Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Еуразиялық экономикалық қоғамдастық пен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының саммиттеріне қатысу үшін Қазақстан Республикасының делегациясын Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберу туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы N 91
қаулысына
мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі:
Қайрат Нематұлы Келімбетовті, Григорий Александрович Марченконы, Әуелбек Тұрсынұлы Тоқжановты және Ержан Нығматоллаұлы Ашықбаевты қоспағанда, делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Мәскеу - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға;
Ержан Нығматоллаұлы Ашықбаевқа қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Мәскеу - Алматы бағыты бойынша 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін.".
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов