Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы N 392 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы N 392 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы N 392 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж. N 20, 201 құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлыққа 8-қосымшадағы "Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы - ішкі қызмет генерал-майоры" деген жолдағы "ішкі" деген сөз "өртке қарсы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев