Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы N 686 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 сәуірдегі N 461 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы N 1421 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.09 N 1421 (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Күзет қызметін, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оларды жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы N 686 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, N 27, 320-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген күзет қызметін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарында:
      1-тармақтың 4) және 5) тармақшалары және 2-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарында:
      1-тармақтың 3) тармақшасындағы "және осы мамандық бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің" деген сөздер алынып тасталсын;
      2-тармақтың 2) тармақшасындағы "және осы мамандық бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады