Орман қоры жерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы N 380 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 130-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Созақ ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - мекеме) орман қоры жерінен алаңы 3315,5 гектар жер учаскелері өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер санатына ауыстырылсын.
      2. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысының "Буденовское" кен орнының N 1, N 3 және N 4 учаскелерінде қатар қолданатын уранды барлау мен өндіруді жүргізуге арналған 2007 жылғы 20 қарашадағы N 2487 және 2007 жылғы 20 қарашадағы N 2488 келісім-шарттарға сәйкес уранды барлау мен өндіруге осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерін заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақбастау" бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қоғам) беруді қамтамасыз етсін.
      3. Қоғам қолданыстағы заңнамаға сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін және алынған сүректі мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                          К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 20 наурыздағы
N 380 қаулысына  
қосымша       

Орман қоры жерінің санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер санатына ауыстырылатын Оңтүстік Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Созақ ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесі жерінің экспликациясы

Жер пайдаланушылардың атауы

Жалпы алаңы, гектар

Соның ішінде

орман көмкерген

егістік

жайылым

орман өспеген жерлер

кеніш

өзге жерлер

"Созақ ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесі

3315,5

251,4

-

-

3064,1

-

-

Барлығы

3315,5

251,4

-

-

3064,1

-

-

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады