Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12 және 45-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мына мекемелерге:
1) "Жамбыл облысы әкімдігінің Қордай ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Қордай орман мекемесі) алаңы 184,3 мың гектар мемлекеттік орман қорының учаскелері;
2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік орман қорының учаскелері "Жамбыл облысы әкімдігінің Бурыл байтал ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" және "Жамбыл облысы әкімдігінің Жуалы ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемелеріне орман иелену құқығымен берілсін.
2. Қордай орман мекемесіне орман иелену құқығымен берілген мемлекеттік орман қорының учаскелері "егіс-топырақ қорғау ормандары" санатына жатқызылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 19 мамырдағы
N 744 қаулысына
қосымша
Орман иелену құқығымен берілетін мемлекеттік орман қоры
учаскелерінің экспликациясы
алаңы мың гектармен
Р/с |
Аумағынан мемлекеттік орман қорының учаскелері берілетін мемлекеттік мекемелердің атауы |
Мемлекеттік орман қорының учаскелері берілетін мемлекеттік мекемелердің атауы |
|
Жамбыл облысы әкімдігінің Бурыл байтал ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі |
Жамбыл облысы әкімдігінің Жуалы ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Жамбыл облысы әкімдігінің Мойынқұм ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі |
247,1 |
- |
2. |
Жамбыл облысы әкімдігінің Көктерек ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі |
145,3 |
- |
3. |
Жамбыл облысы әкімдігінің Жамбыл ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі |
- | 103,9 |
---|---|---|---|
Жиыны: |
392,4 |
103,9 |