"Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 1509 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 мамырдағы N 646 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 1509 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 1509 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 25-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 1509 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 51, 675-құжат; 2006 ж., N 41, 446-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесі туралы ережеде:
      5-тармақтың 3) тармақшасындағы "шетелдік" деген сөз алып тасталсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады