (жазумен: жеті жүз елу мың) евроға дейінгі сомадағы 2002 жылдың міндеттемесі бойынша қайта бағдарламаланған қаражаттан,
      с) 1-тармақтың с тармақшасында көрсетілген жобаны іске асыру үшін қаражатты көбейту ретінде 250.000 (жазумен: екі жүз елу мың) евроға дейінгі сомадағы 2005 жылдың міндеттемесі бойынша қайта бағдарламаланған қаражаттан,
      d) 1-тармақтың d тармақшасында көрсетілген жобаны іске асыру үшін 200.000 (жазумен: екі жүз мың) евроға дейінгі мөлшердегі 2002 жылдың міндеттемелері бойынша аударылған қаражаттан.
      Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі 1-тармақтың а-с тармақшасына сәйкес өз міндеттемелерін орындауды Эшборндағы Германия техникалық ынтымақтастық қоғамына (ГТО), ал 1-тармақтың d тармақшасында көрсетілген жобаны іске асыруды Брауншвайгедегі Федералдық физика және метрология институтына тапсырады немесе тапсырды.
      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы уағдаластықтың 1-тармағында санамаланған жобаларды үздіксіз жүзеге асыру мақсатында дербес сараланған бюджеттік жоспарлауға кепілдік береді және осы уағдаластықтың 1-тармағында көрсетілген жобаларды соған уәкілетті орындаушы ұйымдар арқылы жүзеге асыру үшін қажетті өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етеді.
      5. Осы уағдаластықтың 1-тармағында көрсетілген жобалардың, сондай-ақ орындалуы тиіс жұмыстар мен міндеттемелердің толықтығын жекелеген орындаушылар және қажет болған кезде осы уағдаластықтың 3-тармағында көрсетілген орындаушы ұйымдар мен Қазақстан Республикасының Үкіметі жобаларды іске асыруға уәкілеттік берген ұйымдар арасында жасалатын қаржылық келісім-шарттармен реттеледі. Осындай орындаушылық, қажет болған кезде қаржылық келісім-шарттарға қатысты Германия Федеративтік Республикасында қолданыстағы заңнама қолданылады.
      6. Осы уағдаластықтың 1-тармағында көрсетілген жобалар келісім бойынша біздің Үкіметтеріміз арасындағы келісім бойынша басқа жобаларға ауыстырылуы мүмкін.
      7. Осы уағдаластықтың 1-тармағында көрсетілген жобалар бойынша және осы уағдаластықтың 3-тармағындағы техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға көзделген сомаларды беру жөніндегі міндеттемелер, егер 5-тармақта көрсетілген орындаушылық және қажет болған кезде қаржылық келісім-шарттар осы міндеттемелер күшіне енген жыл аяқталған соң сегіз жылдық мерзімге жасалмаған болса өз күшін жояды, ауыстыруға жатпайды. 2006 жылы қабылданған міндеттемелерге қатысты бұл мерзім 6-тармақтың ережесіне қарамастан, 2014 жылғы 31 желтоқсаннан кейін аяқталады; 2005 жылдың міндеттемелері мен 2005 жылдың міндеттемесі бойынша қайта бағдарламаланған қаражатқа қатысты бұл мерзім 2013 жылдың 31 желтоқсанынан кейін аяқталады, ал 2002 жылдың міндеттемесі бойынша қайта бағдарламаланған қаражатқа және ауыстырылған қаражатқа қатысты бұл мерзім 2010 жылдың 31 желтоқсаннан кейін аяқталады. Егер жоғарыда көрсетілген мерзімде қол қойылған орындаушылық және қажет болған кезде қаржылық келісім-шарттармен осы міндеттемелердің тек бір бөлігі ғана қамтылатын болса, онда жоғарыда аталған мерзімі өткендігі туралы ескерту тек осы келісім-шарттарда игерілмеген соманың бөлігіне ғана қолданылатын болады.
      8. Қазақстан Республикасының Үкіметі Германия Федеративтік Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша және оның есебінен әкелінген материалдарды, автомобильдерді, тауарлар мен жабдықтар заттарын, сондай-ақ қосалқы бөлшектерді 1-тармақта санамаланған жобаларды іске асыру үшін лицензиялық, кедендік, порттық, импорттық, экспорттық және басқа да мемлекеттік алымдардан, сондай-ақ оларды қоймаларда сақтағаны үшін шығындардан босатады және оларды дереу кедендік рәсімдеуді қамтамасыз етеді.
      9. Қазақстан Республикасының Үкіметі Германия техникалық ынтымақтастық қоғамын (ГТО) және Федералдық физика және метеорология институтын (РТВ) 5-тармақта көрсетілген орындаушылық, қажет болған кезде қаржылық келісім-шарттар жасауға және орындауға байланысты Қазақстан Республикасында алынатын барлық салықтардан және басқа да мемлекеттік алымдардан босатады.
      10. Қалған жағдайда осы уағдаластыққа қатысты жоғарыда аталған 1997 жылғы 26 қарашадағы Техникалық ынтымақтастық туралы келісімнің ережелері қолданылады.
      11. Осы уағдаластық неміс және орыс тілдерінде жасалады, әрі екі мәтіннің де бірдей күші бар.
      Егер Қазақстан Республикасының Үкіметі 1-11-тармақтарда көрсетілген ұсыныстармен келісетіні туралы мәлімдесе, осы нота мен Сіздің Үкіметіңіздің келісімін білдіретін Сіздің Жоғары Мәртебеңіздің, жауап нотаңыз біздің Үкіметтеріміздің уағдаластығын құрайды, ол Сіздің жауап нотаңыздың күнінен бастап күшіне енеді."
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметі Германия Федеративтік Республикасы Үкіметінің ұсыныстарына сәйкес және Жоғары Мәртебелі доктор Гебхард Вайстың 2007 жылғы 17 сәуірдегі нотасы және осы нота Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы келісім болып табылатындығын хабарлау құрметіне ие, ол осы жауап нотаны Елшілік алған күннен бастап күшіне енеді.
      Бұл ретте Қазақстан Республикасының Үкіметі 1997 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы Техникалық ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес 9-тармақтың міндеттемелерін орындайды.
      Қаржылық келісім-шарттар жасау қажеттілігі құзыретіне тиісті жобалар жататын Қазақстан Республикасының уәкілетті органымен келісім бойынша айқындалады.
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы жағдайды пайдаланып, Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігіне деген өзінің жоғары құрметіне сенімін жаңартатын жағдайды пайдаланады.

Астана, 2009 жылғы "___" _____________    

      РҚАО-ның ескертуі: Бұдан әрі Келісімнің мәтіні неміс тілінде берілген

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады