Акцияларды (қатысу үлестерін) өткізу күніне заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлік) капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын (табылған) тұлғалардың (тұлғаның) мүлкінің үлесін айқындау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 наурыздағы N 332 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 208 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.04.2018 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 197-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Акцияларды (қатысу үлестерін) өткізу күніне заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлік) капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын (табылған) тұлғалардың (тұлғаның) мүлкінің үлесін айқындау ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 16 наурыздағы
N 332 қаулысымен
бекітілген

Акцияларды (қатысу үлестерін) өткізу күніне заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлік) капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын (табылған) тұлғалардың (тұлғаның) мүлкінің үлесін айқындау ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Акцияларды (қатысу үлестерін) өткізу күніне заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлік) капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын (табылған) тұлғалардың (тұлғаның) мүлкінің үлесін айқындау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 197-бабына сәйкес әзірленді.

      Осы Ереже акцияларды өткізу күніне заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлік) капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдаланушылары (жер қойнауын пайдаланушысы) болып табылатын (табылған) тұлғалардың (тұлғаның) мүлкінің үлесін айқындау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Ережені Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдаланушыларының (жер қойнауын пайдаланушысының) акцияларын (қатысу үлестерін) иеленетін адамдар (резиденттер мен резидент еместер) заңды тұлғаның немесе консорциумның акцияларын (қатысу үлестерін) өткізу кезінде қолданады.

2. Үлесті айқындау тәртібі

      3. Акцияларды (қатысу үлестерін) өткізу күніне заңды тұлғаның жарғылық (акционерлік) капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) мүлкінің үлесі акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға акцияларын (қатысу үлестерін) иеленетін Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдаланушылары (жер қойнауын пайдаланушысы) мүлкінің құны сомасының осындай заңды тұлға активтерінің жалпы құнына қатынасы ретінде айқындалады.

      4. Осы Ереженің мақсаты үшін Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдаланушысы мүлкінің құны деп (оның ұйымдастыру-құқықтық нысанына байланысты):

      акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға иеленетін осындай Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдаланушысындағы қатысу үлесінің;

      акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға иеленетін осындай Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдаланушысы шығарған акциялардың баланстық құны танылады.

      Акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға активтерінің жалпы құны деп осындай заңды тұлғаның барлық активтерінің баланстық құнының сомасы танылады.

      5. Қатысу үлесін өткізу күніне консорциумның қатысу үлесінің құнындағы жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) мүлкінің үлесі акцияларын (қатысу үлестерін) қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар иеленетін Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдаланушылары (жер қойнауын пайдаланушысы) мүлкінің құны сомасының осындай қатысушылар активтерінің жалпы құнының сомасына қатысты ретінде айқындалады.

      Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдаланушысы мүлкінің құны және консорциумның әрбір қатысушысы активтерінің жалпы құны осы Ереженің 4-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалады.

      6. Осы Ереженің 4 және 5-тармақтарының мақсаттары үшін баланстық құн акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлестері өткізілетін консорциумға қатысушылардың:

      1) акцияларға (қатысу үлестеріне) меншік құқығын сатып алушыға беру күніне;

      2) сатып алушыға акцияларға (қатысу үлестеріне) меншік құқығын беру күніне жеке қаржылық есептілік болмаған кезде - сатып алушыға акцияларға (қатысу үлестеріне) меншік құқығын беру күнінің алдындағы соңғы есепті күнге осындай заңды тұлға немесе консорциум құрылған мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған және бекітілген жеке қаржылық есептілігі деректерінің негізінде айқындалады.

      7. Салықтық тексеру барысында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық органы осындай аудит жүзеге асырылған кезде акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлғаның немесе консорциумға қатысушылардың жеке қаржылық есептілігінің аудиті бойынша аудиторлық есептің көшірмесін сұрауға құқылы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады