Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Біріккен Ұлттар Ұйымы Есірткі және қылмыс басқармасының мынадай жобалау құжаттары мақұлдансын:
"Есірткіге қарсы күрес саласындағы жедел ақпаратты жинауға, талдауға және алмасуға арналған құқық қорғау жүйелері";
"Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығын (ОАӨАҮО) құру".
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжановқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан көрсетілген жобалау құжаттарына қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ
ЕСІРТКІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫС ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА
Жобалы құжат Ш қайта қарау
Бағдарламаның аты: Орталық Азия, Ауғанстан және Әзірбайжан үшін
ЮНОДК-тің стратегиялық бағдарламасы
Жобаның нөмірі: AD/RER/F23
Жобаның атауы: Есірткілермен күрес саласындағы жедел және
басқа ақпаратты жинау, талдау және
айырбастау бойынша құқық қорғау жүйелері
Ұзақтығы: Бастапқы: 2002-2006 жылдар
Қайта қараудан кейін: 2007 жылғы шілде -
2010 шілде (үш жыл)
Қайта қараудың 2007 жылғы шілде
болжанатын бастапқы
мерзімі:
Іске асыру орны: Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан,
Түрікменстан, Өзбекстан (Орталық Азия),
Ауғанстан және Әзірбайжан
Тақырыптық саласы: Есірткіге қарсы күрес саласындағы құқық
қорғау қызметі
Атқарушы агенттік: ЮНОДК
Орындаушы агенттік: ЮНОДК/Орталық Азиядағы Өңірлік өкілдік
ЮНОДК бюджеті: Бекітілген жалпы бюджет: 1 998 600 АҚШ
доллары
Қайта қарастырылған жалпы бюджет:
4 212 300 АҚШ доллары
Бюджеттің жалпы артуы: 2 213 700 АҚШ доллары
Қаржыландыру көзі ЮНОДК арқылы донор елдер
Қысқаша сипаттама:
Осы жоба жедел деректерді жинау және ақпаратты басқару бойынша ұлттық әлеуетті жақсартуға, сондай-ақ есірткіні бақылаумен айналысатын органдар арасында ақпаратпен алмасу, алу және тарату тетігін құруда көмек көрсетті. Жоба шеңберінде базалық оқытумен қатар арнайы құрал-жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз ету ұсынылды.
Осы қайта қаралған жобалы құжат жобаны іске асырудың бастапқы мерзімін арттыруды көздейді; ол сондай-ақ Орталық Азия мен оған көрші өңірлерде болып жатқан жаңа өзгерістерді ескере отырып, іс-шараларды қалыптастырады. Қайта қаралған жобалы құжат жобаны іске асырудың географиялық ауқымын кеңейтетін және жоба қызметінің қол жеткізген нәтижелерін нығайтатын екі жаңа күтілетін нәтижені қамтиды. Бірінші өзгеріс жобаны іске асыруға Ауғанстан мен Әзірбайжанның қосылуын көздейді. Екінші өзгеріс жобаның алдыңғы фазаларын орындауға қатысқан мемлекеттерде жедел ақпаратты пайдалану жөніндегі қосымша құқық қорғау компоненттерін енгізу есебінен жобаның алдыңғы жетістіктерін нығайтуға мүмкіндік береді. Жоспарланған нәтижелер оқытылған және тәжірибелі талдау персоналы мен жедел қызмет қызметкерлерінің сабақтастығы мен сақталуын, сондай-ақ өңірдің құқық қорғау ведомстволарында орнатылған жабдықты кәсіби және тиісті пайдалануды қамтамасыз етеді. Қайта қаралған жоба деректерді/жедел мәліметтерді жинау саласында өңірдің құқық қорғау ведомстволарының дербес қызметінің берік іргетасын құруға, сондай-ақ деректерді таратуға және алмасуға ықпал ететін болады. Қайта қаралған жобалы құжат бекітілген AD/RER/F23 жобасын іске асырудың тұжырымдамалық тәсілін және тетігін осы құжатта көрсетілген жаңа ережелерді қоспағанда, өзгеріссіз қалдырады.
Осы жоба шеңберіндегі іс-шараларды ЮНОДК арқылы донор елдер қаржыландырады.
Қол қойылды:
Атынан: |
Қолы |
Мерзім |
Аты/Қызметі |
Ауғанстан Үкіметі |
|||
Әзірбайжан Республикасының Үкіметі |
|||
Қазақстан Республикасының Үкіметі |
|||
Қырғыз Республикасының Үкіметі |
|||
Тәжікстан Республикасының Үкіметі |
|||
Түрікменстан Үкіметі |
|||
Өзбекстан Республикасының Үкіметі |
|||
БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы |
ЖОБАЛЫ ҚҰЖАТ
"Есірткілермен күрес саласындағы жедел және басқа ақпаратты жинау, талдау және айырбастау бойынша құқық қорғау жүйелері"
ІІІ Қайта қарау МАЗМҰНЫ
I. Жобаның алғышарттары мен түпмәтіні
II. Жетістіктері
ІІІ. Жобалық құжатты қайта қарау негіздемесі
IV. Жобалық құжаттың ережелеріндегі өзгерістердің
сипаттамасы және қайта қарау стратегиясы
V. Мақсаттар, күтілетін нәтижелер, іс-шаралар
VI. Есептілік, мониторинг және жобаның бағасы
VII. Үйлестіру және әріптестік тетігі
VIII. Құқықтық түпмәтін
Қосымша: Логикалық шеңберлік матрица
Қосымша: Бюджет
Қосымша: Жұмыс жоспары
Қосымша: Жұмыс тапсырмалары
Қосымша: БҚСК кірмейтін мемлекеттерге арналған стандарттық
құқықтық мәтін
Құжаттар әзірленді:
ЮНОДК/
Орталық Азиядағы Өңірлік өкілдік: Джеймс Каллахан, Тофик Муршудлу
ЮНОДК/ Душанбе: Кристер Браннеруд, Расул Рахимов
I. ЖОБАНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ МЕН ТҮПМӘТІНІ
Осы жобалы құжат Ауғанстаннан Ресей мен Еуропаға апиаттарды заңсыз тасымалдауға қарсы күрестегі "алдыңғы қатардағы" мемлекеттерге көмек көрсетуді қарастырады. Өңірдегі есірткінің заңсыз айналымы ахуалына шолу есірткіні алу мөлшерінің түбегейлі артуына, оның көлемі сияқты онымен байланысты істерді ашу санына қарамастан, құқық қорғау тетіктерін жетілдірудің маңызды мүмкіндіктері әлі де бар екенін көрсетеді.
Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес үшін ақпаратты/мәліметтерді жинау, қорыту және талдаудың жақсы жолға қойылған ақпаратты алмасу жүйесі, сондай-ақ құқық қорғау ведомстволары арасында ұлттық және өңірлік дәрежелерде өңделген ақпаратты алмасу жүйесі қажет. Бұл ретте ақпарат көздерінің қол жетімділігі есірткігі қарсы күрестің тиімділігі үшін қосымша қажетті жағдайдың бірі болып табылады. Осы уақытта аталған жоба шеңберінде көмек алушы мемлекеттерде жедел ақпараттың базалық жүйесі бар. Сонымен қатар бар ақпаратты және мәліметті жинау, сақтау, алмасу және талдау тетігі, ақпарат көздеріне қол жетімділігін қосқанда одан әрі жетілдіру үшін елеулі резерві бар.
F23 жобасының оқу компонентін Еуропалық Кеңестің БОМКА\КАДАП\ПОЛИНТ есірткіге қарсы бағдарламасы қаржыландырады. 2006 жылғы 30 қыркүйек жобаның аяқталу күніне дейін күтілетін барлық нәтижелерге сәтті қол жеткізіледі деп көзделген.
Алайда жобаны қаржыландыру оны іске асырудың соңғы сатысына дейін толық көлемде жүзеге асырылмағандықтан және айырбастау курсының өзгеруіне байланысты, жабдықтар бағасының арту салдарынан жоба барлық мәселелерді алғашқы бекітілген мерзімде орындай алған жоқ. Осыған байланысты 2005 жылы жобаның ұзақтығын 2006 жылға 31 желтоқсанға дейін арттыру және жаңа өзгерістерді ескере отырып, іс-шараларды белгілеу мақсатында қайта қарастырылған. Бірақ жобаның тікелей мақсаты бұрыңғыша қалды.
II. ЖЕТІСТІКТЕР
2005 жылға қайта қаралған құжатқа сәйкес жобаның іс-шаралары мынадай екі нәтижеге қол жеткізуге негізделген:
1-нәтиже: Ақпарат пен деректерді талдау және алмасудың толық және пәрменді жүйесін құру;
2-нәтиже: Ақпаратты жинау және алмасу жүйелерін басқару мәселелері бойынша құқық қорғау органдарының мамандандырылған персоналын оқыту.
Аталған нәтижелерге қол жетті және барлық тиісті іс-шаралар аяқталды. Жобаның жақын арадағы мақсаты іске асырылды, дәлірек айтқанда:
Ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейлерде есірткілерді бақылау жөніндегі органдардың арасында ақпарат алмасу, алу және талдау жүйесін құру арқылы ақпаратты басқару және деректерді жинау жөніндегі тиісті құқық қорғау құрылымдарының тиімділігі артты.
Жоба барлық Орталық Азияның құқық қорғау органдарына жедел ақпарат жүйесін орнатуға, сондай-ақ аналитиктерді техникалық және жедел құқық қорғау аспектілері бойынша жедел ақпаратты өңдеуді үйретуге көмектесті. Тәжікстан мен Өзбекстан үшін құрал-жабдықпен жарақтау және оқыту жүргізу 2003 жылы басталды, Түрікменстанға, Қырғызстанға және Қазақстанға осындай көмек көрсету 2005 жылдың қараша айында басталды. Жедел ақпарат деректер базасының жүйелері жобаға қатысқан барлық мемлекеттерде жаңғыртылды. Қазіргі уақытта осы мемлекеттердің аналитикалық орталықтары құрал-жабдықтың және бағдарламалық қамсыздандырудың бірдей деңгейіне ие. Жоба шеңберінде сондай-ақ ұлттық және өңірлік деңгейлерде жедел ақпаратпен одан әрі тиімді электрондық алмасу үшін іргетас құрылған. Жобаның нақты жетістіктеріне қазіргі уақытта мыналар жатады:
- Барлық орталықазиялық мемлекеттердің құқық қорғау ведомстволарына Tais Ontos бағдарламық қамсыздандыру, сондай-ақ қажетті ақпараттық-технологиялық және кеңселік құрал-жабдықтар жеткізілген және орнатылған;
- Барлық орталықазиялық мемлекеттердің құқық қорғау ведомстволарында аналитикалық орталықтар құрылған, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша аналитиктер белгіленген және алынған;
- Tais Ontos деректер базасын пайдалану бойынша техникалық оқыту орталықазияның бес мемлекетінде жүргізілді;
- Орталықазиялық мемлекеттердің аналитиктері Швеция мен Австрияның құқық қорғау органдарынан жіберілген сарапшылар тобы көрсеткен қылмыстық жедел ақпаратты талдау саласында базалық оқытудан өтті. Бұл ретте Тәжікстанның есірткіні бақылау жөніндегі агенттігі аналитикалық орталағының қызметкерлері тереңдетіліп оқытылды;
- Жедел ақпаратпен және мәліметтермен тез алмасу үшін электрондық пошталық тор мен енгізіліп, ішінара инстанцияланды;
- Құпия құжатта қорғау үшін шифрланатын бағдарлама жеке ұсынылып, ішінара инстанцияланды;
- Барлық орталықазия құқық қорғау ведомстволарында жедел ақпарат бойынша деректер базаларында Tais Ontos бағдарламалық қамсыздандырудың соңғы 5.11 нұсқасы инстанцияланды;
- Tais Ontos бағдарламалық қамсыздандыру және техникалық құралдарды пайдалануды талқылау үшін, жедел ақпаратты талдау мәселелері бойынша оқытуды ұсынуға, сондай-ақ жедел талдауды орындауда кадрлық әлеуетті және кеңсе үй-жайларын белгілеу үшін құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен үйлестіру комитеттерінің бірнеше отырыстары ұйымдастырылған және өткізілген.
Қорытындылай келе, жоба стандартты бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық-техникалық құрал-жабдықтар және барлық орталықазиялық мемлекеттерде тиісті оқумен жабдықтау міндетін табысты орындаған нәтиже дей аламыз. Жобаның қолдауымен орталықазияның есірткіге қарсы күрес жөніндегі негізгі құқық қорғау органдары аналитикалық бөліністерін құрды және оларды тиісті бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықтады. Жаңа бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудың арқасында, ақпаратты жинау және талдау сапасы мен көлемі артты. Деректерді жинау мен талдау, сондай-ақ ақпараттық алмасу бойынша стандарттар әзірленді, сондай-ақ ақпарат алмасу бойынша құқық қорғау жүйесінің жедел мүмкіндіктері нығайтылды.
ІІІ. ЖОБАНЫ ҚАЙТА ҚАРАУДЫҢ НЕГІЗІ
F23 Жобасы ЮНОДК AD/RER/Н22 - "Орталықазиялық өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығын (ОАӨАҮО) құру" жобасын толықтырады. F23 жобасы жедел ақпаратпен жұмыс бойынша қатысушы мемлекеттердің тиісті ұлттық бөліністерінің мүмкіндіктерін дамыту және күшейту арқылы олардың кейіннен дамуы және бірыңғай ұлттық ведомствоаралық ресурстық базасына біріктіру үшін ОАӨАҮО болашақтағы қызметін қолдауда басты рөл атқарады. Жобаны ұзарту ОАӨАҮО қызметінің негіздерін нығайтуға көмектеседі, өйткені ұлттық аналитикалық орталықтар құқық қорғау органдарының жедел құқық қорғау қызметін қолдауда басты институттар болады. Жедел (тәуекелді бағалау және бейіндеу сияқты) ақпаратты пайдалану негізінде тергеу әдістерін күшейту өңірдегі заңға қарсы әрекеттің дамуындағы тенденцияны жақсы түсінуге мүмкіндік береді және тиісінше есірткілердің заңсыз саудасына және осымен байланысты криминалдық құрылымдардың әрекеттеріне мемлекеттің ден қою мүмкіндіктерін арттырады. Ұлттық деңгейде алынған жедел ақпаратпен ОАӨАҮО-ны қамтамасыз ету мақсатында ұлттық ведомстволар арасында ақпарат алмасуды және талдауды институционализациялау үшін одан әрі нығайту қажет.
F23 жобасының қызметіне Ауғанстан мен Әзірбайжанның қосылу стратегиялық маңызға ие болады. Деректер мен ақпарат алмасуға стандартты тәсілді қамтамасыз ету, сондай-ақ әрбір мемлекеттің ішінде құқық қорғау органдарының арасында болсын, өңірлер шеңберінде болсын негізгі ақпартты жинау мен алмасудың стандартты форматын әзірлеу өте маңызды. Табысты тәжірибені ескере отырып, географиялық қамтуды кеңейту есірткіні заңсыз жеткізуге және есірткіге сұранысқа қарсы күрес саласында маңызды алғы-шарт болатын ақпарат алмасу және таратудың өңірлік тетіктерінің даму әлеуетін көздейді. Ауғанстандағы және Әзірбайжандағы есірткілердің заңсыз айналымы туралы ақпараттың әлеуетті көздеріне ену мыналарды назарға ала отырып, өңірлік, сондай-ақ халықаралық мүдделерге орасан пайда әкелер еді:
- Ауғанстан апиынды өсірудің әлемдік негізгі көзі болып табылады. Елде апиын тазартылып және морфин мен героинге өңделетін есірткілерді заңсыз өндіру бойынша зертханалар орналасқан; осы заттарды сақтау орындарын шекара бойы стратегиялық байланысты орналасқан және қылмыстық тұлғалар/ұйымдар елден есірткі экспортын жүзеге асырады;
- Әзірбайжан өзінің стратегиялық географиялық орналасуына байланысты (Каспий теңізінде жағалау сызығы бар және Иранмен шекаралас) Кавказ арқылы есірткі трафигінің бағыттарын зерттеуде және талдауда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар Әзірбайжан ОАӨАҮО бастамасының мүшесі болып табылады, және тиісінше, ОАӨАҮО-ның дербес және мықты институт ретінде құрылуына ықпал ете отырып, оның деректерді жинау, талдау және алмасу мүмкіндіктерін нығайтуда F23 жобасына үлкен көмек көрсете алады.
IV. ЖОБАЛЫ ҚҰЖАТТЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ОСЫ ҚАЙТА ҚАРАУДЫҢ СТРАТЕГИЯСЫ
Сипаттамасы:
а) Жобаны іске асыру мерзімі 2010 жылғы шілде айына дейін ұзартылады;
б) Бюджеттің өзгеруі қосымша құрал-жабдықтар мен аналитикалық бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізуді, сондай-ақ кейіннен қызметке тұрақты мониторинг жасай отырып, ақпаратты талдаудың техникалық және жедел аспектілері бойынша оқытуды көздейді;
в) Ауғанстан мен Әзірбайжан жобалық іс-шаралармен қамтылатын болады, олардың нақты қажеттіліктеріне сәйкес телеарна жабдықтарымен және оқытумен қамтамасыз етіледі. Қызметті бағалау мен тұрақты мониторинг жобалық қызмет саласында табысты интеграцияны қамтамасыз ететін болады. Есірткіні бақылау жөніндегі персоналдың біліктілігіндегі айырмашылық екі мемлекеттегі жобаның орындалуы үшін түрлі уақыт интервалдарына байланысты болады;
г) Жобаның алдағы фазасына қатысқан мемлекеттерде келесі іс-шараларды көздейтін жедел және техникалық қолдаудың қосымша компоненті іске асырылатын болады:
а. Ақпарат берушімен жұмыстың озық тұжырымдамасын енгізу;
б. Ақпарат берушілер туралы деректер базасын құру;
в. Tais Ontos жедел ақпарат жүйесінің қосымша функциялары ретінде ғылыми деректерді біріктіру;
г. Тиісті оқытуды ұсына отырып, қылмыстар бойынша стратегиялық ақпаратты талдау мүмкіндігін енгізу;
д. Тәжікстанның Есірткіні бақылау жөніндегі агенттігінде құрылған модельге сәйкес әр қатысушы мемлекетте ұлттық аналитикалық орталықтар құруға көмектесу.
д) Сұрау салу бойынша жоба жедел ақпаратты жинау, жүйелеу, талдау және алмасу бойынша ведомствоаралық келісімдер жобаларын дайындауда көмек көрсетеді;
е) Жоба ОАӨАҮО қызметінің негіздерін құрудың маңызды функциясын орындауды жалғастырады. Бұл функция өңірдегі есірткіге қарсы құқық қорғау ведомстволарының қызметіне қосымша бағдарламалық қамтамасыз етуді, ақпараттық-технологиялық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ қажетті аналитикалық әдіснама мен мүмкіндіктерді нығайту және дамыту үшін қажетті кәсіби оқытуды ұсыну жолымен одан әрі көмектесуді көздейді;
ж) Өңірдің құқық қорғау ведомстволарының тергеу жүргізудегі жедел ақпаратты пайдалануды кеңейту жолымен жедел ақпаратты талдаудың функциялық мүмкіндіктерін нығайту.
Стратегия:
Бастапқы жобалы құжатқа сәйкес, жобаның жалпы стратегиясы құқық қорғау ведомстволарының арасындағы өңірлік ақпараттық ағынды жетілдіру үшін ақпаратты жинау, сақтау, талдау және алмасу бойынша ұлттық тетіктерді әзірлеуге түйінделген. Әдетте үкіметтер өз мемлекеттерінде мәліметтерді/ақпаратты жинау және алмасуға қатысты шарттар мен талаптар туралы хабардар болатыны анық. Тиісінше жоба әр елдің ерекше қажеттіліктеріне жауап беретін шараларды іске асыруда жергілікті билікпен ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін олармен тығыз қарым-қатынастар орнатуға және дамытуға ықпал ететін болады.
Қажеттіліктерді бағалау және үздіксіз мониторинг жобаны іске асыруға қатысатын әр елдің қажеттіліктеріне ұсынылатын көмектің сәйкестігін қамтамасыз етеді. Жобаның іс-шаралары егер олар тиісті түрде тиісті елдің мұқтаждықтары мен жағдайларына жауап берсе ғана жүзеге асырылатынын атап өту қажет. Сәйкесінше елдердің барлығы бірдей логикалық шеңберлік матрицада (қоса беріледі) көрсетілген жобалы іс-шаралармен қамтылмайды, өйткені жоба жүзеге асырудың мерзімдері мен дәрежелері бойынша әр елде нақты іс-шараларды белгілеуде икемді тәсілді пайдаланатын болады.
Өте тұрақсыз жағдайды және техникалық жарақтаудағы өзгешелікті ескере отырып, Ауғанстандағы жағдай ерекше бақылауда болады. Бұл мемлекетте нақты жобалы іс-шараларды өткізу жобаның жалпы стратегиялық іс-шараларын біріктіруде икемді тәсілді қамтамасыз ету үшін ықтимал қажеттіліктердің, тәуекелдер мен проблемалардың талдауына негізделетін болады. Ауғанстанға қатысты мұқият талдауды дайындау және бастапқы стратегияны іске асырудың жалпы көлемдік стратегиясын айқындау үшін жеткілікті қосымша уақытты көздейді. Осылайша жұмыс жоспары Ауғанстанда үш нәтижеге қол жеткізу үшін жобалық іс-шаралардың орындалуын Әзірбайжанға қарағанда кеш басталуы мүмкін екенін қарастырады.
Осы жобаның негізін қалаушы стратегия ұлттық және өңірлік деңгейлерде жедел ақпаратты жинау мен алмасуды қамтамасыз ету үшін жеткілікті мүмкіндіктерге ұлттық құқық қорғау органдары қол жеткізген сәттен басталады деп болжанады. Осы стратегияның маңызды компоненті ОАӨАҮО жобасын қолдау болып табылады. ОАӨАҮО жобасын қолдау үшін жедел ақпарат негізінде тергеу әдістемесі мен қылмыстар бойынша ақпаратты талдау процесін жергілікті жерлерде құқық қорғау органдары іске асыруы, енгізуі және толық қолдануы ерекше маңызды. Өз кезегінде жергілікті жерлердегі бөліністер жедел ақпарат алмасудың үздіксіз және толық циклын сақтау үшін ОАӨАҮО-ның тұжырымдамасымен және мақсаттарымен танысуы қажет.
Жобаны дұрыс жоспарлау оның табысты болуының кепілі болатынын мойындаған. Төмендегі кестеде ұйғарылған тәуекелдер мен олардың төмендеуі бойынша тиісті стратегиялар санамаланған:
Тәуекелдер |
Тәуекелді төмендету стратегиясы |
Тиісті үкіметтік органдар және лауазымды тұлғалар жобаның мақсаттарын қабылдамауы және оны іске асыруды қолдамауы мүмкін |
Бенефициар елдерде тиісті лауазымды тұлғалармен байланыс тұрақты түрде және нығайтылатын болады. Жаңа байланыстар орнату мүмкіндіктері дамытылатын болады |
Атап айтқанда олармен жекелеген мемлекеттердің өкілдері басқа елдерден келген өз серіктестерімен кездесу және ақпарат алмасу жайында ынта білдірмеу тәуекелі бар іс-шараға қатысты 4 |
Тиісті үкіметтік ведомстволар/органдар және лауазымды тұлғалар толығымен қолдайтын іс-шаралар ғана іске асырылатын болады. |
Оқытушыларды іріктеу тиісті түрде жүзеге асырылмайды және/немесе оқудан өткендері өз дағдыларын практикада қолданбайды |
Алдын ала мұқият зерттеу және консультациялар жүргізу, сондай-ақ жоба іс-шараларын іске асырғанға дейін үйлестіру |
Ұсынылған оқыту жеткіліксіз |
Оқытылуға ұсынылған лауазымды тұлғалардың кандидатураларын алдын ала мұқият тексеру |
Тиісті ведомстволар мен органдар жаңа жабдықты игере алмайды және оны жұмыс күйінде ұстау үшін кадрлық әлеуеттің жеткіліксіздігін сезінеді |
Қажеттіліктер мен нақты жағдайларға сәйкес әр жеке ел үшін іс-шаралар белгіленетін болады. Іс-шаралар қатаң белгіленген уақытта кейіннен мониторинг және қажет жағдайда олардың орындалуын қайта қарау және тоқтата тұру мүмкіндігімен орындалады. |
V. МАҚСАТТАР, КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР, ІС-ШАРАЛАР
(Ескерту: толық нәтижелер мен көрсеткіштер логикалық шеңберлік матрицада сипатталған).
"Жетістіктер" деген бөлімде айтылғандай, 1 және 2-нәтижелер сондай-ақ жобаның тікелей мақсаты күшінде қалады және табысты қол жеткізілді деп есептеледі. Жоба шеңберінде мыналар көзделеді:
Ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейлерде есірткілерді бақылау жөніндегі органдар арасында ақпарат алмасу, алу және тарату жүйелерін құру көмегімен деректерді жинау және басқару жөніндегі құқық қорғау құрылымдарының тиімділігін арттыру.
3 және 4-нәтижелер қайта қарастырылған жобалы құжаттың ұсынылған деректерінің жаңа компоненті болып табылады.
3.0. Географиялық қамтудың кеңеюі: Ауғанстан мен Әзірбайжанның F23 жобасының іске асырылуына қосылуы
3.1. Құқық қорғау органдарының кәсіби дайындық деңгейін және бар ақпарат көздерін анықтау үшін Ауғанстан мен Әзірбайжандағы құқық қорғау қызметінде жедел ақпаратты пайдалану бойынша аналитикалық және тергеу мүмкіндіктерін бағалауды жүргізу
3.2. Ауғанстан мен Әзірбайжанның ақпараттық және жедел жүйелерге, сондай-ақ ақпарттық-технологиялық құрал-жабдыққа қажеттілігін анықтау
3.3. Алдыңғы сатыларда жобаның орындалу барысында алынған тәжірибенің негізінде жобаны іске асыру стратегиясын әзірлеу
3.4. Есірткілердің заңсыз айналымы туралы деректерді жинау саласында Ауғанстан мен Әзірбайжанның мүмкіндіктерін арттыру үшін ұсынымдар дайындау.
3.5. Ауғанстан мен Әзірбайжан үкіметтері есірткілерге қарсы күрес бойынша құқық қорғау органдарының арасындағы ақпарат алмасуға қатысу үшін жетекші ведомстволар мен ұлттық қызметтерді айқындайды.
3.6. Ақпарат және деректерді жинау үшін тиісті құрал-жабдықты сатып алу және орнату.
3.7. Сұрау салулардың түсуіне қарай есірткілердің заңсыз айналымына қарсы күрес саласында жергілікті қажеттіліктерге сәйкес үйлестірілген және жобаланған ақпараттық жүйелерді әзірлеуге көмектесу.
3.8. Әртүрлі оқу сессияларын өткізу:
- ұсынылған бағдарламалық қамтамасыз етудің қолданылуын оқыту;
- мәліметтерді және жедел ақпаратты өңдеуге оқыту (жедел ақпарат циклі: яғни есептерді жинау, бағалау, құру және деректерді тарату);
- жедел талдау негіздеріне оқыту;
- кейіннен оқыту, мониторинг және аналитиктердің қызметін қолдау, сондай-ақ жедел ақпаратқа негізделген қызметті іске асыру.
4.0. Жоба ауқымының кенеюі: жедел ақпарат негізінде тергеу жүргізудің қосымша компонентін іске асыру көмегімен жобаның оң нәтижелерін күшейту
4.1. Тиісті ведомстволармен және лауазымды тұлғалармен кеңестер мен басқа да іс-шаралар өткізу арқылы төменде көрсетілген жедел ақпаратты пайдалануға негізделген инструменттерді енгізу және артықшылығын түсіндіру:
а) жедел ақпараты стратегиялық талдау (тәуекелді бағалау, бейіндеу т.б.)
б) телефонмен сөйлесулерге базалық/тереңдетілген талдау
в) ақпарат берушімен базалық/терендетілген жұмыс
г) ақпарат берушілер туралы деректер базасы
д) бар жедел деректер базасына ғылыми деректер енгізу
е) электрондық ақпараттық алмасуды қорғау үшін шифрлік бағдарлама
4.2. 4.1-іс-шарасында санамаланған жедел ақпаратқа негізделген инструменттерді ұстау үшін қажетті құрал-жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді әрбір көмек алушы мемлекетке белгілеу.
4.3. Құрал-жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу және орнату.
4.4. Тиісті ведостволармен мұқият консультациялар негізде 4.1-іс-шарасында жедел ақпарат инструменттерін қолдау үшін қажет етілетін оқыту түрлерін анықтау; қатысушылар тізімін дайындау және тиісті оқуды ұсыну.
4.5. 4.1-іс-шараларына сәйкес жедел ақпаратты өңдеу бойынша аналитиктер қызметіндегі прогресс мониторингі (тұрақты негізде) және қажетіне қарай аналитикалық жүйелердің тиісті түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін есірткіге қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдарының аналитикалық бөліністеріне кейіннен техникалық және сараптамалық қолдау көрсету.
4.6. Көмек алушы мемлекеттерде аналитикалық қызмет және жағдайды дамуына мониторингі мақсатында "Кәсіби орталық" (КО) құру. Орталықтың жұмысына құқық қорғау органдарының аналитиктері, тәжірибелі техникалық персонал, ЮНОДК үйлестірушісі, бағдарламалық қамтамасыз ету және ақпарттық технологиялар бойынша сарапшылар қатысады. Кәсіби орталықтың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін бас байланыстырушы тұлға ретінде Тәжікстанның ЕБА-ның бас талдаушысы тағайындалды. Әрбір қатысушы елдің байланыстырушы адамы (талдаушы немесе деректер әкімшісі) байланысты ұстап отыратын болады және тиісті ақпартты байланыстырушы адамға жіберіп отырады. Кәсіби орталық: талдау бөліністерінің мониторингін, жедел ақпарат жүйесін және күнделікті талдау қызметін; проблемаларды анықтау, сондай-ақ ортақ деректерді бір іздендіріп топтастыруды жүзеге асырады. Бұл қызмет талдау бөлімшелерінің кәсіби білімінің мүмкіндіктерін бірыңғай деңгейін белгілеуге мүмкіндік береді. Кәсіби орталық "кәсіби дербестікке" қол жеткізу және талдаушылар мен деректер әкімшілерінің халықаралық техникалық қолдауға тәуелділігін төмендетуге жағдай жасайды.
4.7. Трасшекаралық ынтымақтастық пен ақпарат алмасуды бекіту және білімді кеңейту мақсатында қатысушы мемлекеттердің тұрақты жарты жылдық өңірлік кеңестерін ұйымдастыру.
VI. ЕСЕП БЕРУ. ЖОБАНЫҢ МОНИТОРИНГІ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Бастапқы құжаттарда көрсетілгендей, мониторинг, шолу және есеп берудің барлық тетіктері бұрынғысынша қалдырылады. 2008 жылы ЮНОДК стандартарына сәйкес жобалау қызметіне аралық бағалау жүргізіледі. Жобаны соңғы бағалау 2010 жылға жоспарланып отыр. Жобаның бюджетінде оның орындалуын соңғы бағалауға жеткілікті қаржы бөлінген.
VII. ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТІК ТЕТІГІ
Есірткіге қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау қызметін нығайтуға көмек көрсете отырып, осы жоба ЮНОДК-тың өңірлік бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылатын басқа да жобалардың іс-шараларын толықтырады. Осылайша жобаның сәттілігінің ажырамас шарты оның өзге де жобалармен үйлесімділігі болып табылады. AD/RER/F23 жобасының үйлестірушісі Орталықазиядағы ЮНОДК-тің өңірлік өкілдігінің тікелей басшылығымен мынадай үйлестіру жұмыстарын жүзеге асырады және қамтамасыз ететін болады:
- жедел ақпаратты талдау, өңдеу және жедел ақпарат негізінде тергеу жүргізу саласында ОАӨАҮО жобасымен ынтымақтастық және үйлестіру;
- Жедел мәліметтерді пайдалану тұжырымдамасына қатысты ТАJ/H03 жобасымен ынтымақтастық және үйлестіру;
- Жобаның тиісті компонентіне жататын мәселелер бойынша ТАJ/Е24 жобасымен ынтымақтастық және үйлестіру;
- қылмыстар бойынша деректерге талдау жүргізуге байланысты оның мақсаттарын орындауда AD/KYR/G64 (Қырғызстанның Есірткіні бақылау жөніндегі агентгігі) жобасымен ынтымақтастық және үйлестіру;
- Ауғанстан мен Әзірбайжандағы тиісті іс-шараларға байланысты ЮНОДК жобасымен/мақсатымен ынтымақтастық және үйлестіру;
- Ақпартты талдауға байланысты бөлігінде КАДАП және СКАД ЕС бағдарламасымен іс-шараларды ынтымақтастыру және үйлестіру;
- "Кәсіби орталық" құру бойынша AD/ТАJ/03/Н03 жобасымен ынтымақтастық және үйлестіру.
VIII. ҚҰҚЫҚТЫҚ КОНТЕКСТ
Бастапқы жобалық құжатта белгіленген құқықтық контекст, мыналармен ауыстырылған:
Төменде көрсетілген күндер БҰҰ Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) көмек көрсету туралы стандарттық базалық келісімге (КСБК) қол қойған келесі мемлекеттердің үкіметтері осы жобалы құжат шеңберінде ЮНОДК-қа ұсынылатын КСБК-мен тиісті түзетулерге қатысты көмекке келіседі. Үкіметтер, атап айтқанда, КСБК-ның IX бабының (Жеңілдіктер мен иммунитеттер) және X бабының (БҰҰДБ тарапынан көмек көрсету құралдары) ережелері берілген жоба шеңберінде ЮНОДК қызметіне қолданылады және КТСБК XI бабының (Көмек көрсетуді тоқтата тұру немесе тоқтату) және XII бабының (Дауларды шешу) ережелері берілген жоба шеңберінде ЮНОДК қызметіне қатысты қолданылады.
Әзірбайжан Республикасының Үкіметі 2001 жылғы 6 қаңтар
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1994 жылғы 4 қазан
Қырғыз Республикасының Үкіметі 1992 жылғы 14 қыркүйек
Тәжікстан Республикасының Үкіметі 1993 жылғы 1 қазан
Түрікменстан Үкіметі 1993 жылғы 5 қазан
Өзбекстан Республикасының Үкіметі 1993 жылғы 10 маусым сондай-ақ
БҰҰ Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) Көмек көрсету туралы стандартты базалық келісімнің (КСБК) тарапы болып табылмайтын Ауғанстан Үкіметі ЮНОДК жобалы құжатының (осы құжатқа қоса беріледі) стандартты толықтыратын ережелерімен тиісті өзгерістерді есепке ала отырып, қазіргі жобалы құжат шеңберіндегі ЮНОДК-пен орындалатын көмек көрсету бойынша іс-шараларға қолданылу қажеттілігіне келіседі. Үкімет "Құқықтар, құралдар, жеңілдіктер мен иммунитеттер" атты стандартты қосымша ережелер бөлімінің берілген жоба шеңберінде ЮНОДК қызметіне қолданылатыны туралы растайды.
Осы жобалы құжат ережелері мен КСБК (немесе стандартты қосымша ережелер) ережелерінің арасында келіспеушілік болған жағдайда осы жобалы құжаттың шарттары басымдылық күшке ие болады.
Мемлекеттік қызметкерлер немесе кеңесшілердің не болмаса, Үкімет атынан әрекет ететін немесе оның атынан тұлғамен жасалған келісім-шарт негізінде осы жобаны орындау үшін тартылған басқа да тұлғаларына келген қандайда бір зиян, зақым, ауру немесе өлімі үшін ЮНОДК жауапкершілікте болмайды. Тараптар орнын толтыру ретінде Үкімет төлейтін зиян, зақым, ауру немесе өлім сияқтылармен байланысты қандайда бір соманы төлеуді ЮНОДК-тан талап ете алмайды.
Үкіметтер осындай оқиғалар болған жағдайда барабар өтемақы бар екенін және осы жоба шеңберінде олар жалдаған барлық тұлғаларға қолданылатынын растайды.
Ресми пайдалануға арналған мүліктер мен заттар Тараптар аумағында кедендік төлемдерден, кедендік баж, салықтардан және осы жинаулармен және төлемдермен байланысты салымдардан оларды жасаудан басқа жерлердегі немесе тиісті кедендік орган жұмыс уақытынан басқа уақытта тасымалдау, сақтау және кедендік рәсімдеулерден, сондай-ақ кедендік рәсімдеулер мен халықаралық ұйымдармен қарастырылған тәртіпте осындай қызмет түрлерін қоспағанда.
ЮНОДК қаражаты есебінен сатып алынған жабдық кім сатып алумен айналысқанына қарамастан, ресми түрде берілмегенше немесе өзге де тәсілмен орналастырылмайынша оның меншігі болып қалады.
ЮНОДК қаражаты есебінен сатып алынған құрал-жабдық, тараптың келісімімен жобаның мақсатында пайдалану үшін жобаның әрекет етуінің кез келген кезеңінде кез келген тарапқа берілуі мүмкін. Алайда меншік құқығын беруді қоса алғанда жабдықты орналастыруға қатысты соңғы шешім мүдделі тарап/тараптар және ведомство/ведомстволармен консультациялар негізінде мұндай шешім қабылдау үшін бар күшін салатын ЮНОДК-та қалады.
ЮНОДК қаражаты есебінен сатып алынған құрал-жабдық ресми түрде берілетін ведомство жобаның мақсаттарына қатаң сәйкестікте және ЮНОДК-пен уағдаластыққа сәйкес пайдалануы үшін жауапкершілікте болады; ол жабдыққа тиісті техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуі және шығындарды көтеруі тиіс. Қосымша, осы ведомство берілген сақтандыруды ұйымдастыруы және шығындарды көтеру тиіс. Ұзақ мерзімде пайдаланылатын жабдыққа қатысты ведомство оның егжей-тегжейлі тізімдемесін жасауға жауапкершілікте болады.
ЮНОДК осы жоба шеңберіндегі қызмет нәтижесінде алынған барлық материалға (құжаттар, есептер, зерттеу нәтижелері, жариялымдар және т.б.) қатысты авторлық құқықтар мен зияткерлік меншікке тиісті құқықтарын сақтайды.
ЮНОДК-тың осы жобалы құжат шеңберіндегі қызметі жыл сайынғы негізде жүзеге асатын барабар қаржыландыруға тәуелді. Қажет етілетін қаражат болмаған жағдайда ЮНОДК осы құжат шеңберінде көмек көрсетуді өзі тоқтатуға құқылы.
Осы жоба БҰҰ-ның Ішкі қадағалау жөніндегі бөлінісі және БҰҰ Аудиторлар кеңесі тарапынан тексеріске/аудитке жатады. ЮНОДК мұндай тексерістің/аудиттің жүргізілуін үйлестіретін болады және тексеріс қорытындылары бойынша ұсынымдардың орындалуын қабылдауға міндеттенеді.
Жобалы құжатқа өзгерістер қатысатын тараптардың жазбаша келісімі бойынша енгізілуі мүмкін.
2-қосымша: Жұмыс сипаттамасы және қызметтік міндеттері (жалғасы) Жоба бойынша ассистент (ЖА)
Жобаның атауы және нөмірі: AD/RER/00/F23 - "Есірткі бизнесіне
қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау
органдарының деректер мен ақпарат жинау
бойынша әлеуетін нығайту"
Лауазымның атауы: Жоба бойынша ассистент (ЖА) (біреу)
Қол қою орны: Ташкент
Мерзімі: 36 ай
Жоба бойынша ассистент Жобаны үйлестірушінің жалпы басшылығымен және ұлттық бағдарлама қызметкерімен/жоба басшысымен тығыз байланыста тиісті елдерде мыналарды:
- жобаны басқарумен, іске асырумен және оның мониторингіне байланысты жұмыста Жоба үйлестірушісіне көмек көрсетуді;
- жобалы бюджетті шолу мен қайта қарауда Үйлестірушіге көмек көрсету;
- жыл сайынғы бюджеттік ұсыныстардың жобасын әзірлеуді;
- тиісті елдердегі жоба бюджетінің мониторингін және оны бақылауды, сондай-ақ Жоба үйлестірушісіне тиісті ақпарат ұсынуды;
- жоба мониторингінің жетілдірілген жүйесін әзірлеуде көмек көрсету, жоба басшылығының және Өңірлік Басқарманың ұсыныстарына сәйкес қаржылық және басқару мониторингі рәсімдерін қадағалауды;
- жұмыс жоспарларын, мониторинг бойынша есептерді (жартыжылдық және жылдық), құжаттарды, анықтамалық құжаттарды, жобаның бірінші жартысы өткеннен кейін және ол аяқталған соң бағалау комиссиясын жүргізу үшін материалдардың алғашқы нұсқаларын әзірлеуді;
- жабдықтарды жеткізу және жоба бойынша шығыстар мониторингін;
- конференциялар мен семинарлар өткізуге көмек көрсетуді;
- оқу курстарын ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсетуді;
- жобалы құжаттарды және кездесулерді ағылшын тілінен орыс тіліне және орыс тілінен ағылшын тіліне аударуды;
- мүдделі адамдармен және ведомстволармен бағдарламалық мәселелер бойынша хат-хабар дайындауды және жүргізуді;
- жол жүрумен, яғни визаларды, іссапар ұйғарымдарын ресімдеуді, іссапар шығыстарын және іссапар төлемдерін жүзеге асырумен байланысты рәсімдерді орындауды;
- қажет болған жағдайда басқа да міндеттерді орындауды жүзеге асыратын болады.
БІЛІКТІЛІК:
Жобаны басқару тәжірибесі. БҰҰ-ның техникалық көмек көрсету жөніндегі жобаларымен жұмыс және қарым-қатынас жасау тәжірибесі. Ағылшын және орыс тілдерінде сөйлей және жаза білу. Жобаға қатысушы елдердің тілін білетіндерге артықшылық беріледі; компьютерлік сауаттылық, коммуникабельділік және жағымды тұлғааралық қасиеттер міндетті түрде болуы керек.
2-қосымша: Жұмыс сипаттамасы және қызметтік міндеттері 2.1-қосымша Жобаны үйлестіруші
Жобаның атауы және нөмірі: AD/RER/00/F23 - "Есірткі бизнесіне
қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау
органдарының деректер мен ақпарат жинау
бойынша әлеуетін нығайту"
Лауазымның атауы: Жобаны үйлестіруші (L-4) (біреу)
Қол қою орны: Ташкент
Мерзімі: 36 ай
МІНДЕТТЕРІ: Орта Азиядағы ЮНОДК Өңірлік Өкілінің басшылық етуімен және оның нұсқауларына, сондай-ақ Құқық қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік кеңесшінің техникалық басшылығына сәйкес Жобаны үйлестіруші жалпы басшылыққа және AD/RER/00/F23 - "Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдарының деректер мен ақпарат жинау бойынша әлеуетін нығайту" жобасын іске асыруға жауап береді және мынадай міндеттерді орындайды:
- қатысатын үкіметтік құрылымдармен бірлесіп, оқу курстарын, семинарларды, жұмыс сессияларын және отырыстарды өткізуді қосқанда, жоба бойынша жұмыс жоспарының орындалуын үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады;
- жобаның бюджеттік қаражатын пайдалануды қадағалау мен бақылауды жүзеге асырады, қажет болған жағдайда жоба бюджетіне өзгерістер енгізеді;
- құрал-жабдықтарды бөлуді санкциялайды және жоба қаражатының шығыстарын қадағалайды;
- жобаның жергілікті персоналын қабылдайды, дайындайды және басқарады;
- заңнамалық және әкімшілік көмек көрсету мен оқытуды өткізу бойынша басым талаптарды ашады және айқындайды;
- консультанттарды тарту қажеттілігін анықтайды, ұсынылған консультациялар үшін қызметтік міндеттер әзірлейді, консультанттарды іздеуге, іріктеуге және қабылдауға көмек көрсетеді;
- құжаттаманы дайындайды және семинарларға арналған материалдарды, жұмыс сессияларын, оқу курстары мен отырыстарын, баянжазбаларды, жұмыс құжаттарын және т.б. қосқанда ЮНОДК немесе консультанттар дайындаған құжаттарды салыстырады және т.б.;
- ақпаратты өңдеу мен алмасуға жауап беретін үкіметтік бөліністер арасындағы бірлескен жұмысты ұйымдастыру бойынша іс-шараларды жетілдіру жөніндегі хаттамалар жасауға көмек көрсетеді;
- семинарлар, жұмыс сессияларын, отырыстар және т.б. ұйымдастырады;
- жобаны ұлттық Үйлестірушілермен/Басшылармен және жоба бойынша Ассистенттермен бірлесіп, нұсқамалық оқу сессияларын, ұлттық семинарларды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау курстарын және қосалқы өңірлік кеңестерді ұйымдастыруды қосқанда, барлық жобалық іс-шараларды өткізеді;
- деректер туралы сұрау салуларды дайындауды, ЮНОДК-ға кірмейтін мемлекеттік құрылымдармен және халықаралық ұйымдармен байланыс орнатуды қосқанда барлық жалпы және әкімшілік мәселелерді шешеді; нұсқаушыларға, компьютер мамандарына, әдіскерлерге, консультанттарға, заң мәселелері жөніндегі ЮНОДК кеңесшілеріне оларды жобалық іс-шараларға қатысуға дайындау бойынша ұсынымдар береді;
- семинарларда, жұмыс сессиялары мен отырыстарда ресурстарды бөлуші ретінде қатысады;
- жобаның ұлттық Үйлестірушілермен/Басшылармен және жоба бойынша Ассистенттермен бірлесіп, жоба бойынша жұмыс барысы және жоба бойынша жеткізілімдері іске асыру барысы туралы есептер дайындайды;
- Жоба бойынша жұмыс барысында алынған тәжірибе мен нәтижелер аясында өңірдегі ақпаратты өңдеу және олармен алмасу бойынша одан әрі ықтимал іс-әрекеттер үшін ЮНОДК-тың жобалық құжаттамасының стандарттық форматына сәйкес жоба бойынша жобалық ұсыныстар мен идеялар дайындайды;
- қажет болған жағдайда Орта Азиядағы ЮНОДК-тың қалған барлық жобаларын қолдайды және көмек көрсетеді.
БІЛІКТІЛІК ПЕН ДАҒДЫЛАР:
Криминология, құқық немесе тиісті сала бойынша жоғары университеттік білім не болмаса есірткіні бақылау және қылмыстық тергеу жүргізу саласында құқық қорғау қызметіне маманданған полиция, кеден және басқа да мемлекеттік деп танылған орта білім беру мекемесінде балама академиялық даярлық. Есірткіні бақылау саласында кемінде сегіз жыл жұмыс өтілі, оның екі жылы халықаралық деңгейде болуы тиіс.
Мүмкіндігінше БҰҰ-ны техникалық қолдау бағдарламаларындағы жұмыс өтілі; құқық қорғау қызметіндегі тәжірибе және Орта Азиядағы ахуалды білу. Кәсіби компьютерлік дағды және тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді білу. Жағымды тұлғааралық, басқарушылық және дипломатиялық қасиеттер, коммуникабельділік болуы керек.
Бірінші университеттік дәрежесі бар және кемінде 9 жыл тиісті кәсіби тәжірибесі бар кандидатураларда қарастырылуы мүмкін. Ағылшын тілінде міндетті түрде жетік сөйлеуі керек; жобаға қатысушы елдердің тілін білетіндерге артықшылық беріледі.
2.2-қосымша: Жұмыс сипаттамасы және қызметтік міндеттері (жалғасы) Жобаның ұлттық қызметкері (ЖҰҚ)
Жобаның аты және нөмірі: AD/RER/00/F23 - "Есірткі бизнесіне
қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау
органдарының деректер мен ақпарат жинау
бойынша әлеуетін нығайту"
Лауазымның атауы: Жобаның ұлттық кеңесшісі (ЖҰК) (бір)
Қол қою орыны: Ташкент
Мерзімі: 36 ай
МІНДЕТТЕРІ:
Жобаның ұлттық қызметкері (ЖҰҚ) жобаны Үйлестірушінің жалпы басшылығымен мыналарды:
- жобаны басқарумен, іске асырумен және оның мониторингіне байланысты қызметте жобаны Үйлестірушіге көмек көрсетуді;
- ай сайынғы есептерді үнемі құруды;
- жұмыс жоспарларын, есептерді және анықтамалық құжаттарды тәуелсіз дайындауды;
- жобалы бюджетті шолуды және қайта қарауды;
- жыл сайынғы бюджеттік ұсыныстардың жобасын әзірлеуді;
- жоба бюджетінің мониторингін және оны бақылауды;
- жоба бойынша жабдықтар мен шығыстардың бөлінуін бақылауды;
- оқу іссапарлары мен тағылымдамаларға қатысты тиісті тағайындаулар мен ұйымдастыру мәселелерін шешуді қамтамасыз етуді;
- ұлттық персоналды басқаруда көмек көрсетуді;
- байланыс жасау және ұлттық серіктестерді инспекциялауды;
- жоба шеңберінде басқарушылық, төрешілдік және әкімшілік жұмыста көмек көрсету үшін тиісті халықаралық ұйымдармен және мемлекеттік мекемелермен байланысты қамтамасыз етуді;
- Жобаны үйлестірушіге ресми миссияларды, сапарларды және басқа да осындай іс-шараларды дайындауда көмек көрсетуді;
- оқу курстары мен іссапарлар ұйымдастыруда және оларды өткізуде көмек көрсетуді, сарапшылар мен консультациялық миссияларды жүзеге асыру кезінде ынтымақтастық пен қолдау көрсетуді;
- қажет болған жағдайда басқа да міндеттерді орындауды жүзеге асыратын болады.
БІЛІКТІЛІК:
Жоғары білім, ағылшын және орыс тілдерінде сөйлеу және жаза білу; жобаға қатысушы елдердің тілін білетіндерге артықшылық беріледі; компьютерлік сауаттылық; БҰҰ-да немесе басқа да халықаралық ұйымдарда 5 жыл жұмыс тәжірибесі; жұмыс рәсімдерін жақсы білу; бастамашылық және ұйымдастырушылық қабілеттер; коммуникабельділік және жағымды тұлғааралық қасиеттер; мүмкіндігінше елдегі есірткі ахуалын білу.
2-қосымша: Жұмыс сипаттамасы және қызметтік міндеттері (жалғасы) 2.5-қосымша. Жергілікті есептеу желісіне (ЖЕЖ) қызмет көрсету жөніндегі мамандар
Жобаның атауы және нөмірі: AD/RER/00/F23 - "Есірткі бизнесіне
қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау
органдарының деректер мен ақпарат
жинау бойынша әлеуетін нығайту"
Лауазымның атауы: ЖЕЖ қызмет көрсету жөніндегі мамандар
(үш)
Қол қою орны: Ташкент
Мерзім: 36 ай
Жоба шеңберінде ЖЕЖ қызмет көрсету жөніндегі маман Жобаны үйлестірушінің басшылығымен және оның тапсырмаларына сәйкес мынадай міндеттерді орындайтын болады:
- Жобаны үйлестірушіге барлық жоспарланған және жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар туралы есепті және жоба басшылығының міндетті талабы болып табылатын міндеттерді орындау туралы баяндаманы ұсынады;
- компьютерлік жабдықтарды есепке алу және оларға техникалық қызмет көрсету арқылы жоба персоналына көмек көрсетеді;
- ақпаратты жинау, сақтау, талдау және қауіпсіз алмасу үшін арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізуші/әзірлеуші компанияларды анықтауда Жоба үйлестірушісіне көмек көрсетеді;
- осы бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын техникалық талаптарды көрсете отырып, арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізуге тендерлік құжаттаманы дайындауда Жобаны үйлестірушіге көмек көрсетеді;
- анықталған қажеттіліктерге оның сәйкес болуына кепілдеме беру үшін арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудің барлық процесі кезінде таңдап алынған компаниямен жұмыс барысында Жобаны үйлестірушіге көмек көрсетеді;
- қажетті жабдықтарды анықтауда және бағдарламалық қамтамасыз етуді неғұрлым мақсатты пайдалануға кепілдік беретін техникалық талаптардың нақты спецификациясынан тұратын компьютерлік жабдықтарды жеткізу үшін тендерге қатысуға шақырулар дайындауда арнайы бағдарламалық қамтамасыз етеді;
- ақпаратпен алмасудың оңтайлы техникалық құралдарын анықтауда ұлттық билік органдарына көмек көрсетеді;
- ұсынылған арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету мен техникалық жабдықтарды пайдалануға және жұмыс мәселелерін барабар шешуге қатысты ұлттық билік органдарына көмек көрсетеді;
- арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану бойынша ұлттық билік органдарының өкілдері үшін оқу ұйымдастыруда Жобаны үйлестірушіге көмек көрсетеді;
- жоба персоналына тиісті білім беру;
- қажет болған жағдайда компьютерлік технологиялар және есептеу желілері саласында ЮНОДК-нің Өңірлік кеңсесіне басқа да іс-шараларды жүзеге асыруда қолдау және көмек көрсетеді.
БІЛІКТІЛІК:
Информатика, статистика және қолданбалы математика бойынша университеттік дәреже; Ақпаратты басқару жүйесі (АБЖ) және ақпараттық технологиялар саласындағы жұмыс тәжірибесі; ақпаратты басқару және мәліметтерді жіберу желісі саласындағы жұмыс тәжірибесі, есептеу желісі мен арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудағы практикалық дағды; БҰҰ жүйесіндегі жұмыс тәжірибесіне артықшылық беріледі; топпен жұмыс істей білу.
Ағылшын тілінде жақсы сөйлеу және жазу дағдысы міндетті түрде болуы керек; жобаға қатысушы елдердің тілін білетіндерге артықшылық беріледі.
ҚОСЫМША: БККСШ-ға кірмейтін елдер үшін стандартты құқықтық мәтін Базалық көмек көрсету туралы стандартты шарт (БККСШ) тараптары болып табылмайтын елдерде қолдану үшін жобалық құжаттарға стандартты қосымша
Стандартты мәтін: жобалы құжатты толықтыратын ережелер:
Құқықтық контекст
Үкіметтің, ЮНОДК-нің және атқарушы агенттіктің жалпы міндеттері.
1. ЮНОДК-нің осы жобаға көмек көрсетуінің барлық кезендері мен аспектілері Біріккен Ұлттар Ұйымы құзыретті органдарының тиісті қаулылары мен шешімдерінің негізінде, сондай-ақ осындай жобаларды орындау кезінде қолданылатын саясат пен рәсімдер, оның ішінде ЮНОДК-нің Мониторинг жүйесінің, бағалауы мен есептілігінің талаптары ескеріле отырып іске асырылады.
2. Үкімет ЮНОДК қолдаған осы жобаға және жобалы құжатқа сәйкес оның міндеттерін іске асыруға жауапты болады.
3. Аталған жобалы құжат шеңберінде Үкіметке және халыққа (нақты елдің немесе облыстың) көмек көрсетіледі; тиісінше Үкімет аталған жобаны іске асыру жөніндегі қызметпен байланысты барлық тәуекелдерді көтереді.
4. Үкімет жобаға ұлттық персоналды, оқу базасын, жер учаскелерін, жабдықтарды, сондай-ақ басқа да қызметтер мен құралдарды ұсынады. Ол аталған құжаттың бірінші бетінде көрсетілетін, жобаның үкіметтік құрамдас бөлігін іске асыруға тікелей жауапты болатын бірге қызмет ететін мемлекеттік агенттікті (бұдан әрі - "бірге қызмет ететін агенттік") анықтауға тиіс.
5. ЮНОДК Үкіметтің салымын толықтыруға және Атқарушы агенттік арқылы қажетті сараптаманы, оқытуды, жабдықтарды және жобаның қаржылық сметасы шеңберінде басқа да қызметтерді ұсынуға міндеттенеді.
6. Жоба басталғаннан кейін Атқарушы агенттік тәуелсіз мердігер мәртебесіне сәйкес жобаның орындалуы үшін негізгі жауапкершілікті өз мойнына алады. Сонымен бірге негізгі қызмет ЮНОДК-мен және әріптес агенттіктің келісімімен жүзеге асырылады. Осы мақсатта жобалы құжатта тиісті іс-шаралар, сондай-ақ осындай жауапкершілікті Үкіметке немесе жобаны орындау кезінде ол тағайындаған субъектіге тапсыру шарттары ескертілген.
7. Үкіметтік қатысу БҰҰЖБ-ның қызметіне ақшалай салым түрінде ішінара жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда Атқарушы агенттік тиісті қызметтер мен құралдарды, сондай-ақ ЮНОДК-қа және Үкіметке барлық орын алған шығыстар туралы жыл сайынғы есепті ұсынады.
(а) Үкіметтің қатысуы
1. Үкімет жобаға жобалы құжаттарда белгіленген көлемдер мен мерзімдерде қызметтер, құрал-жабдықтар және құралдар ұсынады. Үкіметтің жобаға қатысуымен байланысты бюджеттік қаражат, заттай немесе ақшалай мөлшерде, жобалы бюджеттерде көзделуі тиіс.
2. Бірге қызмет ететін агенттік жағдайға және атқарушы агенттіктің келісімі бойынша жұмыспен толық қамту негізінде жобаның директорын тағайындайды. Жобаның директоры Қызмет ететін агенттік ұйғарған жобаны іске асыру жөніндегі міндеттерді орындайтын болады.
3. Жоба бюджетінің үкіметтік құрамдас бөлігіне кіретін баптар бойынша күтілетін шығыстар жобаны іске асыру бойынша ұсыныстарды құрастыру мерзіміне қол жетімді, барынша дұрыс ақпаратқа негізделуі тиіс. Жобаны іске асыру кезінде бағаның ауытқуына байланысты жоғарыда аталған құрамдас бөлікті ақша жағынан түзету қажет болуы мүмкін; кез келген жағдайда ол жобаны орындауға жататын қызметтің, жабдықтың және техникалық құралдардың жалпы көлеміне сәйкес анықталады.
4. Үкімет Атқарушы агенттіктің келісімі бойынша егер жоба мүддесінде мақсатқа сай деп танылатын болса, кадр қызметінің "адам-ай" ескертілген саны шеңберінде жоба персоналын жеке тағайындауға шамалы түзетулер енгізуі мүмкін. Мұндай түзетулер туралы ақпарат барлық ақшалай қаражат тарту жағдайларында ЮНОДК-ға ұсынылуы тиіс.
5. Үкімет жобаның ұлттық қызметкерлеріне ЮНОДК-та тағылымдамадан өтуіне байланысты олар қызметте болмаған кезде де еңбек ақы төлеуді және тиісті ақшалай сыйақы беруді жалғастырады.
6. Үкімет жабдықтың импортымен, оны тасымалдаумен, әзірлеумен, сақтаумен және сол елдің аумағында туындаған басқа да шығындармен байланысты кедендік баждарды және басқа да төлемдерді төлеу бойынша шығыстарды жабады. Ол жабдықтың сақталуына, оны монтаждауға, техникалық қызмет көрсетуге, сақтандыруға және қажет болған жағдайда жобалық объектіге жеткізілгеннен кейін айырбастауға жауапты болады.
7. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы ережеге сәйкес Үкімет жобаға кез келген жарияланған және жарияланбаған есептерді, карталарды, есеп беру құжаттарын және оны іске асыруға қажетті басқа да деректерді ұсынады.
8. Осы жоба шеңберінде ЮНОДК қызметінің нәтижесінде алынған кез келген жаңалыққа патенттік, авторлық және одан басқа осындай құқықтар ЮНОДК-ге тиесілі. Егер тараптар әрбір нақты жағдайда басқа туралы уағдаласпаса, Үкімет жалға алу бажы мен кез келген осындай алымдарды төлемей, осындай жаңалықтарды және жұмыс нәтижелерін өз елінің аумағында пайдалануға құқылы.
9. Үкімет жобаның барлық қызметкерлеріне қолайлы пәтерақы шегінде тұру үшін үй-жаймен қамтамасыз етуде көмек көрсетеді.
10. Үкімет жобаға ақшалай қаражат ретінде ұсынатын жобалы құжатта көзделген қызметтер мен құралдар жобалы бюджетте ескертілуі тиіс. Бұл соманы Үкімет ЮНОДК-ге төлем кестесіне сәйкес төлейтін болады.
11. Төлем кестесінде белгіленген жоғарыда аталған салымды ЮНОДК-ге уақытында (немесе уақытынан бұрын) төлеу жобалы жұмыстың басталу немесе жалғасу шарты болып табылады.
(б) ЮНОДК мен атқарушы агенттіктің қатысуы
1. ЮНОДК Атқарушы агенттік арқылы жобаға қызмет көрсетеді, жобалы құжатта белгіленген жабдықтар мен құралдарды жеткізуді жүзеге асырады. Жобалы бюджетте ЮНОДК тарапынан салымға бөлінетін бюджеттік қаражат ескертілуі тиіс.
2. Атқарушы агенттік Үкіметпен және ЮНОДК-мен жоба басшысының кандидатурасы мәселесі бойынша кеңеседі, ол атқарушы агенттіктің басқаруымен елдің аумағында атқарушы агенттіктің жобаға қатысуы үшін жауапты болады. Жоба басшысы сарапшылардың және жобаны іске асыру үшін тағайындалған басқа да персоналдың жұмысын, сондай-ақ ұлттық серіктес персоналы үшін өндірістен қол үзбей оқыту жүргізуді үйлестіретін болады. Жоба басшысы ЮНОДК ұсынатын барлық материалдық-техникалық ресурстарды басқару және тиімді пайдалану, оның ішінде жобаға берілетін жабдықтар үшін жауапты болады.
3. Атқарушы агенттік Үкімет пен ЮНОДК-нің келісімі бойынша жобаның халықаралық және басқа да штатын тағайындайды, жобалы құжатқа сәйкес тағылымдамадан өту үшін кандидаттарға іріктеу жүргізеді және ұлттық серіктес персоналын оқытудың стандарттарын айқындайды.
4. Тағылымдамалар Атқарушы агенттіктің тиісті рәсімдері негізінде жүзеге асырылады.
5. Атқарушы агенттік Үкімет пен ЮНОДК-нің келісімі бойынша қосалы келісім-шарт негізінде жобалы жұмыстың бір бөлігін немесе толық көлемін орындауы мүмкін. Қосалқы мердігерді таңдау атқарушы агенттіктің рәсімдеріне сәйкес Үкімет пен ЮНОДК-нің келісімі бойынша жүзеге асырылады.
6. Осы жобаны іске асыру процесінде ЮНОДК атынан және оның қаражатына сатып алынған барлық жабдық, бағдарамалық қамтамасыз ету, материалдар мен жарақтар ЮНОДК-нің меншігі болып қала отырып, тек жобаның мақсатына сәйкес пайдаланылуы тиіс, оның атынан Атқарушы агенттік оның мазмұнын қамтамасыз етеді. ЮНОДК ұсынатын жабдықта ЮНОДК мен Атқарушы агенттіктің маркасы болуы тиіс.
7. Қажет болған жағдайда жабдықтардың қорытынды берілуіне залал келтірмей жобаны іске асыру кезеңінде жергілікті билік өкілдеріне сақтау үшін жабдықтарды уақытша беру бойынша іс-шаралар қабылдануы мүмкін.
8. ЮНОДК, Үкімет тарапынан жобаға көмек көрсету аяқталар алдында ЮНОДК мен Атқарушы агенттік ЮНОДК ұсынған барлық жобалы жабдыққа иелік ету мәселесін келісу керек. Егер оны жоба шеңберіндегі қызметті жалғастыру не тікелей жоба аяқталғаннан кейін іс-шараларды жүзеге асыру талап етсе, мұндай жабдыққа меншік құқығы Үкіметке беріледі. Алайда ЮНОДК өзінің қарауы бойынша жабдықтың бір бөлігіне немесе жалпы жабдыққа меншік құқығын өзіне қалдыра алады.
9. Келісілген мерзімде ЮНОДК тарапынан көмек көрсету аяқталғаннан кейін Үкімет пен ЮНОДК, сондай-ақ қажет болған жағдайда Атқарушы агенттік оның нәтижелеген бағалау мақсатында жобадан шығатын немесе онымен байланысты іс-шараларға шолу жасайды.
10. Егер Үкімет ЮНОДК-ға осындай жобаға қатысты ақпараттың таралуын шектеу туралы жазбаша сұрау салу жібермесе, ЮНОДК инвестициялық жобаларға, әлеуетті инвесторларға қатысты ақпарат ұсына алады.
Құқықтар, жеңілдіктер, артықшылықтар және иммунитеттер
1. ЮНОДК тарапынан көмек көрсету туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНОДК) мен Үкімет арасында жасалған Келісімге сәйкес жобаға қатысы бар ЮНОДК мен БҰҰ-ның басқа да ұйымдарының персоналы аталған Келісімде көзделген барлық құқықтарды, жеңілдіктерді, артықшылықтарды және иммунитеттерді пайдалануға тиіс.
2. Егер Үкімет БҰҰ волонтерлерінің қызмет көрсетуіне сұрау салса, ол ЮНОДК персоналына ұсынылатындай құқықтар, жеңілдіктер, артықшылықтар және иммунитеттер ұсынады.
3. Атқарушы агенттіктің мердігерлері және оның персоналы (жобаны іске асырушы елдің жергілікті персоналын қоспағанда):
(а) жобаны іске асыру кезінде олар ресми түрде жасайтын барлық іс-әрекеттерге қатысты сот талқылауына тартудан босатылуы;
(б) мемлекеттік міндеттіліктен босатылуы;
(в) өздерінің жұбайларымен және барлық туған-туыстарымен көші-қон шектеулерінен босатылуы;
(г) жобаны іске асыру немесе жеке пайдалану мақсатында елге шетел валютасында белгілі бір орташа сома әкелу артықшылығын, сондай-ақ елге әкелінген кез келген соманы шоттан алу құқығын пайдалануы; сонымен қатар валюталық операцияларды реттеу рәсіміне сәйкес бұл соманы жобаны орындау кезінде еңбек ақы түрінде алуы;
(д) өздерінің жұбайларымен және асырауындағы адамдармен бірлесіп, халықаралық дағдарыс кезінде дипломатиялық персоналдармен тең дәрежеде репатриация мүмкіндіктерін пайдалануы тиіс.
Қажет болған жағдайда жобаны іске асыру үшін жобаны үйлестіруші немесе бас техникалық кеңесші тағайындалуы мүмкін.
4. Атқарушы агенттік мердігерлерінің барлық қызметкерлері осы жобаға қатысты құжаттаманың қол сұқпаушылығын пайдалануы тиіс.
5. Үкімет атқарушы агенттік жалдайтын кез келген фирмаға немесе ұйымға, сондай-ақ жергілікті персоналды қоспағанда кез келген осындай фирманың немесе ұйымның персоналына:
(а) жобаны орындау кезінде персонал алатын еңбек ақыға;
(б) жоба іске асырылатын елге әкелінген соң кейіннен одан шығарылуы мүмкін кез келген жабдыққа, материалға және керек-жараққа;
(в) аталған алымды төлеу түрлері мен шығыс көлемдері, сондай-ақ сақталуға жататын тиісті рәсімдер Үкіметпен келісілгенде және қажет болған жағдайда жобалы құжатта көрсетілгенде жобаны іске асыру үшін ол іске асырылатын елде сатып алынған отын және аталған жабдықтардың техникалық қызмет көрсетуіне арналған қосалқы бөлшектер сияқты жабдықтардың, материалдардың және тиесілі заттардың кез келген елеулі көлемдеріне қатысты салынатын кез келген салықтарды, баждарды, комиссиялық немесе алымдарды төлеуден босатылады немесе оларды төлеу бойынша шығыстарды жабады; сондай-ақ
(г) ЮНОДК мен Атқарушы агенттік персоналына жеңілдіктер берілген жағдайда қызметкерлер, фирма немесе ұйым не олардың персоналы жеке пайдалану үшін елге әкелген жеке автомобильдерді қосқанда кез келген әкелінген мүлік елге енгізілген соң кейіннен осы қызметкерлер кеткен жағдайда елден шығарылады.
6. Үкімет:
(а) осы жобаға қызмет көрсететін сарапшылар мен басқа да адамдарды уақтылы бекітуге; сондай-ақ
(б)
(і) осы жобаны іске асыру үшін қажетті жабдықтарға, материалдарға және керек-жарақтарға; және
(іі) жергілікті персоналды қоспағанда ЮНОДК персоналының, оның Атқарушы агенттіктерінің немесе олардың атынан жұмыс істейтін басқа да адамдарға тиесілі немесе оларға арналған мүлікке кеден бажынан уақтылы босатуға кепілдік береді.
7. Егер ол немесе ЮНОДК иммунитет сот әділдігін жүзеге асыруға кедергі келтіреді, ал оның күшін жою жобаның сәтті аяқталуына ықпал етпейді және ЮНОДК мен Атқарушы агенттіктің мүдделеріне қысым жасамайды деп есептесе, Атқарушы агенттік фирмаларға немесе ұйымдарға, сондай-ақ олардың персоналына ұсынылатын жоғарыда аталған артықшылықтар мен иммунитеттердің күшін жоюы мүмкін.
8. Атқарушы агенттік өзінің тұрақты өкілі арқылы жоғарыда санамаланған артықшылықтар мен иммунитеттер қолданылатын персоналдың тізімін Үкіметке ұсынады.
9. Осы жобалы құжатта немесе Қосымшада ештеңе осы жобалы құжатта аталған кез келген жеке немесе заңды тұлғаға қатысты кез келген басқа құқықтық актімен берілетін құқықтарды, жеңілдіктерді, артықшылықтарды және иммунитеттерді шектемейтіндей түсіндірілуі керек.
Көмек көрсетуді тоқтату немесе қысқарту
1. ЮНОДК-нің ойынша, егер жобаның сәтті аяқталуын немесе оның мақсаттарына қол жеткізуді қиындататын мән-жайлар туындаса, ЮНОДК Үкіметті немесе Атқарушы агенттікті жазбаша хабарлама арқылы кез келген жобаға көмек көрсетуді тоқтата алады. ЮНОДК сол немесе қосымша жазбаша хабарламамен ол жобаға көмек көрсетуді қайта бастауға дайын болатын жағдайларды көрсетеді. Көмек көрсету Үкімет осы жағдайларды қабылдаған уақытқа дейін тоқтатылатын болады, басқа жағдайда ЮНОДК Үкіметке және Атқарушы агенттікке жобаға көмек көрсетуді қайта бастауға дайын екендігі туралы жазбаша хабарлайды.
2. Егер 1-параграфта баяндалған жағдай көмек көрсетуді тоқтату туралы жазбаша хабарлама берілгеннен кейін он төрт күн ішінде өзгеріссіз қалса, ЮНОДК Үкімет пен Атқарушы агенттікке тиісті жазбаша хабарлама жіберіп, кез келген сәтте жобаны іске асыруды қысқарта алады.
3. Осы параграфтың ережелері жалпы құқықтық принциптерге сәйкес осындай жағдайларда немесе өзге қарым-қатынаста ЮНОДК-ға ұсынылатын кез келген құқықтар мен құқық қорғау құралдарына залал келтірмеуі керек.
ЛОГИКАЛЫҚ ШЕҢБЕРЛІК МАТРИЦА |
|||
Мінездеуші түйіндеме |
Күтілетін нәтиже |
Нәтижелердің бағасы |
|
Іс-шара |
Нәтижелер |
Орындаудың объективті тексеру көрсеткіштері |
Тексерудің көздерімен құралдары |
3.0 Географиялық қамтуды кеңейту: |
3.0 Ауғанстан мен Әзірбайжанда ақпарат жинау мен алмасу механизмі құрылған және есірткіге қарсы күрес бойынша құқық қорғау органдары бөліністерінің әлеуеті күшейтілген |
||
3.1 Құқық қорғау органдарының кәсіби дайындығын және қолда бар ақпарат көздерінің дәрежесін анықтау үшін Ауғанстан мен Әзірбайжанның құқық қорғау қызметінде жедел ақпаратты пайдалану бойынша талдау және тергеу мүмкіндіктерін бағалауды өткізу |
3.1 Ауғанстанмен Әзірбайжанның есірткіге қарсы күрес саласында құқық қорғау қызметіне қатысты тұтынушылықты түсінуді жақсарту |
3.1 Өткізілген бағалау туралы есептің толық деңгейі |
3.1 Ағымдағы ахуалдың нақты сипаты бар есеп жобаның ұлттық басшысымен қаралады |
3.2 Ауғанстан мен Әзірбайжанның талдау ақпараттық және жедел жүйелерге, сондай-ақ ақпараттық-технологиялық жабдықтарға қажеттілігін анықтау |
3.2 Ауғанстан мен Әзірбайжанның құқық қорғау қызметінде пайдаланылатын жабдықтарды тұтынуды жақсы түсіну |
3.2 Жабдықтардың нақты тізімі дайындалған |
3.2 Қажетті жабдықтардың тізімі бенефициария үкіметтік ведомстволарымен және жоба басшысы арасында келісілді |
3.3 Алдыңғы сатыларда жобаны орындау барысында алынған тәжірибе негізінде жобаны іске асыруы стратегиясын әзірлеу |
3.3 Ауғанстан мен Әзірбайжан F23 жобасының бірінші фазасын іске асыру кезінде туған проблемаларына қайта тап болатынын мүмкіндігі аз |
3.3 Жүзеге асыру стратегиясын сақтау деңгейі |
3.3 Жоба басшысы жобанының орындалу барысының үздіксіз мониторингін жүзеге асырады |
3.4 Ауғанстан мен Әзірбайжанның есірткінің заңсыз айналымы туралы деректерді жинау саласындағы мүмкіндіктерін арттыру үшін ұсынымдар дайындау |
3.4 Ауғанстан мен Әзірбайжан есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрестің мүмкіндіктерін кеңейту үшін қажетті сатыларды көлемде түсіну |
3.4 Ұсынымдардың жете суреттемесі бар құжат тиісті үкімет ведомстволары/органдары үшін қолайлы |
3.4 Тиісті үкіметтік ведомстволар ұсынылатын ұсынымдарды әзірлеу мен келісімді анықтайды |
3.5 Ауғанстан мен Әзірбайжаннық Үкіметтері есірткіге қарсы күрес бойынша құқық қорғау органдары арасындағы ақпаратпен алмасуға қатысу үшін жетекші ведомстволар мен ұлттық қызметтерді белгілейді |
3.5 Жоба іс-шаралары бойынша байланысу адамдары анықталған |
3.5 Негізгі үкіметтік ведомстволарда байланысу адамдарының белгілі бір саны және жоба қызметін қолдау дәрежесі белгіленген |
3.5 Жоба басшысы байланысты қадағалайды және ведомстволар арасындағы ынтымақтыстық мониторингін жүзеге асырады |
3.6 Ақпараттар мен деректерді жинау үшін тиісті жабдықтарды сатып алу және орнату |
3.6 деректерді жинау жүйесі құрылған |
3.6 Орнатылған құрал-жабдықтардың белгілі бір саны мен түрі, сондай-ақ оның тұтынуға сәйкестік дәрежесі |
3.6 |
3.7. Сұрау салу бойынша есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес саласында жергілікті тұтынуларға сәйкес үйлестірілген және жобаланған ақпараттық жүйені әзірлеуге ықпал ету |
3.7 Осындай лауазымды адамдардың тобы ұсынылған жабдықтарды пайдалануға машықтауын арттырады |
3.7, 3.8 |
3.7, 3.8 Жоба басшысы оқу сессияларын өткізу мониторингін, сондай-ақ оқушылардың дағдыларын арттыруды жүзеге асырады |
3.8 Түрлі оқу сессияларын өткізу: |
3.8 Осындай лауазымды адамдардың тобы жедел ақпараттарды өңдеудің түрлі аспектілерге машықтануды арттырады |
||
4.0 Жоба ауқымын кеңейту: жедел ақпаратқа негізделген қосымша компоненттерді жүзеге асыру жолымен жобаның оң нәтижелерін нығайту |
4.0 Ақпараттарды жинау мен алмасу механизмі күшейтілген және есірткіге қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдарының мүмкіндігі кеңейтілген. |
||
4.1 Тиісті ведомстволармен және қабылдаушы-мемлекет қызметкерлерімен кеңестер және баска да іс-шаралар өткізудің көмегімен жедел ақпаратты пайдалануға негізделген келесі құралдарды енгізу: |
4.1 Мақсатты ведомстволар мен бөлімдер 4.1. Іс-шарасында көрсетілген жедел ақпарат негізінде тергеу құралдарының білімі мен қолдауды кеңейтті. |
4.1 Тиісті ведомстволар мен лауазымды адамдарға ұсынылатын алмасу ақпаратының көлемі жедел ақпараттармен жұмыс жасаудағы олардың кәсіби шеберліктерін арттыруға арналған |
4.1 Жоба басшысы жоба тиісті ведомстволарға көрсетуі қажет қолдау түрінің құжаттық тізбесін жасайды. |
4.2. Әр қабылдаушы мемлекетке арналған 4.1. Іс-шарасында көрсетілген жедел ақпаратқа негізделген құралдарды қолдау үшін қажетті жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді анықтау |
4.2 Жедел ақпаратқа негізделген тергеуді қолдау үшін әрбір мемлекетке қажетті жабдықтарды пайдалануды түсінуді жақсарту. |
4.2 Әрбір қабылдаушы-мемлекетке қатысты жабдықтар тізімінің тиістілігі мен қолдану дәрежесі |
4.2 Қажетті жабдықтардың толық тізімі үкіметтік бенефициар ведомстволардың және жоба басшыларының арасында келісілген |
4.3 Жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу және орнату |
4.3 Жедел ақпарат негізінде тергеу жүйесін жетілдіру әрбір мемлекетте жұмыс істейді |
4.3 |
4.3 |
4.4 Тиісті бенефициар-ведомстволармен тиянақты кеңескеннен кейін 4.1. Іс-шарасында көрсетілген жедел ақпарат негізінде тергеу жүргізу үшін құралдарды қолдауға талап етілетін оқу түрлерін анықтау, қатысушылар тізімін дайындау және тиісті оқу ұсыну. |
4.4 Осындай лауазымды адамдардың тобында жедел ақпарат негізінде белгілі құралдарды пайдалануға тереңдетілген дағдылары бар |
4.4, 4.5 |
4.4, 4.5 ,4.6 Жоба басшысы оқу сессияларын өткізу маниторингін, оқушылардың машықтануын арттыру, сондай-ақ ақпараттық алмасу кезеңін іске асырады. |
4.5 4.1. Іс-шарасында көрсетілген жедел ақпаратты пайдалануға негізделген құралдарды іске асыруға қатысты қылмыстар жөніндегі талдаушылар жұмысы прогресінін мониторингі (ұдайы негізде) және қажеттілігі бойынша талдау жүйесінің тиісті дәрежедегі жұмысын қамтамасыз ету үшін есіткіге қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдарының талдау бөліністеріне техникалық және сараптамалық қолдау көрсетуді ұсыну |
4.5 Құқық қорғау органдары мамандарының біліктілігін арттырудағы сондай-ақ ақпаратпен алмасудағы үдерісінің беріктігі |
||
4.6 "Кәсіби орталық" құру (КО). КО мониторингтің және талдау жұмысының және қабылдаушы-мемлекеттерде болып жатқан жағдайларды бақылаудың механизмі болады. Оның жұмысына құқық қорғау ведомстволарының талдаушылары, тәжірибелі техникалық персонал, ЮНОДК үйлестірушісі және бағдарламалық қамтамасыз ету және ақпараттық технологиялар жөніндегі сарапшылар. Негізгі байланыс адамы ретінде КО-ның қызмет етуіне жәрдемдесетін Тәжікстан ЕБА аға талдаушысы тағайындалады. Байланыс Адамы (талдаушы немесе деректердің әкімшілігі) әрбір қатысушы елде байланыс ұстайды және тиісті ақпаратты негізгі байланыс адамына жібереді. КО келесі қызметті жүзеге асырады: талдау бөліністерінің үдеріс мониторингін, жедел ақпарат және күнделікті талдау жұмысының жүйелерін; проблемаларды анықтау, сондай-ақ жалпы мәселелердің классификациясын бірегейлеу. Бұл қызмет талдау бөліністерінің кәсіби білімдерінің/ мүмкіндіктерінің бірлескен дәрежесін анықтауға көмектеседі. КО "кәсіби дербестікке" жетуге көмек көрсету құралы болады және талдаушылар мен деректер әкімшіліктеріне халықаралық техникалық деректерді қолдаудан аз мөлшерде тәуелді етеді. |
4.6 Деректердің талдаушылары мен әкімшіліктері техникалық халықаралық деректерден аз мөлшерде тәуелді болу үшін "Кәсіби дербестікке" жету бойынша көмек көрсетілген |
4.6 |
|
4.7 Білімдерін кеңейту және трансшекаралық ынтымақтастық пен ақпарат алмасуды нығайту мақсатында қатысушы-мемлекеттердің ұдайы жарты жылдық өңірлік кеңесін ұйымдастыру. |
4.7 Құқық қорғау қызметі саласында қатысушы елдер арасында деректермен неғұрлым қарқынды алмасу |
4.7 |
4.7 |
ЖОБАЛЫ ҚҰЖАТҚА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР
(ЖОБАЛЫҚ РЕВИЗИЯ)
Жобаның атауы және нөмірі: AD/RER/H22: Орталық Азия өңірлік
ақпараттық үйлестіру орталығы
(ОАӨАҮО).
Жобаның бекітілген мерзімі: 48 ай, басталуы: 2004 ж. қаңтар
Жобаның көзделген мерзімі: 88 ай - 2011 жылғы желтоқсанға дейін
Орналасу жері: Қазақстан, Алматы
Стратегиялық саласы есірткінің заңсыз айналымына қарсы
іс-қимыл
Атқарушы ведомство ЮНОДК
ЮНОДК бюджеті
Қатысушы мемлекеттердің және қабылдаушы тараптың үлесі Өкілетті өкілдердің еңбекақысын төлеу; Орталықты орналастыру үшін үй-жай өтеусіз беріледі
Қысқаша түсінік
Жобаны іске асыру 2004 жылдың соңында басталды және оны фазаларға бөлу туралы шешім қабылданды. Бұл шешім сол уақыттағы донорлық қаражаттың шектеулілігіне байланысты жоба шеңберіндегі іс-шараларды бірте-бірте жүзеге асыру қажеттілігінен туындады.
Жобаның бірінші фазасы барысында қатысушы мемлекеттердің әрқайсысының өкілдерінен тұратын сарапшылардың өңірлік тобы (Жоба тобы - ЖТ) құрылды. ЖТ институттық құжаттарды әзірледі, Орталықтың орналасатын жерін белгіледі. Жобаның екінші фазасында жөндеу жұмыстары басталды, Орталықтың жеке құрамын іріктеу және орналастыру, құрал-жабдықты беру және ұйымдастырушылық шаралар мен сарапшылардың қолдауы жүзеге асырылды. Бастапқы екі фазаны табысты жүзеге асыру ОАӨАҮО-ны құру туралы келісімді мақұлдауға әкелді, нәтижесінде оған мемлекет басшылары қол қойды. Келісімді ратификациялау басталды. 2007 жылдың 1 қарашасында Келісімнің күшіне енуіне дейін Орталық "пилоттық фаза" шеңберінде шектелулі жұмыс істей бастады.
Дайындық фазалары аяқталғаннан кейін жобаны толық көлемді іске асыруға көшу қажет, ОАӨАҮО қызметін қолдауды қамтамасыз ету үшін бастапқы жобалы құжатта жеке құрамға және құзырлы өкілдерге тренинг ұсыну, Орталықтың мүмкіндіктерін күшейту, сондай-ақ Орталықтың ұлттық ведомстволармен және өңірлік, халықаралық деңгейде ынталандыру ынтымақтастығы көзделген. Орталықты ұстау бойынша шығыстарды қатысушы мемлекеттер өздеріне алған сәтке дейін оны ЮНОДК арқылы донор-елдер тарапынан қаржылық қолдау өте маңызды.
Жобаның екі фазасының табысы донорлар тарапынан қосымша қаржылай қолдауды негіздеді, оның жалпы көлемі бастапқы бюджеттен артты. Қазіргі уақытта 7,700,052 $ көлеміндегі қаржыландыру ОАӨАҮО-нің инфрақұрылымын және оның мүмкіндіктерін дамыту бойынша толық көлемді қызметті бастау үшін жеткілікті.
Жобаны қайта қараудың басқа себептері:
- бастапқыда 2004 жылдың қаңтарында жоспарланғанмен, жобаны іске асыру 2004 жылдың соңында басталды.
- ОАӨАҮО-ны құру туралы Келісімге қол қою және ратифиакциялаудың ұзақ процесі.
- АҚШ доллары бағамының айтарлықтай төмендеуі.
Осылайша осы жобаны қайта қарау орындалған іс-шараларды алып тастау, олардың орнына бірқатар жаңа іс-шараларды енгізу, бірінші жылы Орталықтың қызметін қолдауды қамтамасыз ету үшін 2011 жылдың желтоқсанына дейін бюджетті және жобаның ұзақтығын көбейту туралы міндеттер бар.
Қолы: Мерзімі: Тегі/қызметі:
Қазақстан Республикасының
Үкіметі атынан: _______ _____ ____________________
ЮНДОК: _______ _____ ЮНОДК-тың атқарушы
директоры
Қужат Т. Муршудли және
А. Бергенева, Ж. Акишеваның
қатысуымен әзірленді
2008 жылғы шілде
1. Жобаның негізгі мақсатындағы өзгерістер (егер бар болса) - жоқ.
2. Міндеттер мен шарттарды өзгерту (егер бар болса) - жоқ.
3. Күтілетін нәтижелердегі өзгерістер
ОАӨАҮО-ның Пилоттық фазасы
ОАӨАҮО-ны құру туралы келісімге қол қою және ратифиакциялаудың кідіруіне байланысты, жоба донорларымен және қатысушы мемлекеттермен консультациялардан кейін Орталықтың қызметін пилоттық негізде бастау ұсынылды, ол келісілгендей 2007 жылдың 1 қарашасында басталды.
Пилоттық фаза негізгі құрамды қалыптастыруға, құзырлы өкілдерді қызметке жіберуді, құрал-жабдық сатып алуды, Интерполдың "1-24/7" қорғалған платформасын енгізуді, бірқатар операцияларды бастауды қамтамасыз етуді жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Халықаралық тендерді және жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеуді қажет ететін ғимаратты жөндеу бойынша дайындық жұмыстары басталды.
Пилоттық фазаның стратегиялық жоспары әзірленді. Ол ОАӨАҮО, яғни Орталық өз қызметін Келісімді ратификациялау процесі аяқталғаннан кейін бірден толық көлемде бастауы үшін негіз құрайды.
Қазіргі уақытқа дейін мыналар жүзеге асырылды:
- Қатысушы мемлекеттердің өкілдерінен құрылған жоба тобы ОАӨАҮО-ны құру туралы егжей-тегжейлі жоспар әзірледі. 2005 жыл бойы Жоба тобы ОАӨАҮО-ны құру туралы келісімді және құқықтық негізін, сондай-ақ Орталықтың қызметі үшін қажетті басқа да құжаттарды әзірледі;
- 2008 жылдың маусымына. Ресейден басқа барлық мемлекеттердің Президенттері ОАӨАҮО-ны құру туралы келісімге қол қойды. Ресей тарапы ресми түрде Орталыққа қосылуға мүдделі екенін және алдағы уақытта Келісімге кол қоюға әзірлігін білдірді. Келісім төрт мемлекеттің ратификациялауынан кейін күшіне енеді. Түрікменстан Парламенті оны 2007 жылдың 28 желтоқсанында ратификациялады. Ратификациялау процесіне Әзірбайжанда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және Өзбекстанда бастама көтерілді;
- Қазақстан Үкіметі Алматы қаласында ОАӨАҮО үшін ғимарат бөлді. Венадағы UNOV офисі ғимараттын жөндеу жұмыстарына халықаралық тендер жариялады. Мердігер жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді бастады.
- Қауіпсіздік тәртібін реттейтін құжаттар, кәсіби стандарттар, төтенше жағдайлардағы мінез-құлық ережесі әзірленді;
- Орталықтың құрылымы және ОАӨАҮО-ны басқару жүйесі әзірленді, бұл ОАӨАҮО-ны құру туралы келісімде және ОАӨАҮО туралы ережеде көрініс тапты;
- ОАӨАҮО-да қызмет өткеру туралы ереженің құрамдас бөлігі болып табылатын ОАӨАҮО-ның жеке құрамына төлемдер жүйесі дайындалды;
- Келісімге сәйкес әр мемлекеттің құзыретті үйлестіруші органдарының басшыларынан және ОАӨАҮО-ның директорынан тұратын Кеңес Орталықтың Басқарушы комитетінің рөлін атқаратын болады;
- 2007 жылдың қазан және желтоқсанында, сондай-ақ 2008 жылдың маусымында халықаралық комиссия (сондай-ақ ЮНОДК қатысқан) жүзеге асырған бірқатар әңгімелердің нәтижелері бойынша пилоттық фаза кезеңінде ОАӨАҮО-да жұмыс істеу үшін 8 қызметкер іріктелді. Қазақстанның Президенті пилоттық фазаның директорын белгіледі, ол өз міндетін орындауға 2008 жылғы 31 наурыздан бастап кірісті;
- Жедел өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан ОАӨАҮО-ға өкілетті өкілдерін жіберді. Әзірбайжан мен Өзбекстан да өз өкілдерін қызметке жіберуді жоспарлауда;
- Пилоттық фаза басталғаннан бастап Орталық ақпараттық бюллетеньдер әзірледі және таратты; онда алынған есірткілерге талдау, заңсыз айналымның тенденциясы, ашу тәсіддері берілген;
- Ауғанстанға прекурсорлардың ағынына қарсы іс-қимыл жөніндегі ТАРСЕТ өңірлік операциясын үйлестіру функциясы ОАӨАҮО-ға жүктелді;
- Еурокомиссия қаржыландыратын САDАР жобасы шеңберінде құрылған салалық бейіндік бөліністері үшін ОАӨАҮО үйлестіруші орталық болатыны туралы уағдаластыққа қол жеткізілді;
- 2008 жылдың маусымына ОАӨАҮО үйлестіретін, оның ішінде ОАӨАҮО-ға қатысушы болып табылмайтын мемлекеттермен халықаралық операциялардың нәтижесінде есірткі әкелудің бірқатар арналары әшкереленді, қылмыстық топтардың қатысушылары ұсталды, 200 кг героин тәркіленді;
- Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның құзырлы органдарымен жұмыс тетіктері байланыстың қорғалған арналары мен ынтымақтастық жолдары туралы келісімге қол жеткізілді;
- Интерполдың 1-24/7 қорғалған платформасы Орталықта 2007 жылдың желтоқсанында орналасты, Интерполдың қызметкерлері жүйені пайдалану бойынша тренинг өткізді;
- Дүниежүзілік кеден ұйымы (ДКҰ) СЕNN СОММ байланыстың қорғалған жүйесіне рұқсат берді, қазіргі уақытта ол ОАӨАҮО-да тестік сынақтан өтуде. Жобаға Еуропол, Интерпол, ДКҰ ерекше қолдау көрсетіп отыр. ОАӨАҮО-ны құру туралы бастама айтарлықтай саяси қолдау тапты.
Жүзеге асырылған өзге де іс-шаралар туралы қосымша ақпарат жарты жылдық және жылдық есептерде ЮНОДК-тың сайтында көрсетілген.
Осылайша күтілетін нәтижелерге қол жеткізілді, көптеген іс-шаралар табысты орындалды, кейіннен қайта қаралатын құжаттардан алуға жатады. Сондықтан төменде көрсетілген міндеттер және күтілетін нәтижелер ғана жаңа құжатта көрсетілген.
Жақын арадағы мақсат: ОАӨАҮО-ны құру жобасына қатысушы мемлекеттерге көмек көрсету
Өзгерістер жоқ
1-нәтиже: ОАӨАҮО үшін құқықтық база әзірленді, келісімге кол қойылды
Қызметі:
а) Қалған тараптың Келісімге қол қоюын қамтамасыз ету;
b) Келісімді ратификациялауға көмек көрсету.
Көрсеткіштер:
1) Келісімге барлық мемлекеттердің президенттері қол қойды;
2) Келісімді кем дегенде төрт ел ратификациялады және ол күшіне енді, бұл ОАӨАҮО-ның кең ауқымда қызметіне мүмкіндік береді.
2-нәтиже: ОАӨАҮО үшін орын белгіленді және келісілді. ОАӨАҮО ғимараты жөндеуден өтті және тиісті құрал-жабдықпен қамтамасыз етілді.
Қызметі:
а) Келісім күшіне енгеннен кейін келісімге қабылдаушы тараптың кол қоюын қамтамасыз етуіне байланысты өзгелерден басқа қабылдаушы тарап:
1. қажетті ғимаратты өтеусіз беруді
2. Шетелдік құқық қорғау органдарының байланыс офицерлеріне, сондай-ақ Орталықтың шетелдік аға персоналдарына тиісті иммунитет ұсынады
3. Орталықтың көлік құралдары мен ғимаратына тиісті иммунитетті ұсынады деп белгіленсін.
b) ОАӨАҮО-ның ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу.
с) Офистік және компьютерлік құралдардың, жиһаздардың, көлік құралдарының және т.б. қалған бөлігімен қамтамасыз ету қажет.
Көрсеткіштер:
1) Келісімге қабылдаушы тараптан Қазақстанның Үкіметі қол қойды, бұл ОАӨАҮО-нық қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;
2) ОАӨАҮО-ның ғимараты жөнделді, қызметті қамтамасыз ету үшін жабдықталды.
3-нәтиже: Ақпарат алмасу мен оның қауіпсіздігі жөніндегі саясат әзірленді және стандартты жедел рәсімдер енгізілді
Қызметі:
а) Ақпарат алмасу мен оның қауіпсіздігі жөніндегі саясатты әзірлеу үшін Жұмыс тобын (ЖТ) құру. ЖТ сондай-ақ ақпаратты жинау бойынша стандартты жедел рәсімдерді әзірлейді. Оған стандартталған нысандар мен жүйелер енгізіледі, бұл әрбір қатысушы мемлекеттің ақпаратты ұсынуы мен пайдалануы кезінде қатар жүруді қамтамасыз етеді;
b) Жекелеген адамдар, адамдар тобы, қылмыстық ұйымдар, олардың іс-қимыл түрі мен басқа да маңызды ақпарат қамтылған криминалдық ақпараттың бірыңғай деректер базасын құру;
с) ЮНОДК-тың AD/RERF23 жобасы, сондай-ақ құқық қорғау органдарында деректер базасынан құрылған ұлттық жүйелерден деректердің үйлесімі бойынша жұмыс атқару;
d) Ақпаратты стандартталған бағалау және рұқсат тәртібін енгізуді қарау;
е) Санкцияланбаған енуді болдырмау үшін деректерді, ақпаратты, қағаздар мен материалдарды қорғау үшін қауіпсіздік ережесін енгізу;
f) Қызметкерлерді, байланыс офицерлерін және аналитиктерді тексеруді қамтамасыз ету және олардың деректерге рұқсаты деңгейін белгілеу (Деректер рұқсат деңгейіне сәйкес жіктелетін болады);
g) Деректерді қорғау жөніндегі ұлттық заңдарды назарға алу (ақпараттар алмасу мақсатында) яғни байланыс офицерлері ұсынатын елдердің заңнамасына сәйкес деректер сақталуы тиіс;
h) Жабық ақпаратпен жұмыс істейтін барлық қызметкерлерді қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қазіргі заманғы әдістерімен қамтамасыз ету;
i) Деректерді электрондық пошта арқылы беру үшін тиісті шифрлік құрылғы мен бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсыну;
j) Интерполдың тиісті арналарын пайдалануды қолдау;
k) Ақпарат мониториигінің қатаң жүйесін енгізу;
l) Жіктелген материалдарды сақтау қауіпсіздігі үшін алдын ала нақты шаралар қабылдау.
Көрсеткіштер:
1) Ақпарат алмасу мен оның қауіпсіздігі және стандартталған жедел рәсімдерді енгізу жөніндегі саясат әзірленді. Ақпаратты жинау рәсімі белгіленді.
2) Криминалдық ақпараттың деректер базасы құрылды және ақпаратты барлық қатысушы мемлекеттер ұсынады. ОАӨАҮО-ның жеке құрамы мен өкілетті өкілдердің рұқсат деңгейін қамтитын қауіпсіздік хаттамалары әзірленді және қолданылуда.
3) Ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету стандарттары қатысушы мемлекеттердің деректерді қорғау жөніндегі ұлттық заңнамасына сәйкес келеді.
4) Байланыстың қауіпсіз арналары енгізілді, шифрлаудың бағдарламалық құралдары қолданылады. Жеке құрам қазіргі заманғы технологияларды пайдаланылуға оқытылған.
4-нәтиже: ОАӨАҮО-ның штат саны тексерілді және қабылданды.
Қызметті:
Барлық штатты тиісті ұлттық органдардың тексеруін қамтамасыз ету және тексеріс нәтижелерін алу. Орталық жеке құрамының шыншылдығы мен сатылмайтындығын жоғары деңгейін қамтамасыз ету тиісті детекторлар мен өзге әдістемені қолдану жолымен тексерілуі мүмкін.
Көрсеткіштер:
1) Үміткерлерді іріктеудің өлшемдері әзірленді;
2) ОАӨАҮО-ның барлық бос орындарына конкурстық іріктеу негізінде орналастырылады;
3) ОАӨАҮО-ға жоғары кәсіби құрам қабылданды;
4) Полиграфта кенеттен тексеруді қоса алғанда жеке құрамды ұдайы тексеру қамтамасыз етілді;
5) ОАӨАҮО қызметкерлерінің тиімділігін бағалау жүйесі әзірленді және қолданылуда.
5-нәтиже: ОАӨАҮО-ға қатысушы мемлекеттердің өкілетті өкілдері (байланыс офицерлері) Орталыққа қызметке жіберілді
Қызметі:
а) Қатысушы мемлекеттерден өкілетті өкілдерді қызметке жіберуді қамтамасыз ету;
b) Өкілетті өкілдер желісі арқылы ынтымақтасуға ақпарат алмасу және ықпал ету.
Көрсеткіштер:
1) ОАӨАҮО-ға қатысушы мемлекеттерден өкілетті өкілдер Орталыққа қызметке жіберілді;
2) Өкілетті өкілдердің қажетті жедел ынтымақтастықты қамтамасыз ететін тиісті деңгей мен тәжірибелері бар;
3) Өкілетті өкілдер Орталықтың аналитикалық және үйлестіру қызметіне қатысады.
6-нәтиже: ОАӨАҮО-ның аналитикалық қызметі әзірленді
Қызметі:
а) ОАӨАҮО-да ақпаратты талдау бойынша жаңа бағдарламалық өнімдерді пайдалануға оқытылған қызметкерлермен жасақталған мамандандырылған аналитикалық бөлініс құру (аналитиктер ОАӨАҮО-ның өкілетті өкілдерімен және қызметкерлерімен тығыз байланыста жұмыс істеуі қажет. ОАӨАҮО-ның қызмет етуін қамтамасыз ету үшін жақын келешекте осындай дағдыларды меңгерген өкілетті өкілдердің тартылуы мүмкін);
b) Тиісті аналитикалық бағдарламалар өнімдерді және оларды пайдалану бойынша тренингті қамтамасыз ету.
Көрсеткіштер:
1) Аналитикалық бөлініс қызмет атқаруда.
2) Аналитиктер оқытылған.
3) Орталықтың жедел тиімділігін қамтамасыз ету үшін сапалы аналитикалық өнімдер мен құжаттар ұдайы әзірленуде.
7-нәтиже: ОАӨАҮО қызметкерлеріне және өкілетті өкілдерге
төлемдер жүйесі әзірленді, келісілді және қолданылуда
Қызметі: ОАӨАҮО қызметкерлері үшін еңбекақы, тұрғын үй жалға алу және медициналық сақтандыруға қаражат төлеуді қамтамасыз ету;
а) Әрбір қатысушы мемлекеттің екі өкілетті өкілі тұрғын үй жалға алу бойынша қосымша ақы мен қаражат (қызметке жіберуші мемлекеттің төлейтін ақшалай төлеміне қосымша) ұсыну;
b) Қажет болғанда қатысушы болып табылмайтын мемлекеттер ОАӨАҮО-ға жіберілген өкілетті өкілдерге ұқсас төлемдер төлеу мүмкіндігін қарастыру;
с) Қатысушы мемлекеттерге Орталықты ұстау мәселесін жобаны орта мерзімді бағалаудан кейін қарау.
Көрсеткіштер:
1) Төлем жүйесі әзірленді және қолданылуда.
2) Орталықты ұстау жағдайлары мен тәртібі белгіленетін (ЮНОДК жобасы әзірленгеннен кейін) ОАӨАҮО үшін шығу стратегиясы әзірленді.
8-нәтиже: Өкілетті өкілдер мен Орталықтың персоналы тиісті дайындықтан өтті
Қызметі:
а) Оқытуға қажеттілікті анықтау.
b) Жедел ақпаратты талдау және басқа да тиісті салаларда оқыту;
с) Бірлескен операцияларды ұйымдастыру бойынша оқытуды өткізу;
d) Деректер базасын қолдау бойынша Орталықтың техникалық персоналына оқу өткізу;
е) Ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелері мен рәсімдері бойынша оқу өткізу.
Көрсеткіштер:
1) Оқуға қажеттіктер анықталды және тренингтер өткізілді;
2) ОАӨАҮО-ның штаты өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін оқытылды.
9-нәтиже: Жобаны бағалау жүргізілді - орта мерзімді және аяқталуы бойынша
Қызметі:
а) Халықаралық мамандарды жалдау;
b) Қайта қаралған жобаны іске асыру басталғаннан кейін екі жылдан соң жобаны орта мерзімді бағалауды жүзеге асыру.
с) Аяқталғаннан кейін жобаны соңғы бағалау.
Көрсеткіштер:
1) Тәуелсіз мамандар конкурстық негізде іріктелді және жобаны бағалау жүзеге асырылды.
10-нәтиже: Орталықтың пилоттық қызметін қолдауды қамтамасыз ету
Қызметі:
а) Орталықтың пилоттық қызметін қолдауды Келісім күшіне енгенге дейін және ОАӨАҮО штатын толық жасақтағанға дейін қамтамасыз ету;
b) Ақпаратты жинау, талдау және алмасу, сондай-ақ бақыланатын жеткізілімдер сияқты халықаралық операцияларды ұйымдастыру және қолдау тетіктерін әзірлеу және тестілеу;
с) Өңірде және одан тыс құзыретті органдармен және халықаралық ұйымдармен ОАӨАҮО-ның ынтымақтасу үшін негіз құру;
d) Орталықты "Заслон", "Транзиттік тасымал", "ТАRСЕТ" және тағы басқа сияқты операцияларға қолдауды тарту.
Көрсеткіштер:
1) Халықаралық операциялар үшін тетіктер әзірленді және сынақтан өткізілді.
2) Құзыретті органдармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық тетігі құрылды.
3) Орталық түрлі халықаралық операцияларды үйлестіруші рөл атқарады.
11-нәтиже: ОАӨАҮО үшін маркетингтік стратегияны әзірлеу және енгізу.
Қызметі:
а) ОАӨАҮО-ның корпоративтік танымалдығын қамтамасыз ету;
b) ОАӨАҮО логотипі мен стилін әзірлеу;
с) ОАӨАҮО веб-сайтын әзірлеу және қолдау;
d) ОАӨАҮО бойынша материалдар әзірлеу;
е) Жобаның директорына/директордың орынбасарына, аға үйлестірушісіне қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдарының басшы құрамымен ұдайы кездесулерді практикалау және ОАӨАҮО-нық үйлестіруші рөлін ілгерілету және ОАӨАҮО мүмкіндіктері туралы тікелей ақпарат ұсыну;
f) Құқық қорғау органдарымен және Интерпол, Еуропол, БКҰ, ҰҚШҰ, ШЫҰ, ЭЫҰ сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты және үйлестіруді қамтамасыз ету үшін тетік (өңірлік кездесулерді қоса алғанда) әзірлеу және қолдану;
g) ОАӨАҮО қатысушылары болып табылмайтын мемлекеттердің байланыс офицерлеріне Орталық қызметі туралы ұдайы хабарландыруды қамтамасыз ету;
h) Жобаның директорына/директордың орынбасарына, аға үйлестірушісіне өңірлік және өзге де кездесулерді ОАӨАҮО туралы көбірек ақпарат тарату үшін пайдалану.
Көрсеткіштер:
1) ОАӨАҮО логотипі әзірленді;
2) ОАӨАҮО веб-сайты қолданады;
3) ОАӨАҮО туралы ақпаратты тарату мақсатында тиісті материалдар мен іс-шаралар пайдаланылады;
4) ОАӨАҮО маркетингтік танымалдығын қамтамасыз ету.
4. Ұсыныстарға өзгерістер (бар болса) - өзгерістер жоқ
5. Жобаны басқаруда және құрылымына өзгерістер (бар болса)
Сатып алуды ЮНОДК жүзеге асыратындықтан, ЮНОПС (UNOPS) ассоциацияланған орындаушы агенттік ретінде жобаны орындау процесіне тартылмайды.
6. Мониториигтегі, есептіліктегі және бағалаудағы өзгерістер (бар болса) - өзгерістер жоқ
7. Құқықтық контекст - Жаңа құқықтық контекстпен ауыстырылды.
Үкіметтермен стандартты келісім
Төменде санамаланған үкіметтер Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен Көмек көрсету туралы Стандартты Негізгі Келісімге (ККСНК) көрсетілген күні қол қойып, ККСНК осы жобалы құжат шеңберінде ЮНОДК ұсынатын көмек көрсетудегі тиісті өзгерістермен қолданылды деп келісті. Үкіметтер атап айтқанда ККСНК IX бабы (Артықшылықтар мен Иммунитеттер) және X бабы (БҰҰЖБ қызметін орындау үшін жабдықтар) аталған жоба шеңберінде ЮНОДК қызметінде қолданылатынын растайды. ККСНК XI бабы (Жұмысты тоқтата тұру немесе тоқтату) және XII бабы (Дауларды реттеу) аталған жоба шеңберінде ЮНОДК қызметіне қолданылады.
Әзірбайжан Республикасының Үкіметі - 2001 жылғы 6 қаңтар
Қазақстан Республикасының Үкіметі - 1992 жылғы 5 қазан
Қырғыз Республикасының Үкіметі - 1992 жылғы 14 қыркүйек
Ресей Федерациясының Үкіметі - 1993 жылғы 17 қараша
Тәжікстан Республикасының Үкіметі - 1993 жылғы 1 қазан
Түрікменстан Үкіметі - 1993 жылғы 5 қазан
Өзбекстан Республикасының Үкіметі - 1993 жылғы 10 маусым
Осы жобалы құжаттағы шарттарға келіспеушілік болған жағдайда ККСНК-дағы осындай шарттардай басым күшке ие болады.
Шарттар
ЮНОДК үкіметпен/үкіметтермен немесе оның/олардың атынан жалданған мемлекеттік билік органдары қызметкерлерінің, консультанттардың немесе басқа да адамдардың осы жобаны іске асыру барысында жаралануы, сырқаттануы немесе өлімі болған жағдайда жауапкершілікте болмайды. Тараптар ЮНОДК-тан Үкіметке мұндай жағдайларда өтеуі мүмкін кез келген жарақаттануды, ауруды немесе өлімді өтеуді немесе шығындарды төлеуді талап етпейді.
Үкімет/үкіметтер мұндай жағдайлардағы барабар өтемақы осы жобаға байланысты онымен/олармен немесе оның/олардың атынан тартылған барлық қызметкерлерге қарастырылатынын және қолданылатынын қамтамасыз етуі және растаулары қажет.
Құрал-жабдық
Осы жоба шеңберінде Үкімет ЮНОДК әкелетін құрал-жабдықты ОАӨАҮО құру туралы қатысушы елдер арасындағы келісімнің 22-бабына сәйкес кедендік баж салымдарымен және төлемдерден босатылады.
ЮНОДК-ты қаржысына сатып алынған құрал-жабдық қай тарап оның сатып алуды жүзеге асыратынына қарамастан, оны бергенге немесе қандайда бір тәсілмен есептен шығарғанға дейін ЮНОДК-ты жеке меншігі болып қала береді.
ЮНОДК-ты қаржысына сатып алынған құрал-жабдықтар ЮНОДК-тың келісімімен жобаны іске асыру мақсаты үшін аталған жоба барысында кез келген уақытта кез келген ұйымға/ведомствоға берілуі мүмкін. Алайда құрал-жабдықтарды соңғы сызып тастау меншік құқығын тапсыруды қоса, тиісті тараппен/тараптармен немесе ұйыммен/ұйымдармен келісу негізінде осындай шешімдерді қабылдауға талпынуы қажет ЮНОДК қабылдайды.
ЮНОДК-тың қаржысына сатып алынған құрал-жабдықтар тапсырылған ұйым/ведомство ЮНОДК-тың келісімі негізінде тек аталған жоба мақсаты үшін берілген құрал-жабдықты пайдалануды қамтамасыз етуге жауапты және оны ұстауды қамтамасыз етуге және шығыстарды жабуға міндеттенеді. Ұйым/ведомство сондай-ақ аталған құрал-жабдықты тиісті сақтандыруды қамтамасыз етуге және шығыстарды төлеуге міндеттенеді. Шығысталмайтын құрал-жабдық кезінде ұйым/ведомство аталған құрал-жабдыққа тиісті түгендеу есебін жүргізуге міндеттенеді.
Авторлық құқықтар туралы ереже
ЮНОДК осы жоба шеңберінде іске асырылатын қызмет нәтижесі болып табылатын авторлық құқықтарды және зияткерлік меншікке (құжаттар, есептер, зерттеулер, мақалалар және т.б.) тиісті құқықтарды өзіне қалдырады. Жазбаша сұрау салу негізінде жоба аяқталғаннан кейін Үкіметке/үкіметтерге осы материалдарды өтеусіз пайдалануға құқық берілуі қажет.
Міндеттерден бас тарту
Осы жобалы құжат шеңберіндегі ЮНОДК-тің қызметін іске асыру жыл сайынғы негізде ЮНОДК арқылы донор елдердің тарапынан барабар қаржыландырудың болуына байланысты. Қажетті қаржыландыру болмаған жағдайда, ЮНОДК бір жақты негізде осы құжат шеңберінде көмекке көрсетуді тоқтатуға құқылы.
Бақылау және аудит туралы ереже
Осы жоба БҰҰ-ның Ішкі бақылау жөніндегі басқармасының және БҰҰ-ның Аудит жөніндегі комитетінің бақылауына және аудиттеуіне жатады. ЮНОДК аталған бақылаудың/аудиттің жүргізілуін үйлестіреді және бақылаудың/аудиттің келісілген ұсынымдарын іске асыруды қамтамасыз етеді.
Жоба шеңберінде туындаған дауларды қайта қарау/шешу
Осы жобалы құжатқа тартылған тараптардың жазбаша келісімімен өзгерістер енгізілуі мүмкін. Осы жобалы құжаттың ережесіне кірмейтін кез келген тиісті мәселе БҰҰ органдарының тиісті қарарлары және шешімдері негізінде шешілуі тиіс. Аталған параграф шеңберінде басқа тараппен енгізілген кез келген ұсынысты әр тарап толық және оңтайлы қарастыруы қажет.
8. Жобалы бюджет
Бюджетті ң желісі |
<2007 |
2007 |
2008 |
Алдағы жылға бюджеттер |
Жалпы жоспарланған сома |
|||||
шығыстар (а) |
шығыстар (b) |
Ұсынылған өзгерістер (c) |
Шығыстар Ай саны: 5 (bx) |
Баланс (c-сx) |
2009 (d) |
2010 (e) |
>=2011 (f) |
(f=a+b+c+d+e+f) |
||
1500 |
Жобалы іссапарлар |
98,716 |
65,108 |
100,000 |
46,300 |
53,700 |
90,000 |
95,000 |
85,000 |
533,900 |
15-99 |
Барлығы: Іссапарлар |
98,716 |
65,108 |
100,000 |
46,300 |
53,700 |
90,000 |
95,000 |
85,000 |
533,900 |
1100 |
Халықаралық сарапшылар |
243,568 |
192,011 |
221,600 |
81,100 |
140,500 |
240,000 |
240,000 |
240,000 |
1,377,179 |
1150 |
Аз мерзімге халықаралық кеңесшілерді жалдау |
48,314 |
11,146 |
30,000 |
14,900 |
15,100 |
50,000 |
30,000 |
30,000 |
199,500 |
1300 |
Жобаның әкімшілік персоналдары |
0 |
0 |
0 |
||||||
1400 |
БҰҰ-ның волонтерлары |
0 |
0 |
0 |
||||||
1600 |
Жобаның персоналдарына өзге де шығыстар |
49,392 |
110,436 |
470,000 |
253,100 |
216,9000 |
105,000 |
105,000 |
105,000 |
944,900 |
1700 |
Ұлттық жоба штаты |
0 |
0 |
0 |
||||||
19-99 |
Барлығы: персонал |
341,273 |
313,593 |
721,600 |
349,100 |
372,500 |
395,000 |
375,000 |
375,000 |
2,493,500 |
2100 |
Мердігерлер |
14,436 |
9,640 |
2,519,100 |
2,000 |
2,517,100 |
2,543,200 |
|||
2200 |
Гранттар |
0 |
0 |
0 |
0 |
2,010,000 |
2,100,000 |
2,100,000 |
6,210,000 |
|
29-99 |
Барлығы: мердігерлер |
14,436 |
9,640 |
2,519,100 |
2,000 |
2,517,100 |
2,010,000 |
2,100,000 |
2,100,000 |
8,753,200 |
3100 |
Жеке стипендиялар |
181 |
1,689 |
12,800 |
2,800 |
10,000 |
50,000 |
50,000 |
30,000 |
144,700 |
3200 |
Оқу турлары |
0 |
0 |
|||||||
3300 |
Жергілікті оқыту |
0 |
0 |
|||||||
3400 |
Топтық тренингтер |
0 |
0 |
|||||||
3500 |
Кездесулер |
125,452 |
23,883 |
23,000 |
11,200 |
11,800 |
25,000 |
25,000 |
25,000 |
247,400 |
39-99 |
Барлығы: тренингтер |
125,633 |
25,572 |
35,800 |
14,000 |
21,800 |
75,000 |
75,000 |
55,000 |
392,100 |
4100 |
Шығысталатын құрал-жабдықтар |
1,276 |
196 |
15,000 |
5,300 |
9,700 |
25,000 |
30,000 |
30,000 |
101,500 |
4200 |
Шығысталмайтын құрал-жабдықтар |
59,006 |
5,261 |
10,000 |
1,800 |
8,200 |
20,000 |
20,000 |
20,000 |
134,300 |
4300 |
Ғимарат |
6,573 |
0 |
39,000 |
21,000 |
18,000 |
160,000 |
200,000 |
200,000 |
605,600 |
4500 |
Құрал-жабдықтар - жергілікті сатып алу |
0 |
0 |
0 |
||||||
49-99 |
Барлығы: құрал-жабдық |
66,855 |
5,457 |
64,000 |
28,100 |
35,900 |
205,000 |
250,000 |
250,000 |
841,400 |
5100 |
Құрал-жабдықтарды пайдалану |
17,639 |
24,669 |
31,500 |
16,100 |
15,400 |
40,000 |
55,000 |
55,000 |
223,900 |
5200 |
Есептер |
0 |
0 |
28,700 |
1,700 |
27,000 |
20,000 |
20,000 |
20,000 |
88,700 |
5300 |
Өзге де шығыстар |
2,223 |
9,406 |
6,500 |
-2,600 |
9,100 |
6,500 |
6,500 |
6,500 |
37,700 |
5400 |
Жалпы операциялық шығыстар |
6,776 |
6,503 |
47,000 |
-400 |
47,400 |
60,000 |
60,000 |
60,000 |
240,300 |
5500 |
Өкілдік шығыстар |
0 |
0 |
|||||||
59-99 |
Барлығы: өзге де |
26,638 |
40,578 |
113,700 |
14,800 |
98,900 |
126,500 |
141,500 |
141,500 |
590,500 |
(а) 90-99 |
Барлығы |
673,551 |
459,948 |
3,554,200 |
454,300 |
3,099,900 |
2,901,500 |
3,036,500 |
3,006,500 |
13,632,200 |
5601 |
Есепті агенттік шығыстары |
6,471 |
6,789 |
0 |
0 |
13,300 |
||||
Барлығы: Бөлінген қаржы |
680,022 |
466,737 |
3,554,200 |
454,300 |
3,099,900 |
2,901,500 |
3,006,500 |
3,006,500 |
13,645,500 |
|
5602 |
РПП ЮНОДК |
76,080 |
53,004 |
462,000 |
59,000 |
403,000 |
377,200 |
394,700 |
390,800 |
1,753,800 |
5603 |
Бірлескен жоба бойынша РПП ЮНОДК |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
||||
(b) 56-00 |
Жобаны қолдау бойынша шығыстар |
82,551 |
59,793 |
462,000 |
59,000 |
403,000 |
377,200 |
394,700 |
390,800 |
1,767,100 |
0 |
0 |
|||||||||
(c=a+b) |
Барлығы (Барлығы + РПА) |
756,102 |
519,741 |
4,016,200 |
513,300 |
3,502,900 |
3,278,700 |
3,431,200 |
3,397,300 |
15,400,000 |
(d) |
Бөлінген қаржы үшін резерв |
|||||||||
(е=c+d) |
Барлығы |
756,102 |
519,741 |
4,016,200 |
513,300 |
3,502,900 |
3,278,700 |
3,431,200 |
3,397,300 |
15,400,000 |