Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 1211 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
"Бюджеттік бағдарламалар" деген 6-бөлімде:
алтыншы абзацта "15 321 063" деген сандар "15 237 281" деген сандармен ауыстырылсын;
1-тармақта "7 982 213" деген сандар "7 936 127" деген сандармен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзацта "63 957" деген сандар "26 261" деген сандармен ауыстырылсын;
3-қосымшада күрделі шығындарға бағытталған бюджеттік бағдарламаның нысанында:
"2009 жыл" деген бағанда:
"Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің материалдық-техникалық жарақтандыру" бюджеттік бағдарламасында "40, 5, 3, 1, 40, 2, 2, 1, 110, 1, 40, 265, 37 696" деген сандар алып тасталсын;
"Жер ресурстарын басқару саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер" бюджеттік бағдарламасында "7, 100, 1, 46 086" деген сандар алып тасталсын;
4-қосымшада:
"2009 жыл" деген бағанда:
"2. Әзірлеуге жататын бағдарламалар, соның ішінде:" деген жолда "4 120 453" деген сандар "4 036 671" деген сандармен ауыстырылсын;
"Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар" деген жолда "4 120 453" деген сандар "4 036 671" деген сандармен ауыстырылсын;
"002 "Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігін материалдық-техникалық жарақтандыру" бюджеттік бағдарламасы" деген жолда "37 696" деген сандар алып тасталсын;
"006 "Жер ресурстарын басқару саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер" бюджеттік бағдарламасы" деген жолда "46 086" деген сандар алып тасталсын;
"Шығыстар сомасы, соның ішінде:" деген жолда "4 120 453" деген сандар "4 036 671" деген сандармен ауыстырылсын;
"Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар" деген жолда "4 120 453" сандар "4 036 671" деген сандармен ауыстырылсын;
5-қосымшада:
"2009 жыл" деген бағанда:
"Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі" деген жолда "4 120 453" деген сандар "4 036 671" деген сандармен ауыстырылсын;
"1-стратегиялық бағыт. Жер ресурстары бойынша актуалды мәліметтерді құру және жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың тиімділігін жоғарылату" деген жолда "2 412 573" деген сандар "2 328 791" деген сандармен ауыстырылсын;
"1.1-мақсат. Жер ресурстары туралы пайдаланушылар берген ақпараттың толықтығын және анықтығын қамтамасыз ету" деген жолда "1 830 880" деген сандар "1 784 794" деген сандармен ауыстырылсын;
"006 "Жер ресурстарын басқару саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер" бюджеттік бағдарламасы" деген жолда "46 086" деген сандар алып тасталсын;
"1.2-мақсат. Қазақстан Республикасының жер заңнамасын жер қатынастары субъектілерінің бұзуын төмендету" деген жолда "581 693" деген сандар "543 997" деген сандармен ауыстырылсын;
"002 "Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің материалдық-техникалық жарақтандыру" бюджеттік бағдарламасы" деген жолда "37 696" деген сандар алып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов