Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 наурыздағы N 421 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 мамырдағы N 725 Қаулысы

      "Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 289 өкіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының делегациясын Әбу-Даби қаласына (Біріккен Араб Әмірліктері) іссапарға жіберу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 наурыздағы N 421 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі:
      Марат Бақытжанұлы Бекетаевты, Мұрат Байсынұлы Байсыновты және Ерлан Тоқтарханұлы Қожағапановты қоспағанда, Қазақстан Республикасының делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Алматы - Дубай - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға;
      Марат Бақытжанұлы Бекетаевқа қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Алматы - Дубай - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға;
      Мұрат Байсынұлы Байсыновқа және Ерлан Тоқтарханұлы Қожағапановқа қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Алматы - Дубай - Әбу-Даби - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін".
      2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады